Дәрістер тезистері



бет4/17
Дата15.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#57562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
І саты (1892-1902 жж). Неміс зерттеушілері Г.Хаберландт, Фехтинг, Рехингер әртүрлі өсімдік ұлпаларын сахароза ерітіндісінде культивирлеген. Соның нәтижесінде терек және бақ-бақ сабағы сегменттері үшін алғашқы каллус алынды және сегменттің min мөлшері анықталды. Сонымен, Хаберландт тотипотенттілік гипотезасын ұсынды, яғни жасушалардың өз даму потенциалын жүзеге асыру қабілеттілігі және кульитвирлеудің белгілі бір жағдайларда толық өсімдік пайда болуына бастама.
ІІ саты (1902-1922 жж.). Жануарлар ұлпаларын культивирлеу үшін алғашқы қоректік орталар жасаумен негізделген. Осы орталардың шығу тегі – табиғи және құрамында қан плазмасы және ұрықтық сұйықтық болды. Бірақ бұл эксперимент іске асқан жоқ.
ІІІ саты (1922-1932 жж.). Бұл мерзімде В.Робинс (американдық ғалым), Котте (неміс ғалымы) қатты қоректік орталарда жүгері мен қызанақ тамыр ұшының меристемаларын культивирлеуге мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өткен соң ұлпалар қарайып, өліп қалды.
ІV саты (1932-1940 жж.). Р. Готре (франция ғалымы) өсімдік ұлпаларын in vitro жағдайында белгілі бір мерзім өткен сайын жаңа қоректік орталарға қайта егу арқылы ұзақ культивирлеуге мүмкіндік туғызады.
V саты (1940-1960 жж.). Фитогормондар – цитокининдер жаңа класының ашылуымен ұлпа жасушаларының бөлінуін ынталандыруға мүмкіндік береді.
VІ саты (1960-1975 жж.). Э.К. Коккинг қызанақ жемісі мен тамырларының оқшауланған протопластарының ферментативті жолмен алу әдісін тапқан. Осы мерзімнің тағы бір әдісі – меристемалық культураны қолданумен in vitro жағдайында өсімдіктерді микрокөбейту. Бұл әдіс алғаш рет франция ғалымы Ж.Морельмен ашылған (орхидея егу материалын алу үшін).
VІІ саты (1975 ж. Бастап). Оқшауланған протопластардың электрліқосылуы әдістері, культивирленетін объектілер биологиясы, жасушалық селекция мен мутагенез әдістері, гаплоидты өсімдіктер алу әдістері, қос жарнақты өсімдіктер гендерін тасымалдау әдістері қарқын дамуда.
3.2. Оқшауланған ұлпалар культурасымен жұмыс істегенде негізгі шарт – қатал зарарсыздандыру, өйткені қоректік ортаға енгізілген фрагменттер (экспланттар) ұсақ ағзалармен оңай зақымдалады. Сондықтан эксплантты да, қоректік ортаны да зарарсыздандыру қажет. Оқшауланған ұлпалармен жұмыс асептикалық бөлмеде (ламинар-боксте) зарарсыздандырылған құралдармен жүргізіледі.
70 % этанолға бірнеше секундке эксплант алатын өсімдік мүшелерін салады. Тұқымдарды 1-2 минутке спиртке салады (зарарсыздандырғаннан кейін сумен дұрыстап шаяды). Ал эксплант мүшелерінің ішкі инфекциясын жою үшін антибиотиктермен өндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет