Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Өсімдіктер жасушасының физиологиясы. Дәріс тезистері



бет2/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тақырыбы: Өсімдіктер жасушасының физиологиясы.
Дәріс тезистері:
1.Өсімдіктер клеткасының құрылымы мен атқаратын қызметі туралы жалпы шолу.
2.Клетканың жеке бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметтері.
3.Гемицеллюлоза.
4.Өсімдіктер құрылымы мен физиологиялық ролі.
5.Көмірсулар.
6.Ақуыздар.
7.Липидтер.
Дәріс мақсаты: Өсімдіктер клеткасының құрылымы мен атқаратын қызметі туралы жалпы шолу. Көмірсулар, Ақуыздар, Липидтер мен таныстыру.
Барлық тірі организмдердің денесі майда тор тәріздес клеткалардан тұратындығы белгілі. Клетка - өсімдіктер мен хайуанаттардың өте майда негізгі құрылыстық және қызметтік бөлігі. Мәселен , тіршілік әрекеттерін өз алдына дербесжүзеге асыра алатын бактериялар, балдырлар, сағырауқұлақтар бір клеткалы организмдерге жатады. Бұлардың басым көпшіліктері өте майда, көзге ілінер-ілінбес организмдер.Дегенмен олардың ішінде біршама ірі, жәй көзбен қарағанда бөліктері оңай байқалатындары да аз емес. Мысалы,ацетабулярия(Acetabularia) деп аталатын теңіз балдырының ұзындығы 7см –ге дейін жетеді.Өмірімізде күнделікті көзге түсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығы көп клеткалы орнганизмдерге жатады.
Өсімдіктің жалпы денесін құрастыратын жеке мүшелері - жапырақ,сабақ, тамыр және гүл шоғырлары өз алдына белгілі қызмет атқарады. Олардың әрқайсысы түрліше қызмет атқаратын бірнеше ұлпалардан құралған. Жеке ұлпалар бір-біріне пішіндері және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас клеткалардың жиынтығынан тұрады. Бір ұлпадағы клеткалардың пішіндері және атқаратын қызметтері басқа ұлпалардан өзгеше болады.Алайда көп клеткалы өсімдіктерддің жеке клеткалары атқаратын қызметін бір клеткалы организмдердің қызметімен салыстыруға болмайды. Себебі, көп клеткалы организмдердегі жеке клеткалар тіршілік әрекеттері, атқаратын қызметтері жағынан бір клеткалы организмдерге тән дербестігін жоғалта бастайды. Сондықтан жеке клеткаларды бір жағынан дербес организмдер, екінші жағынан көп клеткалы организмдердің ең майда және қарапайым бөлігі деп қарастырған жөн. Мысалы, кейбір бактериялық клеткалардың диаметрі – бір микрометрге жетер- жетпес болса, ұзындығы бірнеше миллиметрмен өлшенетін клеткалар да кездеседі. 
Ең майда деген бактерия клеткасының біреуінің құрамында 1011 молекула болады екен.Міне, осының өзі тірі организмнің майда бірлігі – клетканың қаншалықты күрделі екендігін дәлелдейді. Клеткалар сыртқы пішіндер жағынан да түрліше болуы мүмкін. Мысалы, сабақтың немесе тамырдың созылып өсу аймағындағы клетка – ұзындығы 50 мкм, ені 20, биіктігі 10 мкм шамасындағы қорапша сияқты болып өседі.
Өсімдік клеткасын микроскоппен қарағанда ең алдымен көзге түсетін үш бөлігі – қабығы, протопластары және вакуоль байқалады.Протоплазманың құрамында құрылыстық бөліктер, цитоплазма және рибосомалар орналасқан. Құрылыстық бөліктерге –ядро, митохондриялар,пластидтер жатады. Цитоплазманың өзі мембраналардан (плазмалемма, тонопласт, эндоплазмалық тор),майда денешіктерден (диктиосомалар, лизосомалар,сферосомалар) және цитоплазмалық негізден (матрикс)құралған.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетканың құрылыстық бөліктерін үш топқа бөлуге болады:1) өзгертуші машиналар – митохондриялар, хлорпласттар; 2) белок және басқа полимерлердің синтезделуін жүзеге асыратын машиналар- рибосомалар, ядро; 3) май қышқылдары мен холестеринді синтездеуге қатысатын метаболиттік жүйе (гранулалар).Клетка сыртынан целлюлозадан және басқа полисахаридтерден құралған қабықпен қоршалған. Оның толып жатқан ірі саңылаулары болады. Сондықтан ол еріген заттардың клетка ішіне енуіне, немесе сыртына шығуына кедергі бола алмайды. Клетка қабығының ішкі жағында цитоплазманы қоршаған плазмалық мембрана – плазмалемма орналасқан. Ол өзі арқылы заттарды қабыққа қарағанда, таңдап өткізеді. Соған байланысты заттардың клеткаға енуін және одан шығуын реттейді.Цитоплазмада митохондрия, хлоропластар, ядро және т.б. оргоноидтар жайғасқан. Өсімдіктердің өсіп жетілген клеткаларында тонопласт деп аталатын мембранамен қоршалған үлкен орталық вакуолі бар. Ол құрамында менералдық иондар, оргоникалық қышқылдар, кейде қанттар және амин қышқылдары бар ерітіндіге толы болады. Өсімдік клеткасының ішкі бөліктері бір-бірімен мембраналар арқылы оқшауланып жатады. 
Өсімдік клеткаларының пішінін, көлемін анықтайтын және оларды бір-бірімен ажырататын, сыртқы қоршаған, негізінен полисахаридтерден құралған, тығыз қабығы болады. Ол клетканың митоздық бөлінуінің телофазалық кезеңінде қалыптасады.Ұрықтық ұлпалардың және клеткалардың созылып өсу кезеңіндегі қабығын алғашқы (бастапқы) деп атайды. Кейінірек осы қабықтың ішкі (астар) жағынан қайталама қабық қалыптасады. Осыған байланысты қабық қалыңдап, қатайып беріктенеді. Алғашқы қабықтың құрамына енетін бөліктерін төрт топқа бөлуге болады: 1. Құрылыстық бөліктер-целлюлоза (автотрофты өсімдіктер ), хитин (саңырауқұлақтарда), глюкан (ашытқыларда), маннан немесе ксилан (кейбір балдырларда). 2. Қабық негізінің (матрикс) бөліктері-гемицеллюлозалар, пектиндер, белоктар, лепидтер. 3.Қабықтың астарын лигнин, суберин және басқа қосындылар бедерлейді. 4. Қабықтың тыс жағының құрамына кутин және балауыз енеді. Клетка қабығында, әсіресе эпидерма клеткаларында, біршама мөлшерде кальций силикаты мен карбонаты сияқты менералды қосындылар да кездеседі.

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет