Дәрістер тезистері



бет3/17
Дата15.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#57562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Бақылау сұрақтары:

  1. Гендік инженерия дегеніміз не?

  2. Биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференция қай жылы қабылданды?

  3. Гендік инженерияның жұмысы қандай кезеңдерден тұрады?

Барлық микроорганизмдар адам үшін патогендік көзқарас тұрғысынан неше топқа бөлінеді?

3

Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығында жасушалық және ұлпалық биотехнология.
Дәріс тезистері:
1. Жасушалар және ұлпалар культурасы
2. Культураға in vitro енгізу шаралары және өсімдіктердің жекелеген жасушалар мен ұлпаларды культивирлеу
3. Каллустық ұлпалар культурасы
1.Жасушалық биотехнология жасушалардың in vitro жағдайда өсу мен көбею қабілеттілігіне және олардың тотипотенттілігі мен регенерациясына негізделген.
Биотехнологияда оқшауланған жасушалар мен ұлпалар культурасының рөлін 3 бағытта қарастырады:
Бірінші – оқшауланған өсімдік жасушаларының медицинаға, парфюмерияға және басқа да өндірістік салаларына бағалы екінші синтездік заттарды: алкалоидтер, стероидтер, гликозидтер, гормондар, эфир майлары және т.б. шығару қабілеттілігімен байланысты; екінші синтездік заттарды қатты/сұйық қоректік ортада өсірілген каллус ұлпасынан алады. Жасушалық технология негізінде келесі медициналық препараттар алынған: диосгенин - диосгерия жасушасынанаймалин – жылан жасушасынан алынған.
Екінші – оқшауланған ұлпалар культурасын егу материалын көбейту және сауықтыру үшін қолдану. Осы әдіс өсімдіктердің клональді микрокөбеюі деп аталады, ол бір меристемадан жылына жүз мың өсімдік алуға мүмкіндік береді;
Үшінші – оқшауланған жасушаларды өсімдік селекциясында қолдану. Мұнда қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз факторланрына: құрғақшылық, төменгі және жоғары температура, фитопатогендер, ауыр металдар, топырақ тұздылығына төзімді жылдам өсетін өсімдіктер алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бағыт жаңа өсімдіктерді оқшауланған протопластар қосылу жолымен және жыныссыз будандар алуды көздейді. Оқшауланған протопластарға гендік инженерия әдістерімен бөгде гендерді тасымалдау болашақта жаңа тұқымқуалау қасиеттерімен ерекшеленетін өсімдіктерді алуға мүмкіндік береді. Жасушалар мен ұлпалар культурасының жетістігі жасушалардың қалыпты бөлінуін, олардың дифференцировкасын және ересек өсімдіктер алу регенерациясын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстер оптимизациясына байланысты жүреді. Соның ішінде ең қиыны бөлек жасушалардан алынатын өсімдіктер регенерациясы, әсіресе астық дақылдар.
Оқшауланған ұлпалардың культивирлеуінің даму тарихы бірнеше сатыдан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет