Тізімдермен жұмыс (list). Тізімдерді құру, өзгерту, жою және оның элементтерімен жұмыс істеу. Тізім әдістері. Срез (тілімдер). Жиымдар. Басқа программалау тілдеріндегі «массив» деген атпен танымал мәліметтер типі Python тілінде тізім деп аталады. Массив дегеніміз не? Бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген тізімін массив деп атайтынбыз. Python тілінде тізім дегеніміз атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген тізбегі. Реттелген деген сөз элементтердің реттік санының бар екенін білдіреді, дәлірек айтқанда, әрбір элементтің реттік номері, индексі бар. Тұрақты элементтерен тұратын тізімді қалай құруға болады? Айнымалы атына квадрат жақшаға алынған мәндер меншіктеледі. Мұнда квадрат жақшаны қалдырып кетуге болмайды. Егер жақшасыз жазылса, оны жүйе кортеж деп түсінуі мүмкін. Тізімнің жазылу форматы: a = [a1, a2, …, an] Мұндағы а – тізімнің аты, ал a1, a2, …, an – тізімнің (массив) элементтері. Бір тізімнің элементтерін екінші тізімге беру үшін тізім атауына екінші тізімнің атауын меншіктеу жеткілікті.
Тізім элементтерімен жұмыс істеу элементтің реттік номері арқылы жүзеге асырылады. Үшінші тұрған элементті 1 санымен алмастырайық. Ол үшін 3-элементтің реттік номерін анықтаймыз, номерлеу 0-ден басталатындықтан 3-элементтің реттік саны 2.
Бұдан b тізімінің элементтерінің де өзгергенін байқауға болады. b тізімінің элементтерін өзгертпей қалдыруға бола ма? Ол үшін екінші b тізімі жаңа объект ретінде құрылуы тиіс және а тізімін меншіктегенде «қию» (:) операциясын қою керек, сонда бастапқы а тізімінің элементтері меншіктеледі де, одан кейінгі өзгерістер b тізіміне енгізілмейді.
Алдымен, жолдардан қалай тізім құруға болатынын қарастырайық. Ол үшін тізім құруға арналған list деп аталатын функция пайдаланылады: a = list('computer') print(a).
Жолдан тізім құрып, оған қандай да бір өзгерістер енгізіп, одан кейін жолды қайтадан жинауға болады. Ол үшін жолдармен жұмыс істеуге арналған join (ағылшын тілінен аударғанда біріктіру) әдісін пайдаланамыз. Бұл функцияның қызметі жолдық элементтерді бір-бірімен жалғастырып шығарады.
Біз сөздерден құралған тізіммен қалай жұмыс істеуге болатынын көрдік. Енді сандардан құралған тізіммен жұмыс істеуді қарастырайық. Бір жолға жазылған сандар берілсін. Осы сандарды тізім элементтері ретінде шығарып көрейік. Мұны map функциясы арқылы орындауға болады, ол тізімнің әрбір объектісіне қандай да бір функцияны пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тізім элементтері сандар болуына байланысты int функциясын және сандар тізімін алу қажет болғандықтан list функциясын пайдаланамыз, ол объектінің элементтерін бір-бірлеп алып, содан тізім құрады.
input() - жолды оқу үшін; split() - жолды сөздерге бөлу үшін; map() - осы тізімге int функциясын пайдалану, дәлірек айтқанда, әрбір сөз санға түрлендіріледі; list() - осы итерацияланатын объектіден тізім алу үшін пайдаланылады.