Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет99/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   315
Байланысты:
лекция

жету үшін  құрылатыны, саналы түрде қойылған мақсат  бұдан кейін оны 

жүзеге  асыру  барысында  қалыптасатын  белгілі  бір  түпкілікті  нәтижеге 

айналады.  Сөйтіп,  педагогикалық  жобалардың  мақсатқа  сәйкес  іс 

әрекеттердің  орындалуына  байланысты  оның  мақсаттылық,  мақсатқа  

ұмтылушылық қасиеті белгіленеді. 

Мысалы,  педагогикалық  жүйе  ретіндегі    дәстүрлі  сабақ  процесін 

алатын болсақ, оның  білімдік, дамытушылық және тәрбиелікке негізделген  

мақсаты сабақтың құрылымдық бөліктеріне (тапсырманы тексеру, қайталау, 




жаңа  тақырыпты  меңгеру,  бекіту,  қорыту)  қатысты  таратылады,  яғни 

сабақты әр бөлігінің мақсаты айқындалады.  

Педагогикалық  жүйе  ретіндегі  еліміздің  жалпы  білім  беру  жүйесі 

алынатын  болса,  оның  мақсаты  жоғары  білім  беру  жүйесі,  техникалық  - 

кәсіби  білім  беру  жүйесі,  жалпы  орта  білім  беру  жүйесі,  мектепке  дейінгі 

білім  беру  жүйесі,  педагогтардың  кәсіби  біліктілігі  арттыру  жүйесі,  т.б. 

мақсаттарына қатысты декомпозицияланады.  

Одан кейінгі кіші жүйелердің әрқайсысының өзіндік мақсаттарына сай 

алынатын  түпкілікті  өнімді  білдіретін  күтілетін  нәтиже      белгіленеді. 

Мақсаттар жүйесінің деңгейлері жүйенің күрделілігіне қарай тағы да одан да 

кіші  элементтерді  қамтып,  одан  әрі  сатылануы  мүмкін.  Сондықтан,  шартты 

түрде 


аяқталған 

құрылымдық 

мақсаттар 

жүйесінің 

таралымы 

(декомпозициясы)  одан  әрі  -  төртінші  деңгейде  –  кіші  жүйелердегі    іс  - 

әрекеттердің  мақсаттарымен    жалғасады.  Оларды  құрастыру  үшін  ең  кіші 

жүйелердегі  басқару  қызметінің  «кіруден»  бастап,    «шығуға»  дейін 

қамтитын іс - әрекеттерді қарастырылады.  

Іс  -  әрекеттердің  таралымы  (декомпозициясы)  басқару    қызметінің  

типтік моделіне негізделіп, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру мен реттеу, 

ынталандыру, бақылау,   талдау элементтерінен тұрады. 

 

Кіру                                                                                        Шығу:                                                                                                                 



                  ПА            МҚ              ЖҚ              ЖА              ББ 

 

  



Cурет 11 − Мақсаттық- бағдарлы жобаларды ұйымдастыру   кезеңдері 

Соңғы,  бесінші  деңгейдегі  қызметтік  мақсаттарды  декомпозициялау 

төмендегі  мақсаттық-  бағдарлы  жобалау  қызметінің  кезеңдері  негізінде  

жүргізіледі: 

Мақсаттық-  бағдарлы  жобалау  қызметін  ұйымдастыру  кезеңдері 

жоғарыда  көрсетілген  бағыттар  ретімен  жүргізіледі,  суреттегі  шартты 

белгілердің мәні:  

ПА - проблеманы анықтау

МҚ    -  проблема  анықталғаннан  кейін  оны  мақсатты  -  бағдарлы 

жобалау қызметі  арқылы шешу мақсатын қою; 

ЖҚ  -  жобалар    құрастыру:  оның  тиімділік  көрсеткіштерін  белгілеу, 

варианттарын қарастыру арқылы тиімді жобаны бекіту; 

ЖА - қабылданған шешімді жүзеге асыру, орындау; 

ББ    -    жобаны  жүзеге  асыру  барысын  бақылау,  орындалу  нәтижесін 



бағалау (сурет 11).  

Жүйелік  тұрғыдан  басқару  категорияларына  сай,    педагогикалық 

жүйені  басқаруда  орын  алып  отырған  проблеманы  шешу  жолы  –    нақты  

мақсат  қою,      басқару  қызметін  жүйелі  ұйымдастыру,  ондағы  адам 

ресурстарының  сапасын  жетілдіріп  отыруға  жағдай  туғызу  арқылы  негізгі 

процестерді  дамыту.  Проблеманы  шешу  мақсаттық  -  бағдарлы  жобалар 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет