Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім
беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады.
- жоба идеясы оқу процесінде, немесе басқа да ситуацияларда
пайда болуы мүмкін;
- жобаны орындаудың өзі кластағы сабақтан тыс, жобаның
мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана,
кітапхана, интернет – класс, т.б.
- жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына
сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция,
фестиваль, т.б.
Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады.
Мысалы, бастауышта 1 – 2 күн бұрын жоспарланса, 5 – 6 сыныпта 2 апта
айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9
сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады.
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден
көруге болатынын қарастырайық. Олар:
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау
мүмкіндігін ескере отырып жасалуы;
Оқушы (топ):
- тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын
уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды;
- тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын,
орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі;
- тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта
алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.);
Осылайша, міндеттерді орындаудан – оның кезеңдерін жоспарлау,
бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар
жалғастырылады.
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі
жұмыстарды орындайды:
- тақырып таңдайды;
- жұмысты орындау жолдарын таңдайды;
- жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды;
- жоба өнімін жасайды;
- қорытынды
өнімнің
нәтижелерін
көрсетудің
түрлерін
анықтайды;
Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы
тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін «белгі» де тұруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |