9-дәріс
Тақырыбы: Компьютердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері.
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару
принципі мен құрылғыларын толық кӛрсеткен ғалым.
ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай ӛзгертіп отырады. Оның
құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі
конфигурация ретінде тӛрт құрылғы кіреді.
1.Жүйелік блок
2.Монитор
3.Перне тақтасы
4.Тышқан
Жүйелік блок
Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған.
Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың
құрамына кіретіндер:
процессор;
жедел жад (RAM);
тұрақты есте сақтау жады (ROM);
қоректендіру блогы;
енгізу-шығару порттары;
ақпарат тасушылар.
Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар
деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша
арқылы ӛңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты
бӛлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі
құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады. Микропроцессор
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер ӛңдеу
құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы
командаларды орындайды.
Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық
тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу
жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц)
ӛлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған
желдеткіш (кулер) орнатылады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель
арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды.
Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалалар - БИС, олар
әртүрлі типтегі ЭЕМ-ді жасауға керекті элемент болып табылады. Микропроцессорге
жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.
Микропроцессорлардың бір-бірінен ӛзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде)
және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының кӛрсеткіші -
мегагерц -МГц бірлігімен берілген тактілік жиілігінде жатыр.
Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц),
80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) және Pentuіm
- Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс ӛнімділігі мен соған сәйкес
бағасының ӛсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне
қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі
артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да ӛсе түседі.
Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлардың аралас сандар
мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс
ӛнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен жабдықталады.
Математикалық сопроцессорлар ӛзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі
процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе
жылдамдатылады.
Жедел жад
Компьютердің жеделесте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе
RAM – мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі
мінздемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы.
Тұрғылықты диск
(тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің
негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде
алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен ӛлшенеді. Қазіргі заманғы
тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады
Иілгіш дисктерге диск жетегі
Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5 –дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер
ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44Мб. Оларға
әдетте кейбір қосымша бағдарламада (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш
дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады.
Компьютерде иілгіш дискілерге арналған диск жетегі «А» әрпі белгіленеді.
CD және DVD диск жетектері
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға
мүмкіндік береді. CD және DVDдисктер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке
400Мб, DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD – R және DVD - R) және қайталап жазылатын
(CD – RW және DVD - RW) болады.
Бейнекарта
Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды.
Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын
басқару блогы атқарады. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады кӛбінесе бейнежады
(videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады кӛлемі неғұрлым үлкен болса,
компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және
түрлі түстермен бейнелейді.
Дыбыстық тақша
Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға
және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен
жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі
заманғы бағдардамаларда талап етіледі.
Желілік тақша
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді.
Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге
қатынас құруға арналған тақшалар – ең танымдары Ethernet және сымсыз желілер.
Порттар
Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға
әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын
құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.
Монитор
Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-
келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.
Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол
компьютердің жедел жадында ӛңделетін информацияны экранда кӛру үшін қажет.
Мониторлар электронды-сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі-
түсті және монохромды болады, бір-бірінен кӛлемі жағынан ерекшеленеді.(әдетте
кинескоп немесе матрица диагоналы -9 – 42 дюйм(немесе 23-106см)болады.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бӛліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек
мониторды ғана кӛреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды
басқару блогы. Монитордың ӛзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде
бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.
Кең тараған адаптерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA
және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның кӛрсету қабілеті ӛте жоғары.
Адаптер бейнелерді айқындап кӛрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Пернетақта
Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-
цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет
атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден
(клавишадан) тұрады, оның екеуі Windows терезелері бейнеленген пернелер.
Пернелік тақта стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгігі бір
тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:
- алфавиттік-цифрлік және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен
бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық,
логикалық және де басқа символдар, «бос орынның белгісі.;
- функционалдық пернелер: F1 - F12
- әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock,
Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), Prіnt Screen және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;
Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, Page Up,
Page Down, BackSpace және бағыттауыш пренелер
Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек,
сонда қосымша цифрлық пернелер басқару пернелерінің ролін атқарады немесе цифрлар
теру режиміне кӛшеді.
Бағыттауыш ( ) пернелер мен Home, End, Page Up, Page Down
пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды.
Delete, BackSpace пернелері қате енгізілген символдарды ӛшіреді, BackSpace – сол
жақтағы символды ӛшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды ӛшіреді.
Бір сӛзбен, екінші сӛз «бос орын» пернесін басу арқылы бӛлініп жазылады.
Іnsert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын
қамтамасыз етеді.
Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер
тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда , мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды:
негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ,
қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге кӛшкенде, пернелер тақтасындағы
кішкене шам жанып белгі береді.
Caps Lock пернесінің негізгі режимі – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптер
енгізу.
Ctrl, Alt, Shіft пернелері тіркеу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен
бірге пайдаланылып, іртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады.
Esc пернесі (шығу, кӛшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
Клавиатура дегеніміз —белгілі бір сигналдарды компьютерге беріп отыратын
құрылғы.Олар әріптер алфабиті бойынша орналасады, және қосымша түймелері болады.
Клавиатура түймелерінің қызметі мынадай :
↓- тӛменге бір орын жылжыту немесе жолға
↓- нүтені таңдау,егер нүктелер тобы белсенді болса
shift+↓ -бірнеше элементті бӛліп алу,сол сияқты құжаттағы тексты бір жолға тӛмен қиып
алу
ctrl+↓ кусорды келесі қайырманың басына қою
↑ - жоғарыға бір орын жылжыту немесе жолға
↑ - нүтені таңдау,егер нүктелер тобы белсенді болса
shift+↑ - бірнеше элементті бӛліп алу,сол сияқты құжаттағы тексты бір жолға жоғары
қиып алу
ctrl+↑ - кусорды келесі қайырманың басына қою
← - солға бір жерге немесе символға жылжыту
← - нүтені таңдау,егер нүкте белсенді болса
shift+← - бірнеше элементті ерекшелеу,сондай-ақ текстан бірсимволды солға ерекшелеу
ctrl+ ← - кусорды келесі сӛздің басына жылжыту
→- оңға бір жерге немесе символға жылжыту
→ - нүтені таңдау,егер нүкте белсенді болса
shift+→ - бірнеше элементті бӛліп алу,сол сияқты құжаттағы
тексты бір символ оңға қиып алу
ctrl+→- кусорды келесі сӛздің басына қою
ALT- программа ағымындағы меню жолдарын белгілеу
ALT+TAB – жіберілген программалар араларын қосу
ALT+ENTER – таңдалған элементтің қасиетін кӛру
ALT+F4 – ағымдағы элементті жабу немесе программадан шығу
ALT+BACKSPACE( немесе CTRL+Z) – пргграммадағы соңғы әрекетті алып тастау
ALT+SPACE – меню жүйесіндегі белсенді терезе бейнесі
ALT+ESC – элементтер арасын қосу ашылған кездегі ретпен
BACKSPACE – кусордың сол жағынан символды ӛшіру
BACKSPACE – деңгейі жоғары буманы кӛру (жоғарыға ӛту)
CAPS LOSK – үлкен әріппен жазуды қосу және ӛшіру
CTRL+C – айырбастау буферін кӛшіру
CTRL+Х – айырбас буферін алып тастау
CTRL+V - айырбас буферінен қою
CTRL+A – құжаттағы немесе бумадағы барлық мәліметті қиып тастау
CTRL+ INSERT - айырбастау буферін кӛшіру
CTRL+ B – тексті қоюмен форматтау
CTRL+ I - тексті курсивпен форматтау
CTRL+E – қайырманы ортаға дәлдеу
CTRL+L – қайырманы солға дәлдеу
CTRL+R – қайырманы оңға дәлдеу
CTRL+F4- бір мезетте бірнеше құжат ашылуы кезінде белсенді құжатты жабу
CTRL+ESC – пуск менюін ашу
CTRL+ENTRE – MS WORD –та жаңа беттің басы
CTRL+TAB – алға бір үлес жылжу
CTRL+SHIFT+TAB – артқа бір үлес жылжу
CTRL+элементті алып жүру – таңдалған элементің кӛшірмесін алу
CTRL+ SHIFT+элементті алып жүру - таңдалған элементтің ярлығын жасау
CTRL+HOME – курсорды құжаттың басына жылжыту
CTRL+END – курсорды құжаттың соңына жылжыту
CTRL+PAGE UP – курсорды келесі беттің басына жылжыту
CTRL+S – кӛптеген программада команданы сақтау
CTRL+О – кӛптеген программада диалогты шақыру терезесінен ашу
CTRL+Р – кӛптеген программада диалогты шақыру терезесінен басып шығару
CTRL+F2 - MS WORD –та жуықтап кӛру командасы
CTRL+↑ - кусорды алдағы қайырманың басына жылжыту
CTRL+↓ - курсорды келесі қайырманың басына жылжыту
CTRL+← - курсорды алдағы сӛздің басына жылжыту
CTRL+→ - курсорды келесі сӛздің басына жылжыту
DELETE – белгіленген тексті немесе обьектіні ӛшіру (жою)
DELETE – документтегі обьектіні оң жағынан ӛшіру
DELETE –корзинадағы белгіленген файлды немесе буманы ӛшіру
SHIFT+ DELETE –айырас буферіндегі обьектіні кесіп тастау (файл мен бумадан басқа)
CTRL+ALT+ DELETE –Диспетчер задая Windows диалог терезесін шақыру
F1 – анықтама немесе кӛмекші қортындысы
F2 – таңдалған файлдың,буманың,ярлыктың атын ӛзгерту
CTRL+ F2 - MS WORD-та жуықтап кӛру командасын таңдау
F3- Проводник арқылы файлды немесе буманы іздеу
SHIFT+ F3- жазылған текстің регистр кезегі
F4 - MS WORD-тың соңғы әрекетін қайталау
F4 – мекен-жай жолындағы тізім бейнесі
ALT+ F4 – ағымдағы элементті жабу немесе белсенді программадан шығу
F5 – белсенді терезені ӛңдеу
F5 - MS WORD обьектісіне ӛту
SHIFT+ F5 - MS WORD –тың алдағы түзетуіне кӛшу
F6 – экран терезесі немесе жұмыс столы элементтеріне қосылу
CTRL+ F6 – бір шек программадағы құжаттың ашылуын қосады
F7 – кӛптеген программада дұрыс жазылуды тексереді
ALT+ F7 – MS WORD-та сӛздің емлесінің қатесін тексереді
F8 – MS WORD-та тексті ерекшелеу режимін қосады
F9 – MS WORD-та тексті ерекшелеу режимін ӛшіреіді
F10 – қазіргі программадағы менб жолдарын активизациялайды
SHIFT+ F10 – ерекшеленген элементке контекстік менюді Ашу
F11 – Проводникті экранға шығару
F12 – MS WORD-та Сохранить как терезесін шақыру
SHIFT+ F12 – MS WORD-та Сохранить командасы
HOME – кусорды жолдың басына шығару
CTRL+ HOME – курсорды құжаттың басына шығару
INSERT – MS WORD-та жазылған текстің ортасына қою режимін қосады
CTRL+ INSERT – ауысу буферіне кӛшіру
NUMLOCK – санды шығару режимімен және курсорды ауыстыру арасын қосады
PAGE DOWN – тексті бір экранға алға араластыру
CTRL+ PAGE DOWN – курсорды келесі беттің басына ауыстыру
PAGE UP - тексті бір экранға кері араластыру
CTRL+ PAGE UP - курсорды алдағы беттің басына ауыстыру
TAB – текста шегінуді құру
TAB – кесте ұяшығына ӛту
TAB – параметрлер арқылы алға жылжу
SHIFT+ TAB – параметрлер арқылы артқа жылжу
SHIFT+ TAB – кесте ұяшығынан кері жаққа жылжу
ALT+ TAB – жіберілген программалар арасына қосылу
CTRL+ TAB –диалог терезесі арқылы алға жылжу
CTRL+ SHIFT+ TAB – диалог терезесі арқылы артқа жылжу
START+F – іздеу терезесін шақыру
START+Е – Проводникті ашу
START+D – ―Свернуть все окна‖ командасы
START+R – ―Запуск программы‖ (ПУСК- Выполнить) диалог терезесін шақыру
START+L – қолданушылар арасына қосылу
SPACEBAR- пробел символын енгізу
SPACEBAR- хабарлама кнопкасын басуды орындайды
CTRL+ SHIFT+ SPACEBAR- MS WORD-та тығыз мәлесені орнату
SHIFT+кез-келген әріп – текст жазуда кезінде жазылған әріп
SHIFT+кез-келген стрелка – Жұмыс столындағы немесе терезедегі бірнеше элементті
ерекшелеу,сондай-ақ құжаттағы тексті ерекшелеу
SHIFT+дисководқа компакт-дискіні салу - компакт-дискінің жылдам жіберілуінен
қорғайды
SHIFT+ DELETE – файл немесе буманы жою
SHIFT+ DELETE – ауысу буферіне обьектіні кесіп алу
SHIFT+ F3 – теріп алынған текстің регистрін ауыстыру
SHIFT+ F5 - MS WORD –та алдыңғы түзелгенге кӛшу
"Тышқан тәрізді қол тетік"
Тышқан пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл - тегіс стол бетімен
жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып,
белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын тішкене тетік.
Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
Шығару құрылғысы
Мәліметтерді алмасу құрылғысы
Енгізу құрылғылары
Шығару құрылғылары
Принтерлер мен плоттерлер
Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің
жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және
термографиялық түрлері бар.
Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан
металл инелерден тұрады.
Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ
қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.
Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады,
бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға
түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы
лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер ӛте сапалы басылым бере алады
және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір
бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.
Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға
арналған құрылғы. Плоттердің әрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра
отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-
түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда
автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу
сапасы тұрақты және ӛте жоғары.
Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Енгізу құрылғылары
Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық
негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.
Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма
сканерлері, штирх сканерлер.
Сканер кӛріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің
жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті
сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты.
Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.
Мәліметтерді алмасу құрылғысы
Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады.
Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қол жеткізе алады.
Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін
керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бӛлінеді. Қазіргі кезде
олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу
процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады.
Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байла-
нысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.
Дәріс 10-11
Тақырыбы: MS Excel кестелік редакторы. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас
адрес. Формуланы пайдалану.
WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫ
Microsoft Exsel электрондық кестесі. «Электрондық кесте» деген термин кесте
түрінде берілген мәліметтерді компьютерде ӛңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді
ӛңдеу мыналардан тұрады:
-
функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулерді жүргізу;
-
түрлі-түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу;
-
оңтайландыру есептерін шығару;
-
белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу;
-
графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;
-
мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің ерекшелігі – олардағы мәлімет ӛңдеу жолдарының түсінікті
әрі қарапайым болуы.
Microsoft фирмасының Excel бағдарламасы кестелік процессорлар немесе
электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған бағдарламалық кестелердің бірі.
Excel бағдарламасының мүмкіндіктерінің кӛп жақтылығы оны тек эканомика
саласында ғана оқып-үйренуге емес, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай
шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолданауында.
Достарыңызбен бөлісу: |