Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)
Философия ғылымында рефлексия 1) ақыл мен ойлаудың өзіне жүгіну қабілеті, 2) жаңа білім алу мақсатында білімді талдау, 3) ақылы мен рухани жай-күйін өзін өзі бақылау; 4) өзін жүзеге асыру негізіне бағытталған зерттеу актісі деп түсіндіріледі. Рефлексия мазмұнының көлемі мен көп қырлылығы, белгілері мен қасиеттері мол. Қазіргі уақытта психологияның жекелеген салалаларында рефлексиялық үдерістерді зерттеу жалғасуда. Рефлексия ұғымының психологиялық мазмұнын ашу үшін, сананы (Выготский), ойлауды (Алексеев Н.Г.), шығармашылықты (Понамарев Я.А., Степанов С.Ю.), қарым-қатынасты Андреева Г.М., Кондратьева С.В.), жеке басты (Выготский Л.С.) зерттеу тәсілдері ретінде еңбектерінде қарастырды. Рефлексия ұғымы қазіргі уақытта болашақ педагог маманның кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзыреттілігінің негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Қазіргі уақыттың философиялық идеялары «өзіндік» және «мен» ұғымдарына бағытталады. Рефлексия ұғымын Джон Локи 17 ғасырда енгізген. Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі –деп анықтама берген. Б.З.Вульфов пен В.И. Харькин «рефлексияны ешкім және ешнәрсе алмастыра алмайды», деген пікір білдіреді. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кателерді мойындауы не жоққа шығаруы». Қазақстандық ғалым М.Н Оспанбекованың «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық технологиялар негізінде оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлау»тақырыбындағы диссертациялық еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының рефлексиясының құрылымы, түрлері, типтері, қызметтері мен дамытушылық мүмкіндіктеріне жан-жақты талдау жасалған. Бастауыш сынып оқушыларының рефлексиясының құрылымына байланысты ой-пікірлер бойынша рефлексияның түрлері, типтері, қызметтері мен дамытушылық мүмкіндіктерінің жалпы сипаттамасын 2суретте бейнеленген. Сурет - 2. Оқушы рефлексиясының жалпы сипаттамасы Рефлексиялау білігі арқылы тұлға өсмірде өз орнын табуға өзін-өзі тәрбиелеп, өз бетінше оқып білім алу, өз білімін жетілдіру, белгілі бір жағдайларда өзін өзі шектеу, өзіндік бақылау, өз өзін ынталандыру әдістерін қажет уақытында пайдалана алуға машықтанады. Тұлғаның «Мен» бейнесі, «Мен» бағдарламалары мен өзіндік бағалауы жинақталып, «Мен» тұжырымдамасын құрайды. Оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін рефлексиялау бойынша педагогикалықрефлексиясы сипаттамаларының графикалық бейнесі 3-суретте көрсетілген. Сурет - 3. Оқушы рефлексиясының сипаттамалары Демек, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетіне қатынасын қалыптастыру негізіне алынатын тетік ретінде, рефлексияның тұлғалық аспектісін атауға болады. Оқу іс-әрекетінің мазмұнына қатынас, рефлексияның интелектуалды аспектісін дамыту нәтижесінде, ал оқушының басқа оқушыларға қатынасы – рефлексияның коммуникативті аспектісі негізінде қалыптасады. Эмоционалдық рефлексия «Көңіл-күй гүлзары», «Себет», «Париж мұнарасы» әдістер арқылы жүргізілсе, эмоционалдық рефлексиядан танымдық рефлексияны жүргізуге көшкенде; «Бүгін не үйрендім? Мені не таңқалдырды? Нені дамытуым керек?», «Диалогтың маңызы», 5 минуттық эссе жазу, «Блум стратегиясы», «Екі жақты түсіндірме күнделігі», «Табыстылық траекториясы», «Ой артынан ой туар» сауалнамасын алу арқылы түрлендіре отырып жүргізуге болады. Бүгінгі таңдағы мұғалім қызметіндегі педагогикалық үдерістегі рефлексия – өзін өзі бақылау, дамыту, сондай-ақ педагогикалық үдерістің оң және теріс жақтарының себептерін анықтауға, қайта ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Педагогтық қызметте орындайтын функцияларына байланысты рефлексия негізгі үш нысанда қарастырылады. Олар: жағдайлық, ретроспективті және перспективті рефлексия болып табылады. 1. Жағдайлық рефлексия – «уәждеме» және өзін-өзі бағалау түрінде талдау жұмысында «осы жерде, қазір» рефлексиясы жүзеге асырылады. 2. Ретроспективті рефлексия – жүзеге асырылған іс әрекеттен кейінгі, орын алған оқиғаларға талдау және бағалау қызмет атқарады. Мұғалім өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін анықтайды. 3. Перспективті рефлексия – алдағы уақытқа жоспарлауда тиімді жолдарды қарастыруды қамтиды. «Рефлексия – адамның өз істерінің мəнін түсіну, ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық жəне анық есеп беруі немесе өзі əрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кателерді мойындауы не жоққа шығаруы». Оқу əрекетіндегі рефлексия – оқу əрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу əрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу əрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дəлелдеуге мүмкіндік алады. Оқушы рефлексия арқылы өз оқу əрекетінің тəсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нəтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Бірінші сатысы эмоционалдық, көңіл күй рефлексиясы, екінші сатысы– білімдік материалдың мазмұнына бағытталған рефлексия. Бірінші саты бойынша жұмысты рефлексия жасауға арналған стратегияларды қолдануға болады. Мысалы: «Көңіл-күй гүлзары», «Себет», «Эмоция ағашы» т.б. əдістерді қарастыруға болады. Бірінші сатыдан келесі сатыға көшуге арналған; «Білмедім, енді білемін», «синквейн», «қағаздағыəңгіме», «Дəйек», «Пікірім» сияқты түрлерін атап өтуге болады. Рефлексияның ең маңызды жұмысы оқушының қай материалды жеңіл қабылдайтыны, материалды меңгеруде қиналатын тұстары бар екенін түсіну өте маңызды үдеріс. «Борт журналы», «Қойын дəптер» əдістері арқылы баланың тереңірек ойлауына өз ойын қағазға түсіру барысында көптеген тың ойларына назар аудару, қай баланың болмасын ақпаратты қабылдау деңгейі, оны интерпретациялауының əртүрлі болатынын ұмытпағанымыз жөн. Атап айтсақ қазіргі таңда танымдық рефлексияға баса назар аударылып жүрген жоқ. Көбіне біз рефлексияны тек эмоционалды түрде ғана қарастырып жүргенбіз. Ал осы жұмыс арқылы біз баланың алған білімін немесе білімге деген көзқарасын көре алатынымыз жайында көп жағдайларда ойлана қоймаймыз. Мұғалімдер білімі мен кәсіби білім беру дайындықтарында толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат: іс әрекеттегі меңгеру үдерісін бақылау және басқару қызметіне басқа мұғалімдерді ортақ етіп отырады. Кәсіптік білім шарттарының өзгеруі кезінде ой толғаныста бола отырып, өзінің даму тетіктерінің негізін жоспарлайды – деп, Д.Дьюи мен Д.Шонның «Рефлексиялаушы практик» еңбектерінде көрсетілген. Рефлексияланушы мұғалім – бұл ойлаушы, талдаушы, өз тәжірибесін жетілдіретін зерттеуші педагог. Д.Дьюи еңбектерінде көрсетілгендей өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруге жалықпайтын қажеттілігі бар «өз кәсібінің мәңгілік оқушысы»–деп қарастырса, қазақтың ақыны О.Сүлейменов «Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: 1) не біле аламын, 2) не істеуім керек, 3) үміт артарым не?» – яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Ресей педагогы Б.З.Вульфов еңбектерінде: «Рефлексияны ешкім жəне еш нəрсе алмастыра алмайды»деген пікір білдіреді. «Кәсіптік рефлексия деп– педагогикалық жұмыс ерекшеліктерімен және жеке педагогикалық тәжірибесінің байланысының мазмұны – деп анықтама берсе, Е.Е.Рукавишникова кәсіптік рефлексия деп – маманның өзіне және кәсіптік қызметіне қатысты талдамалық позиция ұстану қабілетінен көрінетін кәсіптік өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі өзектендірудің психологиялық тетігін түсінеді. Рефлексияны тек эмоциялық жағынан ғана емес сонымен танымға бағытталса деген ойлар келеді. Бала сабақта не түсінгенін рефлексия арқылы біле аламыз. Сонымен оқушыға кез-келген тапсырманың орындалу жолын меңгерту оқу əрекетінің негізгі құрамын таныстырумен байланысты. Ол пəнді талғамайды. Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз ісіне жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін-өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады жəне мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының бір талабын оқып-үйренуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік берді. Рефлексия оқушының бойында қазіргі ХХІ ғасыр адамына керек ең маңызды қаситеттерді қалыптастыруға ықпал ететін айқындап, графикалық бейнесін 4суретте көрсетілген. Сурет - 4. Рефлексияның ХХІ ғасырдағы оқушыға керек ең маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпалы Жоғарыда аталған міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. жүктеу/скачать 4,69 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |