Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет22/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Әдебиеттер:

  1. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. -М.: Педагогика. 1989. - 190 с.

  2. Основные результаты международного исследования образовательных достижений 15-летних обучающихся PISA-2012. Национальный отчет. – Астана: НЦОСО, 2013. – 283 с.

  3. 25. PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.

ДӘРІС – 6.


Жоспар

1. Мақсаттың құрылуы ерекшеліктері


2. Д.Доурдэн бойынша SMART мақсаттарды құрастыру
3. Мақсат қойған кезде орындалатын талаптар

Жоспарлау – қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды тиімді пайдалану, келешекте міндеттер мен әрекеттерді анықтаумен байланысты. Жоспар қаншалықты тиімді, жан-жақты ойластырылған болса, табысқа жету мүмкіндігі арта түсетіні анық. Жоспарлау барысында мұғалім мен білім алушының іс-әрекеттері, оның жүйелі алгоритмі, қажетті ресурстар, кездесетін кедергілерді жҥзеге асыруда әдіс, стратегияларды қолдану, сондай-ақ, уақыттың мақсатқа жетуге қаншалықты жеткіліктілігі ескерілуі шарт.


Мұғалім қызметіндегі аса маңызды жұмыс бағытының бірі – жоспарлау. Жоспар жасаудың алдында мұғалім оқытудың үш бағытын: эмоциялық, әлеуметтік және когнитивті салаларын басшылыққа алғаны жөн. Бұл болашақта білім алушының өз бетімен таңдау жасауына, оқыту мен оқуда өзгерістерге алып келуіне, оқытушылар білім алушылардың қажеттіліктерін және топтағы іс-әрекеттерін қалай жоспарлау керектігіне бағыттайды.
Кембридж университетінің аға лекторы Э.Уилсон үш салаға: эмоциялық, әлеуметтік және когнитивті қатысты топтағы жағымды жағдайды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін айқындаған.
Эмоциялық, әлеуметтік және когнитивті қатысты топтағы жағымды жағдайды қамтамасыз ету мүмкіндіктері 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Топтағы жағымды жағдайды қамтамасыз ету мүмкіндіктері





Оқыту саласы

Топтағы немесе сыныптағы жағымды жағдайды қамтамасыз ету жолдарыy айқындаудап алуы керек:

Эмоциялық сала

 Білім алушылардың қауіпсіздік және сенімсіздік сезімдерін болдырмау.
 Білім алушы ретінде жағымды рөлін, өз күшіне сенімділігін арттыру.
Оқуға деген құлшыныс, қызығушылығын оятуға.
 Табысқа жету, бақылау сезімдерін арттыруға.

Әлеуметтік сала

Қабылдау және қарым-қатынас сезімін көтеруге.
 Тең жағдайда бағалану сезімін жаңғырту, құруға.
 Әрбір білім алушының білім алуына деген Ұжымдық жауапкершілігін арттыруға, (ол топтық, жұптық жұмыс арқылы).

Когнитивті сала

 Тәуекелге бару жҽне оқыту мен оқуда қиындықтарды жеңу үшін өз-өзіне сенімділігін арттыруға.
 Топтағы іс-әрекеттің мағынасы мен маңыздылығын түсінуге.
 Ойлану, сауал қою, талқылау үдерісіне қатысуға.
 Сұрақ қою және идеяларды анықтауға.
 Білім алушыларды сабаққа белсенді қатысуға.

Екінші басымдық беретін жұмыс бағыты: сабақты жоспарлауда білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен анықталған оқу мақсаттары тұтастай шығу үшін негізгі төрт сұраққа жауап іздей отырып, қол жеткізуге болады.


Тәжіребеге сүйенсек, болашақ педагог маман өзіне-өзі сұрақ қоя отырып, бірінші сұрақ, «Мен кімді оқытып жатырмын?»  білім алушылардың қазіргі білім деңгейі; екінші сұрақ «Мен не үйретіп жатырмын?»  оқыту мен оқудағы қалыптасатын дағдылары; үшінші сұрақ «Мен қалай оқытамын?» оқыту әдіс-тәсілдері; төртінші «Білім алушылардың сабақты түсінгенін қалай анықтаймын?»  бағалау, сұрақ жауап тәсілдері, білім алушылардан кері байланыс алу арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлаудағы келесіжұмыс бағыты ол мақсат қою, мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек.
Оқушылар жетістіктерін бағалаудың негізгі мақсаты – алынған білім нәтижелерінің алдын-ала жоспарланғанымен сәйкестік дәрежесін анықтау.
Бағалау келесі жағдаймен іске асады:
Оқушының назарын жетістікке жету критерийлері мен оқу мақсаттарына аудару мақсатында мұғалімнің іс-әрекетін,әр оқушының жеке даму технологиясын жетілдіруге бағыттау, оның ішінде:
 Ары қарай оқу туралы шешімдер қабылдауы үшін (күштерін неге бағыттау, не затқа көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзеу, нені жетілдіру) оқушыға мәлімет беру
 Оқушыда өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
 Ұдайы оқушылармен кері байланыс орналастырып тұру;
 Оқушыны алдағы мақсатты оқуға ынталандырып отыру.
Келесідей ақпарат беріп тұру:
1) Оқушылардың жұмыстарының сапасы жайлы, 2) оқытушыларға оқушы прогресі туралы, 3) қоғам мен ата-анаға білім беру нәтижелеріне жету деңгейін және 4) мектеп пен ел бойынша жалпы есеп беру саясатын қалыптастыру
Мақсатты тұжырымдау мен оның бағалаудағы рөлі
Мақсатты тұжырымдау бағалаудың ажырамас бөлігі. Ол бағыттарды анықтау, шешім қабылдау мен жоспарлағанды орындауға көмектеседі. Қаншалықты мақсаттар анық қалыптасса, соншалықты бағалау дәлірек және тиімді болады. Көп жағдайда мақсатты тұжырымдау келесідей талаптардың орындалуын қажет етеді:
 Мақсаттардың анық тұжырымдалуы
 Мақсаттардың орындалатын міндеттеріне бөлінуі
 Ынталандыру мен табандылық
 Үздіксіз бағалау
Мақсат анық тұжырымдалуы болу керек:
1) Қандай жетістікке жетуді көре алу үшын нақты, спецификалық;
2) Өлшенетін, қандай мақсаттарға жеткендігін нақты айта алу үшін
3) Жете алатын, қандай әрекет қалаған нәтижеге жеткізетінін түсіну мақсатында іс-әрекеттерге бағытталған;
4) Шындыққа негізделген, оларға жете алу мүмкін болуы
5) Орындау үшін саналы құралдыр мен анық уақыттың болуы
Мыс: оқушылар апта соңында бестен кем емес сын есіммен суретті сипаттап бере алады.
Мақсаттардың орындалатын міндеттеріне бөлінуі (жұмыс этаптары)
Оқытушы мақсатты құрып алғаннан кейін, оған жетуге көмектесетін бағыттар таңдауы керек. Міндеттердің қойылуы мақсатқа жету үшін орындау керек маңызды іс-әрекеттердің тізбегін береді.
Мыс: оқушылар, біріншіден, сын есімді сөйлем құрамы ретінде түсіне бастайды, екіншіден, сын есімдерді зат есіммен бірге қолдануды тәжірибелейді және үшіншіден, өз ауызша және жазбаша сөйлеуінде сын есімді қолдана алатын болады.
Ынталандыру мен табандылық
Оқытушы қойылған мақсатқа жету үшін барлық қадамдарды орындауға ынталандыруы керек.
Мыс: Мұғалім топтың қызығушылығын басшылыққа ала отырып, оқушыларға өз бетімен міндет қоюды ұсынады. Көрсетілім уақытында қалған оқушыларға міндетті талдау мен өмір мен тәжірибеде қолданыстағы мысал келтіруді сұрауға болады.
Үздіксіз бағалау
Мақсатты тұжырым – белгілі бір уақытта іске асатын үздіксіз процесс. Қойылған барлық мақсаттарды әрдайым талдап қажет кезінде қайта қарап отыру керек. Мақсаттарды үздіксіз талдау оқытушыларды әрдайым приоритет (басты) қойып тұруға және маңызды шешім қабылдап тұруға итеріп тұрады. Көңілді ерекше орындалмаған немесе ұдайы уақытынан ауыстырылып тұратын мақсаттарға аудару керек.
Мақсатты тұжырымдау мақсаттың қойылуын оқытушының да оқушының да позициясынан қоюға мүмкіндік береді.
Бірінші әдіс дәстүрлі оқытуға тән болса, екіншісі – құзыреттіліктерге оқытумен байланысты қазіргі мектеп тәжіриесіне белсенді кіруде. Мақсаттың құрылуы ерекшеліктері 2 кестеде берілген:


Кесте -2. Мақсаттың құрылуы ерекшеліктері



Мұғалім тарапынан сабақтың мақсатының құрылуы

Оқушы тарапынан
сабақтың мақсатының құрылуы

Оқушыларды картамен таныстыру.
Оқушыларды картадағы шартты белгілермен таныстыру.

Оқушылар картаны оқи алады, шартты белгілерді таниды.
Оқушылар таныс емес мекенде карта арқылы игере алады.

Сын есім туралы білімді жүйелеу

Оқушылар сын есім арқылы сөз тіркес пен сөйлем құрып қолдана алады.
Оқушылар сын есімді сөйлеуінде қолданады.

Оқушыларды үшбұрыштармен таныстыру.
Тең бүйірлі үшбұрыш ерекшеліктерін түсіндіру.

Оқушылар үшбырыштың қанша жақты болатынын біледі.
Оқушылар тең қабырғалы үшбұрыш сала алады ұқсастықтар мен айырмашылықтар тізбегін жасай алады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет