Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі



бет17/26
Дата31.12.2021
өлшемі43,94 Kb.
#22409
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
12 Тақырып. Білім беру мазмұны

ХҮІІІ ғасыр аяғы ХІХ ғасырдың басында білім беру мазмұнының ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта, дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі болды. Бұл бағытты ұстанғандар білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру деп ұсынушылар болды. Осы мәселе төңерегінде Я.А.Коменский өз еңбектерінде, дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XІX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да білім беру мазмұнын құрастыруда материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Яғни, бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қортынды жасай аламыз.Екінші теория, білім мазмұнының формальды теориясы. Бұл теорияны ұстанушыларға: Героклит, Цицерон, Кант, Песталоцци, Дистервег және тағы басқа ерте кездегі педагог-ойшылдарды жатқызуға болады. Мысалы, Героклиттің тұжырымы бойынша: “Адамды оның көп білімі, ақылды етпейді”- деген. Мұны, Цицерон да қолдаған. Аталған теорияның негізгі қағидаларын - И.Кант, Песталоцци философиялары құрайды. Олардың тұжырымы бойынша оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. Бұл туралы А.Дистервег өзінің “Неміс оқытушыларына басшылық” –атты еңбегінде өзіндік көзқарасын білдірген. Ол, білім беру мазмұнын қарастыру барысында оқушылардың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу,ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттігіне мән беру керек деген. Формальды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты оқытудың субъективтік жағының мәнін жете бағалаған. К.Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып, екі теорияны да сынға алды. Ол, “Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді”- дей отырып, алдымен адамды білім жағынан сусындатып, алған білімдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиіс екендігіне тоқталған. К.Д. Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формальдық әдістерді бірлікте қарастыру идеясын ұсынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет