Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


Білім мазмүнының негізгі компоненттері



бет18/26
Дата31.12.2021
өлшемі43,94 Kb.
#22409
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Білім мазмүнының негізгі компоненттері

Қазіргі өзіміздің өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркін, шығармашылық- танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру міндетіне сай білім беру мазмұнында қолданыста бар үш түрлі тұжырымдамалар бар. Мысалы, ғылымдар негізінде педагогикалық бейімделу мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде сипатталады.

И.Ф.Харламов білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында білім алушылар меңгеретін білім, дағды, іскерліктері тұтастықта қарастырылады.

Оқыту, үйрету барысында білім алушылар міндетті түрде білім мазмұнының құрамы ретінде дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет, деп санайды. Әрине, мұнда адамзаттық мәдениеттің барлық құрамы талданбаған, сондықтан да білім,білік, даңдының негізі сипатын ашпайды. Білім мазмұнының негізгі компоненттері, жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Білім беру мазмұнының тұжырыдамасындағы мақсат- гумандық тұрғыдан ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сай келеді. Білім мен тәжірибені іске асыру барысында аталмыш тұжырымдама шығармашылық-танымдық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі ретінде есептеледі. Яғни:


  • табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып білім алушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді;

  • белгілі іс-әрекет тәсілдерінің арасында тұлғаның дағды, іскерлік білімді игеруі, тәжірибені кеңейте түседі.

Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін- іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкене кезінен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу керек. Яғни, қоршаған ортаға, алған біліміне байланысты әрбір адамның құндылық дүниесі қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет