Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет34/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Әдебиеттер
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.


ДӘРІС - 10. ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРТТАРЫ


Жоспар

  1. Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі

  2. Өзін-өзі бағалау стратегиялары

Кіші мектеп жасындағылар – бұл баланың адами қарым-қатынастар әлемінде өзін, өз мотивтерін, қажеттіліктерін сезіне алу кезеңі.


Қазіргі таңда бастауыш мектеп жасындағы баланың өзін-өзі бағалауы оның мінез-құлқынан, тұлғааралық байланыстарынан ықпалы анық байқалады. Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы балаға жақсы оқуға, өз күшіне сенімді болуға, қызықты істі таңдауға кедергі келтіреді. Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру баланың белсенді әрекеттерімен, өзін-өзі бақылаумен және өзін-өзі қадағалаумен байланысты. Ойындар, сабақтар, қарым-қатынас әрдайым баланың назарын өзіне, өзінің іскерліктерін бағалауға бағыттайды.
Өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға екі фактор шешуші ықпал етеді: қоршаған адамдардың қатынасы және баланың өзі өз іс-әрекеттерінен, оның барысы мен нәтижелерінен саналы түсінуі. Бұл саналы түсіну жайдан-жай пайда болмайды: ата-аналар мен тәрбиешілерге баланы өзін көруге және түсіне білуге үйрету қажет, өз әрекеттерін басқа адамдардың әрекеттерімен бағдарлай білу керек. Әрбір жас кезеңінде өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға сол жастағы жетекші іс-әрекет ықпал етеді. Кіші мектеп жасында оқу іс-әрекеті жетекші іс-әрекет болып табылады; яғни баланың өзін-өзі бағалауының қалыптасуына оқу барысы, үлгерімі, жетістіктері тәуелді.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде өзін-өзі бағалау мәселелері кеңінен зерттелген. Оның теориялық және практикалық аспектілері отандық және шетел психологтарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап айтсақ, Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, В.В.Столин, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, У.Джемс, Е.В.Чеснокова, Д.Ж.Мид, Э.Эриксон, К.Роджерс.Өзін-өзі бағалауға ғалымдардың жасаған ой-тұжырымдары 1-кестеде берілген.


Кесте -1. Өзін-өзі бағалауға ғалымдардың жасаған ой-тұжырымдары



Авторлар

Ой-пікір, тұжырымдары

Э.Бернс

«Өзін-өзі бағалау – бұл индивидтің өз құндылығы туралы тұлғалық пайымдауы»

А.Г.Спиркин

Өзін-өзі бағалау «өзіне деген қатынасы» болып табылады, ол «өзін танумен» бірге өзіндік санаға кіреді

И.И.Чеснокова

«Өзін-өзі бағалауға өзін-өзі тану мен өзіне деген қатынастың тұрақты интеграциясы» деп анықтама береді

К.К.Платонов

Өзін-өзі баалау өзін-өзі танудың нәтижесі ретінде сипатталады

Л.В.Бороздина

«Өзін-өзі бағалау – бұл индивидтің өзі иеленетін нәрселерге қатысты сыни позицияның болуы, оның әлеуетін атап қана қоймай, оны белгілі бір құндылықтар жүйесінің көзқарасымен бағалау»

1. Өзін-өзі бағалау – әлеуметтік құбылыс, яғни ол тұлғаның өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктерімен, талаптарымен байланысты. Жалпы өзін-өзі бағалаудың жеткілікті жоғарғы деңгейі – еңбек пен қоғамдағы белсенділіктің маңызды шарты. Өзіне деген жағымды қатынас тұлғаның рухани жағымды белгісі болып табылатын өзін-өзі бағалауды зерттеу маңыздылығы осында. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзі жайлы пікірі оның іс-әрекеті мен істерін реттеудің негізі болып табылады.


2. Өзін-өзі бағалау – күрделі динамикалық тұлғалық құрылым, ақыл-ой іс-әрекетінің тұлғалық параметрі. Салыстыру, өзін басқа адамның орнына қою өзін-өзі бағалаудың жалпыға бірдей критерийі болып табылады. Өзін басқа адамдармен іс-әрекет барысында салыстыра отырып, адам басқа адамдардың бойынан байқаған қасиеттерді өзінен байқайды, нәтижесінде өз әрекет-қылықтарын, өз тұлғасының сапалары мен қасиеттерін саналы түсінеді. Бұл бірқатар психологиялық зерттеулер нәтижесімен дәлелденді.
3. «Өзін-өзі бағалау» – бұл адамда қандай да бір сапалардың, қасиеттердің болуы, болмауы не әлсіздігі туралы пайымдауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне, өз мінезіне, сыртқы түріне, сөйлеуіне және т.б. баға беруі. Адам өз өзіне ерекше таным объектісі ретінде болады.
Өзін-өзі бағалаудың негізгі құралдары: өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі есеп беру, салыстыру. Осылардың негізінде тұлға өзін-өзі, өз мүмкініктерін, сапалары, басқа адамдар ортасындағы орнын, түрлі саладағы жетістіктерін, адамдармен өзара қарым-қатынастарын бағалайды. Өзін-өзі бағалау адамның рефлексиясының, сынилығының, өзіне және өзгелерге талап қоюына тәуелді.
Өзін-өзі бағалау өз формасына байланысты (адекватты, тым жоғары, төмен) адамның белсенділігін арттыруы әлде басуы мүмкін. Адекватты емес, төмен өзін-өзі бағалау адамның әлеуметтік талаптар деңгейін төмендетеді, өз мүмкіндіктеріне сенімсіздіктің дамуына әкеледі, адамның өмірлік перспективаларын шектейді. Мұндай өзін-өзі бағалау ауыр эмоционалды күймен, ішкі конфликтілермен бірге жүреді. Төмен өзін-өзі бағалау қоғамға да зиянын келтіреді, себебі адам өз күштері мен мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алмайды, бар күшімен еңбектенбейді.
Өзін-өзі бағалаудың алғашқы зерттеулерін 30-жылдары алғаш рет К.Левин жүргізген. Қазіргі таңда да бұл мәселе аз зерттелінген. Осы уақытта өзін-өзі бағалауды оқып үйрену және оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы өзекті болып отыр.
Бұл бірінші кезекте, білім берудегі алға басумен, өзгерістермен байланысты болса, қоғаммен де соншалықты байланысты. Қазіргі кездегі мектептер үшін оқушыларға ақпарат, мәлімет беріп қана қоймай, оларды өздігінен білім алуға, өздігінен жетіліп-кемелденуіне дайындау өте маңызды. Ол үшін балада өзінің жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты, әсіресе, әділ бағалай білетін белсенді ұстанымын, позициясын, яғни өзіндік бағасының белгілі бір деңгейін қалыптастыру қажет.
Қалыпты жағдайда дамыған жеке адамның өзіндік бағасы жағымды түрде болуы қажет. Бұл адамның өз күшіне деген сенімділігін және белсенді іс-әрекетке бағытталуын қамтамасыз етеді. Жағымсыз сипаттағы өзіндік баға адамды селқостыққа, енжарлыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін бала жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзі сезе бастайтын, яғни бастауыш мектеп жасындағы оқушыда дер кезінде өз-өзіне қарым-қатынасын және өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет.
Л.С.Выготский балада жеті жаста жалпылама өзін-өзі бағалау қалыптаса бастайды деп болжайды. Өзін-өзі бағалаудың маңызды негізі қоғамда қабылданған әлеуметтік және құлықтық нормалар, дәстүрлер және әдет-ғұрыптар. Ағылшын психологы К.Роджерстің айтуынша, жоғары, тұлғаның шынайы мүмкіндіктерінен «Ілгерілеп кеткен» өзін-өзі бағалау тұлғалық өсу үшін қажет.
Өзін-өзі бағалаудың пайда болуын Л.С.Выготскийдің 7 жастағы дағдарыспен байланыстырады. 7 жас дағдарыс кезінде балалардың өзін-өзі бағалауымен не болады?Бұл өзгерістің негізінде қандай психологиялық заңдылықтар мен механизмдер жатыр? Оның оқу іс-әрекетінің құрылымымен қандай қатынасы байланысы бар?
Баланың өзіне деген қатынасы, мектептегі жақсы оқумен тығыз байланысты. Тұрақты бағалаудың пайда болуы баланың мектепке психологиялық дайындығының маңызды компоненті болып табылады.
Мектепте оқуда қиындықтарға кездесетін балалар өздерін жоғары бағаламайды. Бірақ бұл нәтиже баланың өзіне деген обьективті қатынасынан емес, оның психикалық және жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ересектермен қарым-қатынас балаға оқу міндетін қабылдауға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, тапсырмаларды орындауды меңгерудің жалпы тәсілдерін құруға мүмкіндік береді.
Тәртіпке үйрену де өзін-өзі бағалаумен байланысты. Куперслиздің айтуынша, өзін-өзі бағалауы жоғары балалардың ата-аналары ереже құруға қорықпайды. Олар ереже құруды, оны орындауды балалармен бірге отырып талдайды. Егер ата-аналардың ереже құру жағдайында, тәртіп орнату жағдайында мүмкіндігі болмаса, өзі жанын қиналтқысы келмей, өз баласын жеткілікті бағаламайды. Егер ата-ана балалармен тәртіп туралы сөйлескісі келмесе: «сенің пікірің мені қызықтырмайды» деген тұжырымға сүйенеді. Бала бұл пікірді меңгерсе, нәтижесінде олардың өзін - өзі бағалау деңгейінің төмендеуіне әсер етеді.
Бастауыш сыныпта өзін-өзі бағалау мектепке дейінгі жасқа қарағанда сәл төмендейді. Неге? Бірінші сыныптан бастап олар өздерін құрдастарымен салыстырады. Бала өзінің мүмкіншілігін басқалардан төмен екенін сезсе, бұл өзін-өзі бағалауға да әсер етеді. Ал, жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі бағалау біршама тұрақталады. Баланың өзін-өзі бағалауы жоғарыламайды да және төмендемейді де. Бала әр салада өз орнын анықтап, соған сәйкес өзінің өзін-өзі бағалауын түзетіп алады. Ғалымдар М.Львов пен Л.С.Славинаның пікірлеріне жасалған талдау 2-кестеде берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет