Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет42/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

ТҮСІНІКТІ
НАҚТЫЛАУ

Модерация  бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.

Модерация  бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.


Модерация:
– бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді;
– олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалауды талқылайды.
Білу маңызды:
– Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін.
– Модерациялау бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез келген пән мұғалімі болуы мүмкін. Модерацияны жүргізу үлгісі 8 - кестеде берілген.


Кесте  8. Модерацияны жүргізу үлгісі





Тапсырма. Өрнектің мәнін табыңыз: 73 + 25 – (46 – 27)



Сұрақ

жауап

Балл

Қосымша ескертулер

1

Амалдардың орындалу тәртібін таңдайды

1

Азайту амалын бірінші орындауға болады



2

Қосындының мәнін табады98

1

3

Айырманың мәнін табады 19

1

4

Айырманың мәнін табады 79

1




Жалпы балы

4




Берілген тапсырмаға сай жоғарыдағыдай балл қою кестесін айқындап алынуы керек. В деңгейлі оқушының жұмысына берілген талдау үлгісі 9-кестеде берілген.




Кесте  9. В деңгейлі оқушының жұмысы



Модерация үдерісі кезінде мұғалімнің модерацияға дейін, модерация кезінде және модерациядан кейін іс-әрекеті нақты айқындалуы керек. Мұғалімнің модерацияға дейінгі іс-әрекетінде:


1.Оқушының жиынтық бағалау жұмысы балл қою кестесіне сәйкес бағаланады
2. Балдар қарындашпен қойылады.
3. Жұмыс үлгілерін іріктейді.
4. Оқушылардың жұмыстарының көшірмелерін немесе шифрлы жұмыстарды дайындайды.
Мұғалімнің модерацияға кезіндегі іс-әрекетінде:
1.Жұмыстың нәтижесін әріптестермен бірге талқылайды және барлығы балл қою кестесін бірдей түсінетініне көз жеткізеді
2. Нәтижеге немесе балл қою кестесіне қажет жағдайда өзгерістер енгізеді.
3. Жұмыс үлгісіне балды қаламмен қояды
Мұғалімнің модерацияға кейінгі іс-әрекетінде:
1.Модерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысын бағалауда балдың арту не кему жағына қарай өзгеру мүмкіндігін қарастырады
2. Қорытынды балл қаламмен қойылады.
Модерацияны тиімді өткізу үшін жасалатын жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті; ашық және айқын қарым-қатынас, тиімді кері байланыс және кәсіби қолдау жасалуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет