Әдебиеттер: 1. Ainsworth L. B., &Viegut D. J. (Eds.). (2006). Improving formative assessment practice to empowerstudent learning [Оқушының оқуын күшейту мақсатында қалыптастырушы бағалау тәжірибесін жетілдіру]. Thousand Oaks, CA: Corwin.
2. Bennett R. E. (2011). Formative assessment: a critical review [Қалыптастырушы бағалау: сыни шолу]. Assessment in Education: PrinciplesPolicy and Practice, 18(1), 5-25.
11. Black H. (1986). Assessment for learning [Оқу үшін бағалау]. In D. L. Nuttall (Ed.), Assessing Educational Achievement.(pp. 7-18). London: Falmer Press.
3. Black P. J. &Wiliam D. (1998a). Assessment and classroom learning [Бағалау және сыныптағы оқу]. Assessment in Education:Principles, Policy and Practice, 5(1), 7-74.
4. Black P. J. &Wiliam D. (2009). Developing the theory of formative assessment [Қалыптастырушы бағалау теориясын дамыту]. EducationalAssessment,Assessment and Accountability, 21(1), 5-31.
ДӘРІС – 3. БАҒАЛАУДЫҢ ӨЛШЕМДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Жоспар
Критериалды бағалаудың теориялық негіздері
ЭЫДҰ-ның құзыреттіліктің үш санатын айқындауы
Блімның білімді толық меңгеру теориясының ерекшеліктері
Жаңартылған білім беруді бағдарламасынын аса маңызды тұсы білім алушылардың оқу жетістілігін критериалды бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін қалайды. Жаңа бағалау жүйесін меңгеру үшін критериалды бағалаудың ғылыми-теориялық негізін білу, түсіну және тәжірибеде қолдана дағдысын қалыптастыру қажеттігі туындайтыны анық.
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта критериалды бағалаудың ғылыми-теориялық аспектілеріне жан-жақты талдау тұрғысында берілген.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған. Ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл білім алушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді.
Глейзер критериалды стандарттағы бағалаудың басқа білім алушылар жетістігіне тәуелділік пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, әр білім алушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығын атап көрсетті.
Бойл және Чарльз білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу, бағалаудың өзара байланысына және оқу үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделгенін айқындаған. Бұл барлық бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды, теориялық негіздемені болжамдайды (оқу мақсаттары, бағалау түрлері, құралдары мен нәтижелері), бұл критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық (концептуалдық) құрылымы.
Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі:
оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді;
білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады;
оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламасының мазмұны негізіндегі әр сынып үшін пән бойынша бағалаудың формалары мен тәсілдерінің әртүрлілігін қамтиды. Төменде критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық аспектілерінің сипаты 1-кестеде ұсынылды.
Кесте 1 – Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық аспектілерінің сипаты