Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет41/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

ТҮСІНІКТІ
НАҚТЫЛАУ

Рубрикатор /Рубрикатор/ Marking Scheme  критерийлер, лейблдер мен дескрипторлардың болуын көздейтін, оқушы жұмысын қалай бағалау керектігін түсіндіретін құжат



Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысының бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде құрастырылған рубрикалар көрсетілген.
Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет.7- кестеде рубрикалар үлгілері берілген.


Кесте – 7. Рубрикалар үлгісі



Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі оқуға ынталандыруы қажет.


Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді.




ТҮСІНІКТІ
НАҚТЫЛАУ



Тест спецификациясы (ТС)  жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматын көрсететін құжат

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.


Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:
– тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
– тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:
– жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;
– бағалау құрылымы;
– тапсырмалар саны;
– тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:
– тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;
– тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
– тапсырмалардың балл қою кестелері.
Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде тоқсан басында білім алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады. Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді. Бұл бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішіндетапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.
Бағалау бұл түрінде материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тапсырмаларды белгілі бір орында, белгілі қызметкерге ғана (мысалы, директордың орынбасары) мүмкіндік беріп сақтау ұсынылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды әдетте мұғалімдер өткізетін болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).
Бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:
– білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетінше орындауына қолайлы болатындай етіп отырғызуды ойластыру;
– білім алушыларды басқа білім алушылардың жұмыстарын көре алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу;
– білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс;
– негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс;
– тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Білім алушылар өздерімен бірге тек тоқсандық жиынтық бағалау бойынша спецификацияда көрсетілген материалдарды, құралдарды және заттарды ғана әкелуіне болады. Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.
Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы
Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды. Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.
Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушының оқудағы ілгерілеуін бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нәтижелерді, кері байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет.
Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау үдерісі
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады.
Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет