немесе болашақтағы атаудың мүмкін болатын күйін, перспективасы туралы
қалыптасу үшін қолданылады.
Құрастыру бастапқыда инженерлік әрекет түрі ретінде пайда болады;
құрастыру инженерлік объектті не жүйені белгілі бір үйлесімділікте
құрастырумен байланысты, содан соң өндірісте құрылады. Көбінесе бұл
жағдайда типтік, стандартталған элементтер(бөлшектер) қолданылады,
осылардың үйлесімділігінен жаңа өнім шығады.
Құрастырудың қазіргі таңдағы түсінік ауқымы кеңеюде. Мысалы, әлеуметтік
салада, құрастыру әлеуметтік байланыстар жүйесін табу, нақтылау, өңдеу
мен орнату мағынасында қолданылады. Құрастыру мен жобалау оның
пәндік іске асырылуына түпкі ой үйлесімділігінің жүйелі кезеңі. Құрастыру
үрдісінде жобаланатын объект элементтері, бөлшектері өңделеді, ол
жобалауда осы элементтердің өзара байланысты жүйесі құрылады, өңделеді
және жоба дайындалады.
Жобалау,сонымен қатар, үлгілеумен байланысты, үлгілеу әртүрлі табиғат
объектілерін олардың ұқсастығында (үлгіде) зерттейді.
Үлгі (лат. modulus- өлшем, үлгі, норма) – бұл элементтер арасындағы
қатынас пен қасиеттің бейнеленген немесе жүргізу құрылымының және
зерттелінетін объектінің схема, суреттеу, физикалық конструкция не
формула түрінде құралған үлгі.
Үлгі материалдық (пәндік) және идеалдық болуы мүмкін. Материалдық үлгі
объектінің (мысалы, архитекторлық құрылыс үлгісі, самолет үлгісі)
геометриялық (физикалық, динамикалық, функционалдық) сипатын
айқындайды. Идеалдық үлгі – объектінің бейнелік не белгілік түсінігі
(мысалы, математикалық, физикалық үлгі).
Үлгілеу жобалауда шынайы өмірде кездеспеген не олар қандайда бір
себеппен белгісіз объектіні атауды, үрдісті таныстыру мен қайта
қалыптастыру үшін кең қолданылады. Үлгі объект, атау мен үрдістің жеке
аспектілерін бөліп көрсетуге, оның берік қасиеттерін анықтауға, соларға
сүйеніп іс жүргізуге және оларды дәлірек логикалық сараптауға салуға
мүмкіндік береді.
Жобалау саласында үлгі мыналарға мүмкіндік береді:
• Объект не атау бейнесін құруға;
• Шынайы үрдісті болашақтағы әрекетімен елестетуге;
• Жобалаудың мүмкін болатын нәтижелелеріне қол жеткізуге, салыстыруға,
бағалауға;
• Мәселені шешудің балама нұсқаларының бірін негізді таңдауға.
Жобалық процедура шеңберіне болашақтағы объект, үрдіс пен атау үлгілерін
құру жатады, сондықтан үлгілеу жобалаудың бір бөлігі ретінде қарастыруға
болады.
Сонымен, жобалау ақыл-ой әрекетінің басқа түрлерімен де байланысы бар,
олардың әдісін жобалық мақсатты іске асыруда қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: