Субъектінің өз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін
мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың төмендегі
позицияларының бірін өзіне алуға қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды
құрайтын мәдени түрлердің қорын сақтаушы, таратушы, жүйелеуші,
құрушы және
ұйымдастырушы рольдерінің бірін атқарады. Ол қызметтер
сипаты төмендегідей:
− мәдени қорын сақтаушы– мәдени үрдісті, дәстүрлі қалыпты ұстану,
инновацияны қабылдамау;
− таратушы– сан түрлі жаңалықтардың бір ғана бағытын ұстану және
оның мәдени және әлеуметтік маңызын көтере отыры, таратылуын белсенді
ықпал ету;
− жүйелеуші– таратушының қызметіне қарама–қарсылық мақсатында
мәдени жаңалықтарды жүйелеу, түрлерге бөлу, теориялар құрастыру;
− құрушы–
бұл кейде өзінің сипатына сай
жаңалықтар тудырушы деп
аталады;
− ұйымдастырушы– жоғарыда аталған барлық позициядағы
субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және ұйымдастыру қызметі.
Жоғарыда аталған позициялардың ішінен мәдениет құрушы тұрғысын
қарастыратын болсақ, ол көбіне жобалаушының позициясына сәйкес келеді.
Ол үшін «мәдениет– өзінің айналаға көзқарасын білдірудің, өзіндік
тәжірибесін жариялаудың, өз түсінігін көрсете отырып, оны дәлелдеудің
орны болып табылады». Бұл жерде парадигмалық–құндылықтық негіздеме
басты орын алады, ал соның негізінде ұжымдағы келісімге келудің принципі
– коммуникативтік, немесе әр адаммен тіл табысу арқылы келісім
жасалынады. Коммуникативтік принциптің сипаттамалық белгілері ретінде
кәсіби позициялардың мазмұнымен алмасу, тақырыпты жалпылау талдау,
талдау кезінде барлық қатысушылардың позициялары тең сақталуы, бір
бірінің құндылықтық позицияларын түсіну және қабылдау сияқты
адамдардың әлеуметтік болмысының ерекше түрі алынады. Осыған орай,
«адамның мәдениеті оның белгілі бір ортада өзін ұстай алуынан көрінбейді,
бұл қасиеттер оның тәрбиелілігі мен дәстүрді сақтауына байланысты...,
адамның мәдениеті оның өзіне бейтаныс жағдайға немесе құбылысқа тап
болған кезде оны басқа да құбылыстар қатарына қоя ма, әлде ерекше
құбылыс деп есептей ме, немесе, жат құбылыс ретінде жойып жіберуге
тырыса ма, әлде қажетсіз деп қабылдамай ма, содан білінеді» деген пікілер
де бар.
Ұйымдастырушы позициясы үшін мәдениет дәстүрлілік пен
инновациялықтың күресі ретінде көрінеді. Жаңа мен бұрынғының
арасындағы қарым –қатынас дамуының төмендегі бағыттары белгілі болып
отыр, олар: экспанция, ассимиляция, даму, шығармашылық, алмасу,
қайталану, аннигилиция.
Жобалаудың дамыту мақсатын көздейтінін ескере отырып оның
мәдениет түрлері қабатындағы түсінігін анықтап алу қажет. Мәдениет
контекстінде дамыту дәстүрлілік пен инновациялықтың өзара келісімі
негізінде пайда болатын жаңа түзілім деп қарастырылады. Мәдениетті
ұйымдастырушының назары ең алдымен жобалаудың құралдары мен
механизміне, білім берудегі жобалардың жүзеге асырылуына аударылады.
Сонымен қатар, жобалаушының өзі ұстанған және таңдаған жобалау
әрекетін транформациялау және нормаландыру тәсілдеріне де қатысты
болады. Мысалы, оларды ретімен қарастырып көрейік:
− ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет
түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–қатынас жеке бас тұрғысынан
жасалса, онда жобалау әрекеті формальды түрде орындалады;
− ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген
қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі жобалаудың үлгісі ретінде
өміршеңдігі мен нәтижелілігін дәлелдеген жобаның нормаларын алып, оны
дәлме–дәл сақтауға тырысады;
− ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген түрі жобалау
әрекетін нормалауда ізденістік зерттеулердің мәтіндік жазбалары мен мен
теориялық зерделенуіне назар аударады;
− ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық
мәдениетке негізделген түрінің басым назары жобалаудың жаңа
технологиялық жолдары мен мәдениетін, атап айтқанда, жобалау әрекетінің
технологиялық сызбаларын құрастыру мен беруге аударылады.
Жобалаудағы негізгі идеяны беруді нормаландыру тәсілдерінің бір–
бірінен айырмашылығын салыстыратын болсақ, кәсіби мәдениетке
негізделген түрде – мәтін ретінде, корпоративтік–қолөнершілікке
негізделген түрде – қатаң үлгі ретінде, ал технологиялық мәдениетке
негізделген түрде – негізгі идея экрандық бейнеде, немесе көрініс түрінде
болып келеді. Бұл – жобалаудың басты белгілерінің бірі, өйткені, жобалау
арқылы қайта жаңарту үрдісі берілген үлгіні қайталауға да, мәтіндік сипатты
құрастыруға да ұқсамайтын үрдіс. Экрандық бейне, немесе көрініс ретіндегі
идеяның ерекшелігі семиотикалық таңбалау құралдары–схемалар, сызбалар
арқылы әртүрлі тұрғыдағы идеялар мен ойларды бірыңғай көріністерге
айналдыру мүмкіндігінде деп есептеледі.
Сөйтіп, мәдениет контекстінен, дәлірек айтқанда, технологиялық
мәдениет
тұрғысынан
қарастырғанда,
жобалауды
инновацияларды
тасымалдаудың негізгі жолы деуге болады. Сонымен қатар, оны
орындаушылардың өзара коммуникативтік және тұлғалық құзыреттік қарым-
қатынастарының болуы және жобалау барысында міндетті түрде
технологиялық сызбалар мен идеяларды қарастыру көрініс ретінде
пайдаланылуы тиіс.
Егер жобаны жүзеге асыру жүйенің белгілі бір бөлігіне өзгеріс әкелетін
болса, бағдарламаларды жүзеге асыру жүйеге белгілі бір үрдісті, әрекеттерді
алып келеді. Мысалы, жобалық бағдарламалар күрделі, кешенді жобаларды
құрастырумен қатар оларды ұйымдастырушылық - технологиялық жүзеге
асырады.
Достарыңызбен бөлісу: