Тақырыбы: Өсімдіктердің даму физиологиясы
Дәріс тезистері 1. Өсімдің клеткасының онтогенезі
2. Клетканың созылып өсуі
3. Клетканың дифференцияланауы
4. Детерминация
5. Гомогенетикалық индукция
Онтогенез - организмнің ұрықтанудан пайда болған кезеңінен оның тіршілігінің соңына дейінгі даму тарихы.
Өсімдік клеткасының онтогенезі - клетканың пайда болғанынан тіршілігінің соңғы кезеңіне дейінгі аралықтағы жеке даму процесі.
Митоз - клетканың күрделі бөліну түрі. Митоз кезінде клетка ядросында күрделі өзгерістер жүреді. Мұнда хромосомалар эртүрлі өзгеріске ұшырайды. Митоздық бөліну кезінде клетка ядросының ма- териалынан жіп тэрізді хромосомалар түзіледі, процесс 1-3 сағатқа со- зылады. Митоз профаза, метафаза, анафаза, телофаза кезеңдерінен тұрады .
Клетканың созылып өсуі. Клетканың созылып өсуіне, біріншіден, осмос эсер етеді. Ауксиннің эсерінен клетканың қабығы созылғыш болады, оның протоплазмаға эсер ететін қысым (Р) күші азаяды.
Клетканың су сорғыш күшінің формуласы: S= л - Р, к - осмостық қысым, Р - тургор қысымы.
Тургор қысымы азайып, клетканың сорғыш күші (S) ұлғаяды. Клеткаға кірген су үлкен вакуоль құрайды. Клетканың қабығы созы- лады.
Ауксин целлюлозосинтазаға жэне басқа ферменттерге эсер етіп, клетка қабығының синтезін ынталандырады.
Клетканың созылып өсуіне фитогормондар да эсер етеді. Аук- синнің эсері:
Клетканың қабығын босату-қопсыту —> Су сіңіру РНҚ синтезі —*■ Клетка қабығының синтезделуі
Гибберелиндердің әсері: ГБ —► инвертазаның (сахарозаның гидролизін катализдейді) ырықтығы үлғаяды —* осмос қысымының ұлғаюы - клетканың созылып өсуі. Клетканың созылып өсуінен кейін жіктелу (дифференциациялда- ну), даму процестері жүреді. Дәнді-дақылдардың тамырларында және колеоптильдерде эмбрион- дъщ аймагы жэне созылып өсу аймагы анық көрінеді. Сабақтың ұш- тарында осы аймактар анық бөлінбеген.
Клетканың дифференциациялануы, жіктелуі- даму бары- сында біртекті клеткалардан құрылуы, құрамы жэне қызметі эртүрлі клеткалардың, соның негізінде эртүрлі ұлпалардың, мүшелердің пайда болуы, эмбриондық клетканың тұрақты, белгілі ұлпаның клеткасына айналуы. Клетканың специализациясы ұлпалардың жэне мүшелердің биохимиялық жэне құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты.