Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Христиан дінінің пайда болуы мен тарихы



бет11/17
Дата07.01.2022
өлшемі111,33 Kb.
#20840
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
darister

Христиан дінінің пайда болуы мен тарихы

Жоспар:
1.Інжілдің мәдени тарихы және маңызы.

2.Христиан дінінің пайда болуы мен тарихы.

3.Христиса діні – парасаттылықтың негізгі белгісі.
Әлемдік ірі діндердің бірі – хртстиян діні б.з.I ғасырда Палестинада.Рим империясында пайда болды.Ол крестегі өзінің азапты өлімімен барлық адамдардың күнәсін кешірген Иисус Христостың кешірімдік жасаудың маңызы кушті екенін көрсету.Екінші жоғарыдан сопы мен күнәләнің жасаған ісін мадақтап немесе жазалау үшін сотқа Христтің келуіне сену.

Еврейлердің кітабы Інжілде (Библия) құдайдың әлемді жаратқаны туралы аңызында жұмақта Адам мен оның қабырғасынан жаралған Хауа өмір сүреді.Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп қойғаннан соң Құдай оларды жұмақтан аластайды,жаманшылық пайда болады.Осыдан барып көптеген діндер мен сенімдерде Жер бетіндегі жаманшыдықтың себепшісі болған.

Інжілдің екінші бөлімі Евангелияға сәйкес ,Иисус (Құранда Иса) Вифлиемде,мал қамайтын қорада туылады,Оның шешесі 14 жасар Мария мен шартты турде әкесі 64 жастағы ұста Иосуф(Жүсіп)иудейлердің қаласы Назареттен шыққан.Мария қыз қасиетті рухтан бала көтерген деп есептелінеді,осыдан барып«бейкүнә жүктілік»делінеді.

30-дан 33 жасқа дейін Иисус 12 шәкіртіне (апостолдарына)өзінің көзқарастарынуағыздай бастады.Ол адамдардың бәрі бірдей,ертеңгі куні ушін қам жемеу керек екендігі,сауда жасамау,жаманшылық жасағандардың бәріне кешірім жасау туралы әңгімеледі.Қайыршыларды,есуастарды Құдай жарылқайды.Байлар жұмаққа бармайды.Христқа деген сенім ушін,отбасын,туғандарын және т.б. тастаған жөн екендігін айтады.Судан шарап алды,науқастарды сауықтырып жіберді және т.б. ғажайыптарды жасады.

Оның замандастары Назареттен шыққан Иисусты алаяқ,жалқау кезбе,иудеи қоғамның негізін шайқатушы деп есептеп,еврейдің дінбасылары қасындағы екі қарақшысымен бірге өлім жазасына бұйырылып,қолдарынан креске шегеленіп,асылып тұрды,6 сағаттан соң оларды өлді деп санап,табытқа сап үңгірге апарып қойды.Жаза жұма куні өткізілді.Көріп тұрғандар үйлеріне қайтты,сенбі иудеилердің демалыс күні еді.Біршама уақыттан соң Христің мәйітін алуға келгендер үңгірден оны таппады.Үшінші күні оның екі ізбасары,ал 40 күннен соң басқа да апостолдары оны кездейсоқ кездестіріп қалады.

Өлген Христің тірілгені туралы,сондай-ақ оның Үндістанға кетіп,сонда 76 жасында жерленгені немесе осызаманғы-оның әкесі римнің әулие әкейі болғаны.Мария ұйқыда жатқанда «ақ киімді періштенің»оны азғырғанын айтқаны туралы аңыздар таралды.

Белгілі бір өлімнің таратушылары өздерінің идеалдарына халыққа ұнасымды сипатты берді.

Христиан дінінің орнауында иудаизм аса маңызды роль атқарды.Жаңа өсиет кітаптарын,тек екеуінен басқасын иудейлер жазды.Жаңа өсиеттің негізгі құдай,адам,күнә,құтұару,заң,рахат,сиыну туралы ілімі б.з.д.IX ғасырдағы жазылған көне өсиеттің тамырында жатыр.Еврей отбасында,Назарет жерінде дүниеге келген Иисустың өзі барлық еврей нәрестелері сияқты сүндеттелген және еврей заңы-Талмудтың кейбір ережелерін орындамағаны үшін раввиндер өлім жазасына кескен.

Христиандардың киелі кітабы-Библия (Інжіл).Оның қағидалық мәтіні б.з.д.III ғасырға дейін жазылған.Ол көне өсиеттің 39 кітабынан және б.з.I-II ғасырларда жазылған Матвей,Марк,Лука және Ионна деген 4 інжілден (евангелия),апостлдар іс-әрекетінен,21 Жолдаудан (Послание),Иоанна Богасловтың (Апакалипсис) Аян беруінен (откравение) тұратын Жаңа өсиеттің 27 кітабынан тұрады.

Киелі жазумен қатар католиктер мен православиеліктерде діни ілімге шіркеу әулие әкейінің іс-әрекеті,ғалам соборларының шешімдері енетін Киелі аңыз (предание) енеді.

Християндық 12 ережеден тұратын « Діни белгілер» I және II ғаламдық соборларда б.з. IV ғ.қабылданды.

Християрдық конференция он Көне өсиеттіктің ізгілік туралы жазбаша жарлығын мойындайды(Моисейдің Декалогі).

1.Менің алдымда басқа құдайлар болмайды (құдайдың жалғыздығы).

2.Өзіңе ешімді пір тұтпа (өзіңе бір кескінді елестетіп,соған бас июге тыйым салу).

3.Өз құдайыңның атын жөнсіз атама.

4.Құлшылық ету үшін сенбі күнді ұмытпа (Християндар үшін Жексенбі қасиетті күн).

5.Өз әкең мен шешеңді құрметте.

6.Өлтірме (бірақ соғыстағы өлім мен айыптыны өлім жазасына кесуге қарсы болмайды).

7.Зинақорлық жасама.

8.Ұрлық жасама.

9.Өз жақыныңа жала жаппа.

10.Жақыныңа қызғаншақтық жасама.

Християн дінінің негізгі үш бағыты бар.Олар:православие,католиктік.протестанттық,олар әртүрлі тармақтар,секталарға тарайды.

Християн дінінің пайда болуы мен таралуы ежелгі өркениеттің үлкен дағдарыс кезеңіне тап келді.Христиан дінінің ілімі дағдарыс кезеңіндегі Рим қоғамдық құрылымын өзіне қаратты.Ол барлығына адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейімді екендігін.сондықтан оларды Христиан шіркеуі ғана құтқаратынына сендіріп.өз ішіне келуді ұсынды.

Христиан діні мемлекеттік билікті өзгертпей-ақ құл иеленушілік құрылысты жоя алды.Адамдар христиан дінін қабылдай отырып құлшылықтан құтылды,бірақ сол мезетте-ақ мойындарын діни қамытқа созды.

Алғашқы христиандық қауымдардың өзі-ақ өздерінің мүшелерін тек өздері туралы ғана емес,барлығын құтқару үшін сиыну керек деп үйретті.Өте үлкен Рим империясының қауымдары осыдан өздерінің бірлігін сезінді.Жаңа өсиет бойынша«эллин де жоқ,иудей де жоқ,құл да жоқ»деген ұранмен барлық діндарлардың исламдағы сияқты құдай алдындағы теңдігін жариялады.Сонымен бірге ол христиан дінінің ұлттық және тілдік шегі жоқ әлемдік дін болып дамуын анықтады.

Провославие-Христиан дінінің шығыс тармағы.Бұл 1054 жылы шығыста шіркеу ақсүйектер билігіне бағынған Константинополь(Стамбул қаласы)және батыста билікті Римдік (Ватикан)Папа жүргізетін екіге айырылған соң өз бетінше дамыған дін.Православиедебәріне ортақ діни орталық жоқ ,тек автокефальды(өз бетінше жеке-дара)шіркеулер жұмыс істейді.Орыстың православиелік шіркеуі(ОПЩ-РПЦ)988 жылдан қызмет жасайды.Оны Мәскеу Патриархы басқарады.

Христиан дінінің батыстағы тармағы – католиктік қатаң иерархиялық ұйымымен ерекшеленеді.Оның билік басында Рим Папасы тұрады.Католик дінінде 1 млрд.адам осы дінді ұстанады,олар 200 мың приходқа біріккен.

Христиан дінінің көптеген ережелерімен сәйкес келгенмен католтктік догматтың өз ерекшеліктері бар.

Протестанттық – христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі.Ол өз бетенше жұмыс істейтін көптеген шіркеулерді біріктіреді.Бұл діни ағымның шығу тегі XVI ғ.Еуропа діни ғалым,Франсискан орденінің (Германия) тақуасы Мартин Лютер (1483- 1546) бастаған католиктерге қарсы қозғалыс – Реформациямен байланысты.Реформацияның келесі бір ірі тұлғасы,барлық адамдарды таңдаулы және айыпты деп бөлуге болады деген абсолютті болжам ілімін жасаған Жан Кальвин (1509 - 1564).Дінге сенсе де,қандай игі іс атқарса да адам өз тағдырын өзгерте алмайды.Иисус Христостың өзін біздің күнәміз үшін зардап шегуге құдай таңдаған.

Христиан дініндегі ең негізгі эстетикалық құрдылық бұл – Құдайдың өзі.Құдай – бұл,өзін құрметтейтін, оған сенетін халықтардың барлығына деген сүйіспеншілік.Ол үшін таңдаулы халық жоқ.Бір халықтың екінші халықтан артықшылығы хритсиан діні үшін жат.

Христиан діні алғаш рет парасаттылық өсиеттерін тыйым салу арқылы емес,қоштау-қолпаштау түрінде берді.Христиан дінінің өнегелілік өсиеттері ең алдымен адамның өз ар-ұятына бағытталады.

Христиан ілімі бойынша адам өмірінің мақсаты – құтқару.Бұл мақсатқа әрбір адам рухани үнемі өзін-өзі жетілдіріп,құдайға ұқсас бейнеге еліктеп, жаңарып отырса ғана жетеді.Татулықтың басты ерекшеліктері тек қана өзін-өзі тыю, дұға емес,жер өңдеу, бау-бақша өсіру және т.б.

Осындай інжілдік норманы сақтау үшін христиан діні адамзатқа татулықты (моношество) ұсынады.


Глоссарий
1. Чистилище (католик діні бойынша жұмаққа кірер алдында тазарып шығатын орын) тек католик діни ілімінде ғана бар.Күнәһардың жаны сол жерде тозақ отына жанып,содан кейін ғана жұмаққа кіре алады.Жанның чистилищеде (тазару) болу мерзімі өлген адамның жердегі жақын- туыстарының игі істері,сиынуы,құрбандық шалуына байланысты.

2. Григориан хоралы – шіркеу күнтізбесінің барлық қызметіне арналған ән.

Крест жорықтарының идеясы—Иерусалим қ. Мұсылмандардан азат ету,қасиеттті табытты- асып өлтірілген Иисус Христің мәйіті қойылған үңгір ішірдегі қуыс текше.

4. 1054-христандықтың православиеге және католиктікке бөлінуі (Византия мен Рим)

X – XI ғғ.Еуропа шіркеу сәулет өнері – готикалық деп аталады:төбесі үшкір,терезелері тар,көкке шаншылған.

М.Лютер- протестантизмнің негізін қалаушы,Библияны неміс тіліне аударған (XVI ғ).

Еңбек,борыш – протестант идеалы.

Роман стилі – римдік.

Пикоделла Мирандола – «Адамның қадір – қасиеті туралы сөздердің авторы».

Ортағасырлық көзқарас – моностырлар арқылы діни ағартушылық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.В.Тимошинов. «Мәдениеттану» Алматы,2008.

2.Т.Х.Ғабитов,М.Ш.Өмірбекова «Мәдениеттану негіздері» Алматы,2003.

3.Поло Марко. Книга.- М,.1955.

4.Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы,2004.

5.Құлсариева А.Т.Мәдениеттану сөздігі. - Алматы, 2001.

6.Мифы народов мира:Энциклопедия. – М,.1991.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет