Монозалардың құрылысы. Глюкоза, фруктоза құрылысы. Моноқанттарды алу әдістері.Физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері.
Көмірсулар - қасиеттері жағынан оксиальдегидтерге және оксикетондарға жақын, табиғи заттардың бір тобы.
Көмірсулардың көпшілігінің жалпы формуласы
Мысалы
;
Көмірсулар 2 топқа бөлінеді.
1) моноқанттар (монозалар)
2) полиқанттар (полиозалар)
Соңғылары, яғни полиқанттар өзінше екі бөлінеді.
а) қант тәрізді полисахаридтер (олигосахаридтер), бұларға дисахаридтер (биозалар), трисахаридтер және т.т.
б) қант тәрізді емес полисахаридтер.
Моно- және олигосахаридтер - молекулалық салмақтары жоғары емес, суда жақсы еритін заттар. Қант тәрізді емес көмірсулардың молекулалаық салмақтары жоғары, егер ерітінділер түзсе, онда тек коллоидты ерітінділер ғана түзеді.
Моноқанттар (монозалар) Монозалар - көмірсулардың ең қарапайым тобы. Табиғатта ең көп таралғаны, монозалардың екі түрі:
пентозалар және гексоздар .
Ең жиі кездесетіндері екі моноқант: глюкоза мен фруктоза.
Монозалардың құрылысы. Глюкоза мен фруктозаның құрылымдары өте күрделі соған байланысты фруктозаның құрылыстары бірнеше реакциялармен дәлелденген.
Глюкоза.
1) Иодты сутегімен тотықсыздандырғанда 2-иодгександы береді.
Бұл реакция, глюкозаның көміртектік қаңқасында ешқандай тармақталу жоқ екендігін көрсетеді.
2) Жұмсақ жағдайда тотықтырса глюкон қышқылын түзеді.
Бұл реакциядан глюкозаның құрамында альдегид тобы бар екендігін аңғаруға болады.
Фруктоза
1) әрекеттесіп иодгександы түзеді:
2) тізбегін үзе отырып тотығу, фруктозаның оксикетондарға жақын екендігін көрсетеді.