Дәрістер тезистері 1-Дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#3505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Анықтамамен жұмыс істеу 

Windows  жүйесінің  анықтамалығы  ашылып  тұрған  қосымша  программа  немесе 

бума  терезесі  ішінде-ақ  кӛмек  бере  алады.  Бірақ  бұл  кӛмек  тек  терезе  объектілерін  ғана 

қамтиды. Ағымдағы терезе объектілері туралы анықтамалық мағлұматты былай да алуға 

болады: 

тышқан курсорын керекті объектіге жеткізіліп, оң жақ батырманы шерту; 

сұрақ белгісі бар меню пунктін басу арқылы;  

F1 пернесі арқылы. 

Керекті  кӛмекті  алып  болған  соң,  негізгі  программаға  қайту  үшін  анықтамалық  терезені 

жабу қажет. 



Терезелермен орындалатын негізгі операциялар 

Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті 

тереземен  атқарылатын  амалдарды  (кӛлемін  ӛзгерту,  экран  бетінде  жылжыту,  терезені 

үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет. Енді біз Windows жүйесінде терезе арқылы 

орындалатын негізгі іс-әрекеттерді қарастырамыз. 

Терезенің аумағын өзгерту. 

Терезенің аумағын ӛзгерту үшін тышқан курсорын терезенің тӛрт жақтауының кез 

келгеніне,  мысалы,  сол  жақ  шекарасына  апарыңыз.  Тышқан  курсоры  ӛзінің  сыртқы 

бейнесін ӛзгертісімен, яғни екі жақты кӛлденең сызыққа ( ) айналысымен, терезенің енін 

ӛзгерте  аламыз.  Тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басып  тұрып,  терезенің  тік  жақтауын 

солға не оңға жылжыту керек.  

Ал  терезенің  ұзындығы  мен  енін  қатар  ӛзгерту  үшін,  тышқан  курсорын  терезенің 

тӛрт  бұрышының  біріне,  яғни  қабырға  сызықтары  қиылысқан  жеріне  апару  керек.  Бұл 

сәтте курсор екі жақты кӛлбеу сызық (↨) түріне келеді де, ол ӛз кезегінде терезе аумағын 

алдыңғы айтылған тәсілмен бірден екі бағытта ӛзгерту мүмкіндігін береді. 



Терезенің орнын аустыру. 

Терезенің  экран  бетімен  орнын  ауыстыру  үшін  курсорды  тақырып  жолына  алып 

барамыз.  Мұндайда  курсордың  сыртқы  пішіні  ӛзгермеуі  тиіс,  бірақ  бағыттауыш  сызық 

ұшы кӛк тіктӛртбұрышқа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тышқан 

батырмасын басып тұрып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап курсорды жаңа орынға 

жылжытамыз.  Курсорды  жіберген  сәтте  терезе  жылжып  барған  жаңа  орында  бекітіліп 

сақталып қалады. 

Windows жүйесінің стандартты программалары. 

Стандартты программалар 

WINDOWS  операциялық  жүйесі  құрамына  компьютерде  күшті  программалық 

орталар орнатқанға дейін күнделікті қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған шектеулі 

қолданбалы  программалар  енеді.  WINDOWS  операциялық  жүйесімен  қоса  қамтамасыз 

етілетін  мұндай  программаларды  стандартты  программалар  деп  атайды.  Бұл 

программаларды  қарапайымдылығына  байланысты  оқу  құралдары  ретінде  пайдаланған 

тиімді.  Стандартты  қосымшалармен  жұмыс  істеу  тәсілдерін  меңгеру  арнайы 

программалық орталарды пайдалану мүмкіндіктерін үйренуді жеңілдетеді. 

 

 

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ 

Құжаттар мен мәтіндерді дайындау – дербес компьютерлерді пайдаланудың кең 

таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана 

атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, кӛптеген қосымша мәселелерді шешуге 

мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады. 

Біріншіден  –  компьютерге  жазылған  мәтіндерді  қалауымызша  ӛзгертуге,  әртүрлі 

құжаттарды ―жалғап‖ біріктіруге, мәтіннің шекараларын туралауға, сақтауға және бірнеше 

рет қағазға басып шығаруға болады. 

Екіншіден  –  әртүрлі  харіптерді,  әр  түрлі  тілдердің  алфавиттерін,  сонымен  қатар 

графикалық символдарды пайдалануға болады. 

Үшіншіден  –  мәтін  арасына  кестелерді,  суреттерді,  графиктерді  әр  түрлі  формада 

(қисық  түрінде,  кӛлемдік  пішінде  және  т.б.)  қисайтып  немесе  созып  орналастыруға 

болады.  

Тӛртіншіден  –  дайын  хаттарды,  кітаптағы  мәтіндерді  сканер  және  таным 

программасының кӛмегімен мәтіндік форматқа келтіруге болады. 

Бесіншіден  –  стандартты  құжаттарды  дайындағанда  даяр  үлгілерді  пайдалануға 

болады. 

WordPad  мәтіндік  редакторы  қарапайым  мәтіндік  құжаттарды  құру  мүмкіндігін 

береді.  WordPad  құжатында  мәтін  мен  абзацты  форматтауға,  шекараларын  жылжытуға, 


шегіністерді  орнатуға,  әр  түрлі  харіптерді  пайдалануға,    графикалық  бейнелерді, 

дыбыстық үзінділерді және видеоклип  қоюға болады. 

WORDPAD ПРОГРАММАСЫН ІСКЕ ҚОСУ 

WordPad редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз: 

Жіберу –Программалар – Стандартты – WordPad 

(Пуск – Программы – Стандартные - WordPad) 

Редакторды іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактор WordPad терезесі 

шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: бастама жолы, мәзір жолы, құрал-саймандар 

тақтасы, форматтау тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің жұмыс 

бӛлігі үлкен орын алады да, онда мәтін теріледі. 

Терезенің бастама жолында құжат аты және WordPad программасының аты кӛрінеді. 

Құрал-саймандар  тақтасында  жиі  пайдаланылатын  командаларды  шақыру 

батырмалары орналасқан. Әрбір батырманың міндетін білу үшін тышқанның кӛрсеткішін 

сол батырма үстіне орналастырсақ, аз уақыттан соң кішкене тӛртбұрыш ішінде оның аты 

жазылады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін бейнелейді. 

Терезеде  орналасқан  екінші  тақта  –  форматтау  тақтасы.    Бұл  тақтада  мәтінді 

форматтау командаларына тез қатынасу батырмалары орналасқан. 

КАЛЬКУЛЯТОР 

Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows‘98-дің 

кӛмекші программасы ―Калькулятор‖  арқылы кӛруге болады.  Бұл кәдімгі электрондық 

калькулятор жұмысын модельдейтін қолданбалы программа.  

 

Бұл программаны қолдану есептеулерді оперативті түрде жүргізуге және нәтижесін 



Windows‘98 жүйесінің басқа пограммаларында пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен 

қатар Калькулятор қосымшасы компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс (Мысалы, 

санды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру, логикалық арифметика принциптері, есептеу 

дәлдігін анықтау және т.б.) істеу принципін тереңірек тусінуге кӛмектеседі. 

 

Жүйеде калькуляторды екі түрі бар: Қарапайым  және Инженерлік



КАЛЬКУЛЯТОРДЫ ІСКЕ ҚОСУ 

Пуск – Программалар – Стандартты – Калькулятор 

(– Программы – Стандартные – Калькулятор) 

Қарапайым арифметикалық амалдардан басқа саны шектеулі амалдарды және 

бірнеше функцияларды орындай алады

Калькулятордың бір түрінен екіншісіне кӛшу үшін Түр (Вид) мәзірінен оның типін 

(түрін) таңдау керек. 

MS  – индикатордағы санды жадқа жазады; 

M+  – жадтағы санға индикатордағы санды қосады

MR  – жадта сақталған санды индикаторға шығарады; 

  MC  – жадты тазалайды 



PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ  

Графикалық бейнелерді құруда және оны түзетуде компьютер ӛте күшті және 

ыңғайлы құрал болып табылады. Компьютердегі графикалық редакторлар баспа 

ӛнімдерін, хат, жарнама т.б. кӛркемдеу үшін қажет.  Ең қарапайым графикалық 

редакторлар әртүрлі қалыңдықтағы түрлі-түсті қылқаламды пайдаланып, бейнелерді неше 

түрлі түске бояп, сурет салуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Ал күрделі 

графикалық редакторлар арнайы эффектілер: кӛлемділік, кӛлеңке түсіру, созылымды ету, 

суреттің кей бӛліктерін үлкейту, образды қайта  жасау және түстерді ӛзгерту, бір бейненің 

екінші жаққа жылжуы және т.б. мүмкіндіктер береді. 

Графикалық  редакторлар  әртүрлі  форматтағы  бейнелермен  жұмыс  істей  алады. 

Редакторларда  стандартты  бейнелер  мен  алдын-ала  даярланған  бейнелердің  үлкен 

кітапханасы бар, оларды пайдаланып, сурет салу ӛнері жоқ адамның ӛзі тез арада керекті 

суретті даярлай алады. 


Paint  программасы  графикалық  бейнелерді  құруға  және  оны  ӛңдеуге  мүмкіндік 

береді.  Бұл  программа  кӛмегімен  қарапайым  сурет  секілді  ӛнер  туындылары  болып 

табылатын суреттерді де салуға болады. 

Paint  программасында  Windows-тің  басқа  қосымшаларындағы  дайын  суреттерді 

немесе сканер кӛмегімен алынған салуға қиын бейнелерді кӛшіріп алып, оны қою арқылы 

да сурет салуға болады. 

Paint программасын іске қосу 

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындау керек: 

Жіберу 

 Программалар 

 Стандартты 

 Графикалық редактор Paint 

Paint графикалық редакторының терезесі стандартты түрде болады. 

1.

 



Құрал-саймандардың  ішінде  тұйық  облыстың  ішін  бояу  мүмкіндігін  беретін 

Құйғыш    батырмасы  бар.  Егер  боялатын  облыс  тұйық  болмаған  жағдайда  Құйғыш  

батырмасын пайдаланатын болсақ, онда бояу экранның толық бетіне жайылып кетеді.  



Шашыратқыш  құралы шашыраған бояу эффектісін алу үшін пайдаланылады.  

Сонымен қатар геометриялық фигураларды салуға, белгілеп, кӛшіруге арналған арнайы 

құралдар:  қылқалам, өшіргіш, алдын-ала көру т.б. құралдар бар. 

 

6-дәріс.  Тақырыбы:  Алгоритм  ұғымы.  Оның  қасиеттері,  түрлері.  Компьютерде  есеп 



шығару кезеңдері. Блок-схемалар. 

1.

 

Алгоритм ұғымы 

2.

 

Алгоритмнің түрлері 

3.

 

Алгоритмнің қасиеттері 

4.

 

Блок схемалар 

5.

 

Алгоритмдерді жазу тәсілдері 

6.

 

Компьютерде есеп шығару кезеңдері 

Алгоритм  математика  мен  информатиканың  кең  тараған  негізгі  ұғымдарының  бірі.  Кӛп 

жағдайда алгоритм ұғымы электронды есептеу машиналарына байланысты пайда болады 

деген  пікір  дұрыс  емес.  Алгоритм  ұғымы  электронды  есептеу  машиналарынан  бірнеше 

ғасыр бұрын пайда болып ӛмірде қолданылып келеді. 

Алгоритм  деген  сӛздің  ӛзі  ІХ  ғасырда  ӛмір  сүрген  орта  азиялық  белгілі  математик 

Мұхамедтің  арабша  атынан  (әл-Хорезм)  латынша  (algorіthmі)  жазылуынан  таралған.Ол 

ӛзінің  «Арифметикалық  трактат»  деген  еңбегінде  арифметикалық  амалдарды  орындау 

тәртібін ұсынған.  

Мұхамед Әл-Хорезми әдісін жақтаушылар алгоритмиктер деп, белгілі  бір қасиеттері  бар 

ережелер жүйесі алгоритм деп аталып кетті. 

Қазіргі  кездегі  түсінігіміз  бойынша  алгоритм  ұғымын  кез  келген  процесті  орындау  үшін 

берілетін  нұсқаулардың  жиынымен  байланыстыруға  болады.  ―Мұнда  есептің  алгоритмі 

берілген‖  деген  сӛйлемді  ―Мұнда  белгілі  бір  есепті  шешуге  қажетті  амалдар  беріліп, 

олардың  орындалу  реті  кӛрсетілген‖  деп  түсінуге  болады.  Күнделікті  ӛмірде  біз 

алгоритмнің кӛптеген түрлерімен кездесіп отырамыз. Мысалы, шай қайнату, торт пісіру, 

дәрі-дәрмек жасау, кӛше тәртібін сақтау, таныс адаммен сӛйлесу, лифтімен кӛтерілу т.б.с. 

Орындаушының  белгіленген  мақсатқа  жетуіне  бағытталған    түсінікті  де  дәл 

нұсқаулары алгоритм деп аталады. Алгоритмнің басқаша тағыда бір анықтамасы: 

Алгоритм дегеніміз – анықталған мақсатқа жету үшін орындаушыға арналған, 

орындалу тәртібі ұйымдастырылған, түсінікті, ықшамды, шектелген нұсқаулар тізбегі. 

Алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттілік, анықтылық, жалпылық, нәтижелілік. 

Алгоритм  айқын,  аяқталған  әрекеттер  болып  табылатын  жеке  қадамдарға  бӛлінуі 

керек.  Орындаушының  келесі  қадамға  ӛтуі  алдыңғысын  аяқтағаннан  кейін  ғана  мүмкін. 

Алгортимнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттілігі деп аталады. 

Алгоритмнің  әрбір  нұсқауы  немесе  командасы  орындаушыға  түсінікті  болуы  тиіс, 

яғни  олар  бір  мағынада  түсініліп,  қайталанатын  алғашқы  деректер  бойынша  бірыңғай 

нәтижелерге әкелуі қажет. Алгоритмнің бұл қасиеті анықталғандығы деп аталады. 

Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл бір типті мәселелерді шеше алатын 

мүмкіндігі  бар.  Мысалы,  квадрат  теңдеуді  шешетін  алгоритм  оның  түбірін  кез  келген 


коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. 

Алгоритмнің бұл қасиеті жалпылығы деп аталады. 

Айқын  белгіленген  әрекеттер  тізімінің  әрқайсысы  нәтижеге  жеткізе  бермейді. 

Мысалы  шахматта  10

120

  жүрістен  тұратын  ұтылыссыз  ойын  стратегиясы  бар,  бірақ  оны 



түгел орындауға адам баласының ғұмыры жетпейді. Сондықтан да кез келген алгоритмді 

орындағанда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу керек алгоритмнің бұл қасиеті нәтижелілігі 

деп аталады. 

Алгоритмдердің жасалуының үш негізгі түрі бар: сызықтық, тармақталған, циклдік. 

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, 

алгоритм сызықтық деп аталады. 

Орындаушының  әрекеттері  қандай  да  бір  шартты  нұсқауларға  тәуелді  орындалатын 

болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады. 

Жеке командалар немесе команда топтары бірнеше рет қайталанатын болса, алгоритм 

циклдік деп аталады.  

 

Алгоритмдерді жазу тәсілдері 

Алгоритмдегі  жарлықтардың,  нұсқаулардың  берілу  түріне  қарай  алгоритмді  жазу 

әдістерін  ажыратуға  болады.  Орындаушының  ӛзіне  тән  біліміне  байланысты  арнайы 

таңбалар,  сӛздер,  іс  қимылдар,  схемалар    арқылы  алгоритмдерді  жазудың  тәсілдерін 

ұйымдастыруға болады. 

Мысалы,  цирктегі  құстар  мен  жануарларға  алгоритмдер  арнайы  дауыстар,  іс 

қимылдар арқылы, автокӛлікті жүргізу алгоритмі, теледидар, магнитофонды жұмыс істету 

алгоритмі арнайы пернелерді басу, бұрау арқылы жүзеге асырылады. 

Алгоритмнің  сипаттамасы  әрқашан  орындаушыға,  оның  командалар    жүйесіне 

бағытталған.  Алгоритмді  сипаттаудың  әр  түрлі  тәсілдері  бар:сӛзбен  сипаттау; 

графикалық;  формальды  тілдер  (математикалық  формулалар,  бағдарламалау  тілдері); 

кестелік. 

Алгоритмді сӛзбен сипаттағанда алгоритмнің командаларының тізбегі сӛзбен жазылады. 

Командалар нӛмірленеді, ол нӛмір сол командаларға ӛтуге мүмкіндік береді. 



Графикалық сипаттау (блок-схемалар) 

Алгоритмнің берілуінің ең кӛрнекі әдісі болып блок-схемалар түрінде берілуі болып 

табылады. Блок-схема – есептеу амалдарын кӛрсетуге арналған графикалық бейнелер 

жиынтығы болып табылады. Алгоритм бұл жерде бағытталған байланысы бар 

геометриялық фигуралармен сипатталып беріледі. Геометриялық фигуралардың ішіне 

орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан. Блоктардағы сызықтар 

блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды. Байланыс сызықтарының 

бағыттары, егер олар жоғарыдан тӛмен немесе солдан оңға қарай бағытталған болса, 

үшкір сызықшамен (стрелкамен) белгіленбеуі мүмкін. Блок-схема түрінде сипатталған 

алгоритм орындалатын әрекеттер кӛрнекілігін арттырады. 

     Алгоритм командаларының блок схема түріндегі бейнеленуінің жалпы үлгісін 

қарастырайық: 



 

                                             -  эллипс, алгоритмнің басын, соңын белгілеу; 

 

 

                                                 - тіктӛртбұрыш, қадамды орындау 



                                                    командасы; 

 

                                                  - параллелограмм, мәліметтерді енгізу, шығару; 



                                                                   

                                                                            



-

 

ромб, шарттың ақиқат, жалғандығын  тексеру; 



                                                                

                                                   - кӛмекші алгоритмді шақыру. 



                  

Формальдық программалау тілдері 

Формальдық  тілдер  ретінде  математикалық  формулалар  немесе  бағдарламалау 

тілдері,  яғни  қатаң  формальдық  синтаксисі  және  семантикасы  бар  жасанды  тілдер 

қолданылуы  мүмкін.  Алгоритмдерді  бағдарламалау  тілінде  кӛрсету  –  бағдарлама  деп 

аталады. Бағдарламалау тілі дегеніміз – бағдарлама жазуға арналған тіл. 

Кестелік тәсіл 

Кестелік сипаттау кӛмегімен аргументтің нақты мәндері үшін алгоритмнің 

қадамдық орындалуы жүзеге асырылады. 

 

Компьютерде есеп шығару кезеңдері

1.

 



Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің математикалық 

қойылуы); 

2.

 

Есеп шешудің алгоритмін жазу; 



3.

 

Бағдарламаны құрастыру; 



4.

 

Бағдарламаны жӛндеу; 



5.

 

Компьютерде есепті шешу және нәтижені талдау. 



Алгоритм  барлық  уақытта  атқарушыға,  оның  командалар  жүйесіне  бағытталады. 

Алгоритмді  жазудың  әртүрлі  тәсілдері  бар:  формула,  кесте,  сӛзбен,  графикалық, 

алгоритмдік  тіл  немесе  программалау  тілі.  Алгоритмнің  графикалық  түрде  кескінделуі 

блок-схема  деп  аталады.  Алгоритмнің  программалау  тіліндегі  жазылуын  программа  деп 

атаймыз.  Ал,  программалау  тілі  дегеніміз  алгоритмнің  компьютер-атқарушыға  арналып 

жазылған  тілі  болып  табылады.  Программалау  дегеніміз  –  программалау  тілінде 

алгоритмнің жазылу процесі.  

Енді  алгоритмнің  сӛзбен  жазылуына  тоқталайық.  Алгоритмнің  орындалуындағы 

кӛшулерді  кӛрсету  үшін  командалар  нӛмірленеді.  Сондай-ақ,  алгоритмді  жазуға 

пайдаланылатын  қызметші  сӛздер,  яғни  қосымша  командалар  пайдаланамыз:  «басы», 

«соңы», «тоқта». Мұндағы басы сӛзі сәйкес алгоритмнің басын кӛрсетеді; ал «соңы» сӛзі 

егер алгоритмнің ары қарай орындалуы мүмкін болмаса, аяқталуын кӛрсетеді; «тоқта» сӛзі 

– алгоритмнің дұрыс аяқталмай, яғни апатты аяқталуын кӛрсетеді.  

 

7 – Дәріс 



Тақырыбы: Программалық жабдықтау. ЭЕМ Операциялық жүйелері. ОЖ-дің 

функциясы. Қолданбалы программа-ларды іске қосу. 

Программалық  қамту  (Software)  ретінде  есептеу  жүйесімен  орындалатын 

программалардың жиынтығы түсініледі. 

Программалық қамтуға (ПҚ) сондай-ақ ПҚ-ны жобалау мен әзірлеу жөніндегі бүкіл 



іс-әрекет саласы жатады:  

программаларды жобалау технологиясы (мысалы, тӛмен қарай жобалау, құрылымдық 

және обектілі-бағытталған жобалау және т.б.);  

программаларды тестілеу әдістері [сілтеме, сілтеме];  

программалардың дұрыстығын дәлелдеу әдістері;  

 

программалар қызметінің сапасына талдау жүргізу;  



 

программаларды құжаттау;  

 

программалық қамтуды жобалау процесін жеңілдететін программалық құралдарды 



әзірлеу және қолдану және т.б..  

Программалық  қамту  дегеніміз  —  компьютерлік  жүйенің  ажырағыссыз  бөлігі.  Ол 

техникалық  құралдардың  логикалық  жалғасы  болып  табылады.  Нақты  бір 

компьютердің қолданылу саласы соған арнап құрылған ПҚ-мен белгіленеді.  



Компьютердің  жеке  өзі  ешбір  қолданылу  саласындағы  білімге  ие  болмайды.  

Бұл  білімдердің  барлығы  компьютерлерде  орындалатын  программаларда 

шоғырланған. 

Қазіргі  компьютерлерді  программалық  қамтуға  ойындық  программалардан  бастап 

ғылыми программаларға дейінгі миллиондаған программалар кіреді.   

Программалық қамту қалай жіктемеленеді? 

 

Алғашқы  жақындауда  компьютерде  жұмыс  істейтін  барлық  программаларды 



шартты түрде үш категорияға бӛлуге болады (6.1-сур.):  

1.қолданбалы  программалар,  олар  пайдаланушы  үшін  қажетті  жұмыстардың 

орындалуын тікелей қамтамасыз етеді;  

2.жүйелік программалар, олар әртүрлі қосымша қызметтерді орындайды, мысалы:  

o

 

компьютердің ресурстарын басқару;  



o

 

қолданыстағы ақпараттың кӛшірмелерін жасау;  



o

 

компьютер құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін тексеру;  



o

 

компьютер туралы анықтамалық ақпаратты беру және т.б.;  



3.инструменттік  программалық  жүйелер,  олар  компьютерге  арнап  жаңа 

программалар жасау процесін жеңілдетеді.  

 

 6.1-сур. Программалық қамту категориялары  



ПҚ жіктемесін құру кезінде келесі фактіні ескерген қажет: есептеу техникасының 

ұшқыр  дамуы  мен  компьютерлерді  қолдану  саласының  кеңеюі  программалық 

қамтудың даму процесін күрт жылдамдатып жіберді.  

Егер  бұрын  ПҚ-дың  негізгі  категорияларын  саусақпен  санап  шыға  алатын  болсақ 

(әрекеттік жүйелер, аударғыштар, қолданбалы программалар дестелері), қазіргі кезде 

жағдай түбегейлі түрде ӛзгеріп кетті.  

ПҚ-ның  дамуы  тереңінен  (әрекеттік  жүйелерді,  программалар  жасау  тілдерін  және 

т.б.  құруға  деген  жаңаша  кӛзқарастар  пайда  болды)  және  кеңінен  дами  бастады 

(қолданбалы  программалар  қолданбалы  болуын  қойып,  дербес  құндылыққа  ие 

болды).  

Қажет  етілетін  программалық  ӛнімдер  мен  нарықта  қолданыста  жүрген 

программалық  ӛнімдердің  арақатынасы  ӛте  жылдам  түрде  ӛзгеруде.  Тіпті  әрекеттік 

жүйелер тәрізді  классикалық  программалық  ӛнімдер үздіксіз түрде дамып, зерделік 

қызметтерге  бӛленуде,  олардың  кӛбісі  бұрында  тек  адамның  зерделік 

мүмкіншіліктеріне ғана жататын.  

Сонымен қатар, ӛздерін қалыптасып қалған критерийлер бойынша жіктемелеу ӛте 

қиынға  түсетін,  ал  кейде  тіпті  мүмкін  болмайтын  мысалы,  электронды  сұхбатшы 

деген тәрізді дәстүрден тыс программалар пайда болды.  

Қазіргі  кезде  программалық  қамтудың  келесідегідей  топтары  біршама 

белгіленген түрде қалыптасқан деп айтуға болады:  

 

әрекеттік жүйелер мен қршамдар;  



 

программа  жасау  жүйелері  (аударғыштар,  ішкі  программалар  кітапханалар, 

реттегіштер және т.б.);  

 

инструменттік жүйелер;  



 

жинақталған программалар жүйесі;  

 

серпінді электронды кестелер;  



 

машиналық графика жүйелері;  

 

мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ);  



 

қолданбалы программалық қамту.  



 

Программалық  қамту  құрылымы  6.2-суретте  келтірілген.  Әрине,  бұл  жіктемені 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет