9-10 тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының тілдік сауаттылығын дамыту тәсілдері
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал етеді;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бар- майды. Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер келтіріп, қадағаланатын оқиғаларға сипаттама беруде түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты бо- лады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады. Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі бо- лып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.
әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуын- ша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеушілік әңгіме Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс бар екені анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет бо- лып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастары- мен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, олар бұл мәселе бой- ынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыпты дүние емес, сол себепті мұғалімдер оқушыларға бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.