Дәрістер тезистері


- тақырып TIMSS, PISA нәтижелері негізінде қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары



бет15/15
Дата22.01.2023
өлшемі64,08 Kb.
#62246
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
дәрістер

15- тақырып TIMSS, PISA нәтижелері негізінде қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары
Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ. Осы тұста, оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық.
Еліміздің халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді?

  • Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға;

  • Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне;

  • Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін құруға;

  • Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу кезінде сонымен қатар бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беру болып табылады.
Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесінің танымал сарапшылардың баға беруі бойынша обьективті елдерден тәуелсіз бағалау жүргізетін TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері елімізде өткізілуде.
Алғаш рет 2007 жылы Қазақстан 4-сынып оқушыларының халықаралық салыстырмалы мағлұмат алу мақсатында математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуіне қатысты. Бұдан әрі TIMSS-2011 және TIMSS-2015 кезеңдеріне қатысты. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Оқушыларымыздың математикадан орташа көрсеткіші 549 (1 000 балдық шкала бойынша) ұпай, бұл көрсеткіш 5 орынға лайық болса, ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші - 533 ұпай, аталмыш көрсеткіш 11 орынды көрсетеді. Жалпы алғанда осы сынақта оқушыларымыз 7 орынды иеленді.
Дегенмен, арада жылдар өтіп, бұл көрсеткішті көрсете алмадық. 2011 жылғы зерттеу нәтижесі орташа көрсеткіштен төмен екені анықталды. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан орташа көрсеткіші 501 (1 000 балдық шкала) ұпай, ал жаратылыстану пәнінен – 495 ұпай.[1]
Осы жылдың сәуір айында TIMSS-2015 зерттеуіне әлем бойынша 57 мемлекет арасынан 500 мыңнан астам бастауыш және орта буын оқушылары жаратылыстану және математикалық білімдерін көрсетуге ат салысты. Оның ішінде Қазақстан атынан 9 579 4-ші және 8-ші сынып оқушылары өз құрдастарымен бәсекеге түсті.
PISA (Program for lnternational Student Assessment) халықаралық зерттеуі 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын Адам дамуының индексі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу оқушылардың білімдерін 3 бағытта (математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы) бағалайды. Қазақстан PISA зерттеуіне 2009 жылдан бері қатысып келеді. 2009 және 2012 жылдар нәтижесін салыстырсақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы PISA-2012 екінші кезеңінің қорытындысында математика және жаратылыстану бағыттарындағы қазақстандық білім алушылар нәтижелерінің +27 және +25 ұпайларға жақсарғанын атап өтті.[2] Ал 2015 жылы зерттеуге 71 мемлекет арасынан Қазақстан атынан 7 842 15-жастағы білім алушылар қатысты. Еліміздегі функционалдық сауаттылықты дамытуға байланысты PISA-2015 зерттеуінің нәтижесі жоғары болатынына сенеміз.
TIMSS-2015 және PISA-2015 нәтижелері 2016 жылдың желтоқсан айында Халықаралық оқушылардың білім жетістіктерін бағалау қауымдастығымен (IEA) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жарияланатын болады.
Бұл зерттеугелерге қатысу тәжірибесі білім беру сапасының көрсеткіштерін жақсарту стратегияларын жасау үшін нақты ұсыныстар алуына септігін тигізді. Қазіргі таңда ғылым мен білім тұрақты жаңаруда, техника мен технологиялардың жылдам даму қарқыны байқалып келеді. Болып жатқан өзгерістерге дайын болу үшін, ең алдымен білім беру жүйесіне ықпал ететін факторларға тоқталып кетуіміз керек. Оқушылар бойында көшбасшылық, бастамашылық және кәсіпкерлік дағды, икемділік, кез-келген туындаған мәселені шеше білуге, ұжымдық жұмыс ұйымдастыра білуге, өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты және анық білдіру қасиеттеріне баулуымыз керек.
Елімізде білім беру жүйесін жаңарту бағытында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Әлемдегі тәжірибені қолдануға бағыт алып, қазақстандық білім беру жүйесі жаңа мазмұнға бет алды. Осы оқу жылынан бастап еліміздің 30 пилоттық мектебінде Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ресми сынаудан өткізіледі. Бұл бізге не береді? Мысалы, қолданыстағы білім мазмұны «мектепте нені үйретеді?» деген сұрақ аясында болып, оқушының теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған болса, ал жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген сұраққа жауап беретін болады. Бұл білім мазмұны күтілетін нәтижеге және оқушының бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Білім мазмұнын жаңарту аясында жаңа пәндер де енгізіліп отыр. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану», «Ақпаратты-коммуникативті технология» атты жаңа пәндермен қоса «Дүниетану» пәнінің мазмұны жаңартылды. Бұл жоба Елбасының айқындап берген 100 нақты қадамының 76, 89-қадамдарын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Аталған жоба сәтті іске асса, білім беру мазмұнының жаңаруы кезең-кезеңмен енгізіледі, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттары түбегейлі жаңарады.
Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша. Педагог білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға болып табылады. Сапалы білімге алып келетін оқыту қандай болу керек? Оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін аша білетін педагог қандай болуы тиіс? Бүгінгі күні бұл сұрақтар тек қана мұғалімдерді ғана емес, сонымен қатар білім жүйесінің қызметкерлерін де мазалайды. Мұғалімдердің көп бөлігі сабақта ақпаратты тасымалдаушы рөлін атқарып келеді. Қазірде сабақты ұйымдастырудың схемасы – мұғалімнің жаңа материалды тек қана түсіндіруі, оқушы үшін жеткіліксіз және тиімсіз. Себебі, оқушының оқу процесіне белсенді қатыспайтынын қалыптастырмайды (пассивті тыңдаушы).
Сондықтан, қазіргі таңда - оқушының рухтандыру қабілетін және оқуға ынтасын арттыру өте маңызды. Осындай технологияларды пайдалану үшін әр бір педагог өз кәсіби деңгейін арттыру керек. Осы тұрғыда біліктілікті арттыру жүйесі бастау алды. Білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында және әлемдік тенденцияға сәйкес көпвекторлы бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, біліктілікті арттырудың цифрлық білім беру ресурстары дайындалған.
Педагогтарға функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған оқу-әдістемелік құралдардың кейбіреуін атап өтсек. «PISA халықаралық зерттеуі», «TIMSS халықаралық зерттеуі» және «PIRLS бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» - әдістемелік құралдарында - математика мен жаратылыстану және оқу сауаттылығы туралы маңызды мәліметтер берілген. Осы әдістемелік құралдарында құпиялылық режимінен шығарылған тест тапсырмасының үлгілері мен сауалнама сұрақтары қолданылған. PIRLS әдістемелік құралы 2016 жылғы халықаралық зерттеуіне нәтижелі дайындық жүргізу мақсатында кең көлемді педагог қауымына арналған.
Аталған оқу құралдары оқушылар және мұғалімдерге, жоғары оқу орындарындарының студенттеріне, білім беру басқармасының бөлім өкілдеріне және білім беру сапасын бағалау сұрақтарымен айналысатын мамандарға арналған.
Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Білім алушылардың табысына тигізетін ықпалын бағалау үшін PISA Консорциумы халықаралық емтиханға қатысушылардан отбасының мәдени мәртебесі туралы сұраған. Бұл білім алушылардың жеке бөлмесі мен сабақ оқитын жеке үстелі болуы, білім алуға қажетті компьютердік жасақтамалардың (электрондық оқулықтар) болуы, ғаламторға қолжетімдік, классикалық әдебиет пен энциклопедиялық сөздіктердің, өнер туындыларының (суреттер) болуы туралы сұрақтар.
Халықаралық сарапшылардың талдауы бойынша дамыған елдердің зерттеуге қатысушылардың 90% үйде сабаққа дайындалу үшін қажетті жағдайлары бар екендігін атап отыр. Шанхай, Сингапур, Корея көшбасшы елдерде үй кітапханасындағы орташа кітап саны 150-ден 244–ке дейін барады. Зерттеуге қатысқан қазақстандық білім алушылардың үйдегі кітапханасындағы орташа кітап саны 156 бірлікті құрайды. Сонымен бірге, сауалнама мәліметтері бойынша біздін зерттеуге қатысушылардың тек кана 55% ғаламторға қолжетімді. [3]
Ғаламторға қосылған компьютердің болуы мектепте ғана емес, сонымен қатар үйде де, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы маңызды шарттардың бірі болып табылады (қажетті ақпаратты ала білу мен ұсынылған материалдың мазмұнын түсіну қабілеті). Яғни, ғаламторды тек ақпараттық қажеттіліктер негізінде пайдалану қажет. Баланың денсаулығына, психикасына және тәрбиесіне әсер ететін сайттарға шектеу қою керек. Жас ұрпақтың санасын улап жатқан сайттарға шектеу қоятын арнайы қызметтер бар. Мәселен, «Ата-ана бақылауы» қызметі - жағымсыз контенттер ықпалын мейілінше шектеуге және балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – қажетті web-сайттар тізбесін әзірлеу болып табылады. Аталған қызмет баланың жас ерекшелігіне қарай қауіпті контенттерге қатынау құқығын шектеуге мүмкіндік береді.[4] Дегенмен, баланың ой-өрісін кеңейтіп, білім алуына жол ашатын зияткерлік сайттарда жетіп жатыр. Мысалы, қазіргі таңда оқушылар білімнің 90 пайызын ғаламтордан алады деуге болады. Бұл – жылдам, әрі жаңа білім көзі. Сондықтан, тек оны жөнімен пайдалану мәдениетін жетілдіру керек.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке дәуірі. Қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту және педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушының өміріндегі отбасының рөлін ескеруді қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет