Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет6/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Оқу жоспары  оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген құжат



Құжатта оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.
Оқу жоспарында 1) ұзақ мерзімді жоспар, 2) тілдік мақсаттар және 3) орта мерзімді жоспар тұрғысында құрастырылған. Ұзақ мерзімді жоспар 3 сынып математика пәні бойынша үлгісі 1-суретте көрсетілген.

Кесте 1 – Ұзақ мерзімді жоспар үлігісі





1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

– 1А бөлім - 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту «Тірі табиғат», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» тақырыптары аясында*



– 2А бөлім - Үлес

«Уақыт», «Сәулет» ортақ тақырыптары аясында*





– 3А бөлім –Кестеден тыс көбейту және бөлу «Атақты тұлғалар», «Өнер» ортақ тақырыптары

– 4А бөлім - Жазбаша көбейту және бөлу и деление «Су – тіршілік көзі», «Демалу мәдениеті. Мерекелер» тақырыптары аясында*





Тілдік мақсаттар туралы бөлімінде:
Пән мазмұнын екінші немесе үшінші тіл арқылы оқыта отырып, жалпы білім беретін мектептер пән мазмұны мен тілдің қатар меңгерілуіне көмектесетін ортаны құруды мақсат етеді. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады.
Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.Орта мерзміді жоспар үлгісі 2-кестеде көрсетілген.


Кесте -2 Орта мерзімді жоспар үлгісі



Математика. Бастауыш мектеп 3-сынып

1A тарау: 1000 саны көлемінде. Қосу және азайту

Ұсынылатын бастапқы білім




Мәнмәтін




Бұл тараудың тілдік мақсаттары

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Сөйлесуге/хат жазуға пайдалы сөйлемдер топтамасы




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын белсенділік түрлері

Мұғалімдерге арналған жазбалар (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқу ресурстары
















Мұғалім мен оқушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.


Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі
Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін және апробацияланған Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:
1) қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу;
2) тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу;
3) тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар;
4) білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.
Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық
Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады.
Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады. Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1,2,3 және 4 сынып білім алушыларына пән бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) пән бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Соымен қатар, тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет