Пікірлер логикасының негізгі логикалық байланыстырушылары. Табиғи қарапайым сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құру үшін “ және “, “ немесе “, “егер … онда “, “ сонда … тек сонда ғана “ сияқты шылаулар қолданылатындығы белгілі. Пікірлер теориясында да элементар пікірлерден күрделі пікірлер құрастыруға болады. Айталық P,Q логикалық пікірлер болсын. Оларға кестедегідей логикалық байланыстар қолданылады: Логикалық байланыстырушылар арқылы құрылған құрама пікірлердің ақиқат не жалғандығы, оның құрамына кіретін қарапайым пікірлердің ақиқаттық мәндерімен анықталады.
Пікірлерге қолданылатын амалдар 1 . Анықтама. Терістеу (инверциясы) А-ның инверсиясы деп А жалған болса мәні ақиқат, ақиқат болса жалған болатын пікірді айтады. болып белгіленеді, А емес, А деген дұрыс емес болып оқылады.
Конъюнкция мен дизъюнкция. Айталық, А мен В кез келген пікірлер болсын. Пікірдің ақиқат белгісін а әрпімен, жалған белгісін ж әрпімен белгілейік.
2 .Анықтама. А мен В Пікірлердің коньюнкциясы деп (логикалық көбейтінді немесе «және» операциясы) А мен В екеуі де ақиқат болса мәні ақиқат, әйтпесе (екеуі де жалған болса ) жалған болатын пікірді айтамыз.
Конъюнкция , ,& белгілерімен белгіленеді.
А&В; А В; А В.
3 . Анықтама.А мен В дизъюнкциясы деп мәні А мен В пікірінің екеуі де жалған болғанда мәні жалған, ал қалған жағдайларда ақиқат болатын айтылымды айтамыз. Дизъюнкция белгісімен белгіленеді. А В; А немесе В – болып оқылады. Сонымен «және», «немесе» логикалық байланыстырушылар арқылы байланысқан Пікірлер құрама пікірлер болады. «Және», «немесе» логикалық байланыстырушылар арқылы жаңа құрама Пікірлер алуды логикалық операция дейміз.
Импликация және эквиваленция 4 . Анықтама. Импликация (логика). Екі А мен В пікірлерінің импликациясы деп А–ақиқат, В жалған болғанда мәні жалған, ал қалған жағдайда ақиқат болатын пікірді айтамыз. Операция (Егер… онда) белгімен белгіленеді. А В, А В ( егер А болса, онда В) (А дан В) болып оқылады. Мұнда А – пікірдің алғы шарты деп ал В қорытындысы деп аталады.