Дәрістер тезистері



бет7/10
Дата25.04.2023
өлшемі468 Kb.
#86679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс тезистері

Ароматты қышқылдар. Бірнегізді ароматты қышқылдар. Алыну жолдары. Физикалық және химиялық қасиеттері. Ароматты феноқышқылдар. Екі негізді ароматты қышқылдар. Алыну жолдары. Физикалық және химиялық қасиеттері. Жеке өкілдері. Қолданылуы.


2

9 апта

Ароматты аминдер. Классификациясы, номенклатурасы және изомериясы. Алыну жолдары. Физикалық және химиялық қасиеттері.

Молекуласында бензол сақинасымен байланысқан амин тобы (-NH2) бар қосылыстарды ароматты аминдер деп атайды.


Ароматты аминдері алифатты аминдер секілді амиактың туындылары ретінде қарауға болады. Қарапайым өкілі – анилин. Соған сәйкес, ароматты аминдер де біріншілік (I), екіншілік (II) және үшіншілік (III) болып бөлінеді:
Ar – NH2 (Ar)NH (Ar)3N
I II III
Молекуласында екі амин топшасы бар қосылыстарды диаминдер дейді. Әдетте, ароматты аминдерді тарихи номенклатура бойынша атайды. Халықаралық номенклатура бойынша радикалдың атына амин деген сөзді қосып атайды:



N – метиланилинге төрт изомер сәйкес келеді.




Аромат аминдер химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мысалы, анилин көптегсн бояулар өндіруде бастапқы зат болып табылады, маңызды дәрі-дәрмектер, мысалы сульфаниламид препараттары, қопарғыш заттар, жоғары молекулалық қосылыстар жәнс т.б. алу үшін қолданылады. Сондықтан 1842 ж. Қазан университетінін профессоры Н. Н. 3инин ашқан анилин алудың тиімді әдісі химияның және химия өнеркәсібінің дамуы үшін маңызы зор болды.


2

10 апта

Ароматты диазо және азоқосылыстар. Диазоқосылыстардың құрылысы және алынуы жолдары. Диазоқосылыстардың химиялық қасиеттері. Азоқосылыстар және азобояулар.


Диазосылыстар-көміртегінің бір атомымен байланысқан екі азот атомынан тұратын топтамасы бар органик.Аминдерден диазоқосылыстардың түзілу реакциясын диазоттау деп атайды. Диазоттау амин тұдарының тұздағы ерітіндісіне, артығымен алынған минералдық қышқылдың қатысуымен, өз тұздарынан алынатына азотты қышқылмеи әрекет ету арқылы өткізіледі. Реакция былай жүреді: Қышқылдың артық мөлшері диазоний тұздарын тұрақтандыру үшін қажет. Ол жоқ болса қосалқы реакциялар орын алады.Осындай жолмен диазоний тұздарының судағы ерітінділерін алады. Әдетте бұл тұздар суда жақсы ериді, электр тогын жақсы өткізеді
Азоқосылыстар - екі көміртек радикалдарымен байланысқан азотобы бар органикалық қосылыстар; бояғыштар, қышқылдық-негіздік индикаторлар ретінде және тағы басқа қолданылады. Радикалдары көбіне ароматты, кейде алифаттық, тіпті аралас та болып келеді. Бұлардың ішіндегі маңыздысы ароматты азоқосылыстар (мысалы: азобензол) болып саналады. Азоқосылыстар спиртте, бензолда, ал құрамында карбоксил және сульфотоптары бар азоқосылыстар суда да ериді. Олар нитроқосылыстарды қалпына келтіру арқылы, сондай-ақ диазоқосылыстардан, тағы басқа әртүрлі жолдармен алынады. Көптеген ароматты азоқосылыстар тоқыма материалдарды, теріні, қағазды, былғарыны, пластмассаларды жақсы бояйды, сондықтан олар өте маңызды синтетик. бояулар — азобояғыштар тобын түзеді.










2

11 апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет