Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет13/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Скаффолдинг (көпіршелер тұрғызу) /Скаффолдинг – оқушыға жақын арадағы даму аймағымен жүруіне және өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға көмектесу үшін мұғалім көрсететін интерактивті қолдау.

Скаффолдингтің жаңашыл теориясы – бұл білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара сеніміне негізделген серіктестік. Оқу үдерісінің барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау (Дж.С.Брунер, 1976) қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып табылады.


«Скаффолдингтің» негізгі сипаттамалары:
1. Жалпы мақсаттардың болуы. «Скаффолдинг» үшін аса маңызды жағдай «интерсубъективтіліктің» бар болуы болып табылады (Рогофф, 1990), ол екі субъектінің екі түсінікке ортақ түсініктерінің болу жағдайы. Интерсубъективтілік мұғалім мен оқушының оқудағы нәтижеге ортақ жауапкершіліктерінің болуы ретінде қарастырылады.
2. Ағымдық диагностика және бейімделуге қолдау көрсету. Скаффолдингтің маңызды ерекшеліктерінің бірі білім алушыларға қажетті қолдауды «бірте-бірте» көрсету үшін мұғалім олардың ілгерілеуін үздіксіз бағалап отыратын дерек болып табылады. Сондықтан мұндай өзара әрекет «білім алушылардың қажетті дағдыларды меңгеруіне, жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындай алуына көмектесуі керек» (Вуд және басқалар, 1976, 97-бет).
3. Диалог және өзара әрекет. Мұғалім мен білім алушылардың өзара әрекеттері скаффолдингте диагностикалық болып табылады. Бұл білім алушыларды селқос білім мен тәжірибе алушы емес, сұрақтар/ тапсырмаларды шешуде белсенді қатысушы, серіктес ретінде көруге мүмкіндік береді. Өзара әрекет диалогтің арқасында мүмкін болады (Браун және Палинксар, 1985; Палинксар және Браун, 1984), яғни мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы әңгімелесулер.
4. Қолдауды азайту, жауапкершілікті беру. Скаффолдинг жағдайларының бірі білім алушыларға мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау көлемін біртіндеп азайту (Вуд және басқалары, 1976). Бұл біртіндеп білім алушылардың өз оқуына өзі жауапкершілікпен қарай алуына толық жеткізу болып табылады.
Критериалды бағалаудың келесі теориялық аспектісі  қалыптастырушы бағалау теориясы
Дәстүрлі жағдайда мұғалім білім алушыларды оқыту мен бағалауға қатысты жауапты тұлға ретінде танымал. Алайда, оқудағы білім алушы мен құрдасының рөліне де назар аудару қажет. Мұғалім көп жағдайда тиімді оқу ортасын құруға, енгізуге жауапты, ол кезде білім алушылар сол ортада оқуға, нәтижеге жетуге жауапты болады. Оқытуға жауапкершілік мұғалімге де, оқушыға да жүктелетіндіктен (серіктестік құқық тілінде – «ынтымақтастық жауапкершілік»), екеуі де нәтижеге жетуде кез келген келеңсіздіктердің алдын алуға күш жұмсауы қажет.
Уильям және Томсон «Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында оқушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажеттігі айқындалған: «оқушы оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысатынын атайды (мұғалім, сыныптас және оқушы), бұл 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2 – Мұғалім, сыныптас және білім алушылардың қалыптастырушы бағалаудағы байланысы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет