Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет12/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Функционалдық сауаттылық  адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші



Критерийлер негізіндегі бағалау үдерісінде білім алушылар өз құзыреттілік әлеуетін біртіндеп ұлғайтады. «Жасай алатынына сенімді» деңгейінде күтілетін нәтижеге жетеді деп болжанады.
Мінездің дифференциация арқылы өтетін (П.Рейс бойынша) «жасауға қабілетті»-ден «жасай алатынына» сенімді»-ге дейінгі әрекеттермен көрсетілген құзыреттілік деңгейін анықтау үдерісі 1-суретте берілген:

Сурет 1 – Мінездің дифференциация арқылы өтетін (П.Рейс бойынша) құзыреттілік деңгейін анықтау үдерісі



ЖАСАЙ АЛАТЫНЫНА СЕНІМДІ-ге дейін

↑ ↑


Әрқашан жасайды


Әдеттегідей жасайды

Кейде жасайды


Жиі жасайды







Жасай алады

Жасады

Сирек жасайды





Жасауы мүмкін

Бір рет жасады


Жасай алды




↑↑

ЖАСАУҒА ҚАБІЛЕТТІ-ден

Осылайша құзыреттілікке негізделген тәсілдемеге сәйкес оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткені айқындайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.


Критериалды бағалаудың келесі теориялық аспектісі – кері дизайн
Мұғалім әрекетінің «оқу мақсаттары → сабақ → бағалау» реттілігі классикалық түрге айналды. Алайда, білім беру үдерісін жобалаудың жаңамоделі аталған ұстанымның бағаланатын, қол жеткізетін білім, білік, дағдылар арасындағы сәйкессіздік тұрғысынан алғанда қайта қарауды қажет ететіндігін көрсетеді (нені оқытуы және нені бағалау қажеттігі арасындағы қарама-қайшылық).
Кері дизайн – бұл білім беру үдерісіндегі арнайы педагогикалық жобалау технологиясы, негізгі критерийі мазмұн емес (контент), оқытудың жоспарланған нәтижелері (Велединская, Дорофеева, 2014). Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімнің оқу мақсатын анықтап, бағалау үдерісін жобалауы, қарастыруы, содан соң ғана жоспарлауы арқылы білім алушыларға сабақ өткізу әрекеті әлдеқайда тиімдірек екені байқалды.
Уигнис және Тай (2011) кері байланыс технологиясы аясында білім беру үдерісін жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады:
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Білім алушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап.
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Білім алушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап.
3-кезең – Оқуды және білім алушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.
Мұғалімге толық оқу-әдістемелік кешенді алдын ала ұсыну (оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінің жинағы, мұғалімдерге арналған жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар және т.б.) кері байланыс үдерісінде білім беруді жоспарлауға мүмкіндік береді: оқу бағдарламасы – бағалау үдерісі – оқыту мен оқу үдерісі. Бұл оқу үдерісі оқу мақсатына жетуге, бағалау оқу қорытындысы бойынша күтілетін нәтижеге сәйкес деңгейді белгілеуге бағыттайды.
Критериалды бағалаудың келесі теориялық аспектісі  әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
Критериалды бағалау жүйесі оқытуда әлеуметтік-конструктивистік көзқарасқа сүйенеді. Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы білім беруде ұжымдық, топтық, жеке-тұлғалық оқыту үдерісінде әлеуметтік конструкцияға ерекше көңіл бөледі.
Дэвис және Херш (1981) оқытуда сындарлы (конструктивистік) көзқарасы бар мұғалім оқыту мен бағалаудың білім мен дағдыны дамытуға бағытталғанын түсінеді деп есептейді. Білім танымның келісілген аймағы ретінде қарастырылады; білім алушы білімді пассивті түрде алуды тоқтатып, сол білімнің «жасаушысы/құрастырушысы» бола бастайды.
Пиаженің (1967) әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес білім алушылар қандай дағдыларға қол жеткізді, қолынан не келеді, нені таныды тұрғысынан өз түсінігін қалыптастырған адам ретінде қарастырылады.
Оқыту білім алушылардың жаңа ақпаратты түсінуін, тәжірибе жинақтауын өзгерту (трансформациялау) үшін қолданылуы қажет деп түсіндіріледі (Выготский, 1966). Бұл білім алушылардың өз дағдыларын дамытуына, келешекте рефлексия арқылы абстракциялар көмегімен негізгі қағидаттарды қолдануына мүмкіндік береді (Дарлинг және Вэнворс, 2010).
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес білім алушылардың ойлауын дамыта оқыту түрлі дереккөздерден (мұғалім, құрдас, оқу ресурстары) «алынған» білімнің «бар болуын» өзара әрекеттестеседі, әлеуметтік ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату арқылы қамтамасыз етеді. «Мүлдем жаңа» білім ортасын құрады. Бағалау әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясының идеяларына негізделген, түрлі елдерде кеңінен қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалауды тәжірибеде жандандыруғамүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың келесі теориялық аспектісі  жақын арадағы даму аймағы.
Жақын арадағы даму аймағы түсінігі Л.С.Выготскийдің енгізуімен белгілі, ол «жақын арадағы даму аймағы, баланың даму деңгейі, яғни қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алатынын және үлкендермен, өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын әлеуетті даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білетінін анықтайды» дегенді білдіреді (Выготский, 1978, 86-бет). Осылайша, қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім немесе қабілетті құрдастарының бірі білім алушыға қолдау көрсетсе, оның дамуы жақын арадағы даму аймағында өтеді.
Критериалды бағалаудың келесі теориялық аспектісі  скаффолдинг теориясы Скаффолдинг теориясы Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы түсінігімен тығыз байланысты, оқыту когнитивтік емес, ең әуелі, әлеуметтік, тұлғааралық деңгейлерде болады деп болжайды. Аталған дәйектерге қарамастан, Л.С.Выготскийдің өзі «скаффолдинг» терминін ешқашан қолданбаған (Стоун, 1998), ол тек адамның когнитивтік дамуындағы әлеуметтік өзара әрекеттің маңызды рөлін атап көрсеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет