Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет19/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Түсінікті нақтылау



Таксономия (грекше. táxis орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos  заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Блум таксономиясы білім игеруге бағытталған 6 қадам: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау. Блум таксономиясы білім игеруге бағытталған алты ойлау деңгейінің сипаттамасы 1-кестеде көрсетілген.


Кесте - 1. Білу деңгейінің сипаттамасы



Білу деңгейі

- Таным мен ойлаудың төмен деңгейі.
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

- Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

- Нақты фактілерді біледі;

- Жұмыстың орындалу ретін біледі;

- Негізгі ұғымдарды біледі;

- Ережелерді, қағидаларды біледі.

- Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.



Түсіну деңгейі таным мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету болып табылады.
Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Аударма жасау /трансляция/оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру(мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Экстраполяция  /жорамалдау/, яғни құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату болып табылады. Түсіну деңгейінің сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген.


Кесте - 2. Түсіну деңгейінің сипаттамасы



Түсіну деңгейі

- Оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау;

- Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

- Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

- Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

- Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

- Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.



Мысалы, түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз; зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз немесе шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз деп қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет