Дәрістер тезистері



бет13/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тақырыбы: Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі.
Дәріс тезистері:
1.Фототропизм
2.Геотропизм.
3.Хемотропизм.
4.Травмотропизм.
5.Электротропизм.
6.Өсімдіктердің қартаю және жасару теориясы.
7.Монокарпты және поликарпты өсімдіктер.

Дәріс мақсаты: Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар мен таныстыру.Өсімдіктердің дамуы мен таныстыру

Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл -қозғалыстар .Жер бетінде өсетін өсімдіктер өздерінің өте күрделі тереңдеп, жайылып өсетін тамыр жүйесімен топыраққа мықты бекініп , терең орналасады .Сондықтан , сырттай қарағанда тұтас өсімдік организмінің жылжу қабілеті жоқ деуге болады. Дегенмен, өсімдіктерде өсуіне байланысты толып жатқан қимыл-қозғалыстар өте көп кездеседі . Солардың ішінде тропизмдер (грекше tropos -бұрылу)деп аталатын түрі көбірек орын алады. Тропикалық реакциялар (қимылдар -бұрылулар) өсіп тұрған мүшелердің тітіркендіргіштердің (жарық, жердің магниттік тартыс күші,т.б. )бір жақты әсерінен өсуін өзгертуіне байланысты .

Фототропизм. Жарықтың бір жақты әсерінен өскіндер, сабақтар , бұтақтар жарық түскен бағытқа қарап иіліп өседі . Бұл құбылыс фототропизм деп аталады. Мысалы, бөлмелерде терезе алдында өсірілген өсімдіктердің жарық түсетін жаққа бағытталып иіліп өсуі оң фототропизмге жатады.

Геотропизм. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне байланысты бағытталып өсуін геотропизм деп атайды. Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң геотропизм) өседі де негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс геотропизм) өседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет