Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет7/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығы. www.cpm.kz

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Төртінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығы. www.cpm.kz. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 56-60 б.
3. Glaser, R. 1963. Instructional technology and the measurement of learning outcomes: some questions. The American psychologist. Issue: 8. Vol.18. pp. 519 - 521


ДӘРІС – 2. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

Жоспар


  1. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы формативті және суммативті бағалау арасындағы айырмашылық

  2. 1999 жылдары «Оқыту үшін бағалау» концепциясы

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.


Бүгінгі күні білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады.
Бағалаудың жаңа жүйесінің өзектілігі неде?1) біріншіден, қазіргі білім беру жүйесінде білім алушының білімін бағалауда қолданылып жүрген балдық жүйе білім алушының қандай да бір құзіреттілігін қалыптастыру үшін жеткіліксіз. 2) екіншіден, берілген тапсырманы тексеру кезінде (бақылау, тест, жазба жұмыстары т.б.) нақты бағалау критерийлерінің болмауы, үшіншіден, білім берушінің тек жіберілген қатені іздеуі, білім алушыны басқа білім алушымен салыстыру арқылы бағалауы, сондай-ақ, болашақ педагог мамандардың критериалды бағалаудың теориялық аспектісі мен практикалық қолданысындағы алшақтық болып табылады. Демек, өзін-өзі және бірін-бірі шынайы бағалауына кері ықпалын тигізеді.
Бағалау үрдісін қайта қарастырудың өзектілігі осы күні білімдегі заманауи стратегиялық міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды және заман талаптарын ескеріп, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім беру нәтижелерінің объективтілігін және қазақстандық білім алушылардың ел сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігімен анықталуда.
2016 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралы әзірленді және аталмыш оқу құралы мен нұсқаулықтар қазіргі бағалау жүйесінде мұғалімдердің және болашақ педагог мамандардың аса қажетті оқу-әдістемелік құралына айналды.
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, үйлестірушілерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерісін басқару, ұйымдастыру, жоспарлауға қатысты тәжірибелік ұсыныстар берілген.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта білім алушылардың оқу жетістіктерін, қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру кезінде мұғалімдерге, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде тәжірибелік ұсыныстар мен тоқсандық, жылдық бағалау механизмдерінің жолдары, әдістері көрсетілген.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Тарихқа көз жүгіртсек, формативті және суммативті бағалау арасындағы айырмашылық ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап енгізіле бастады.
Әлемдік тәжірибеде формативті бағалау екі түрлі сызбасы бойынша жасалады: Холистикалық бағалау сызбасы [англ. holism; гр. holos - тұтас, барлығы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке-жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау. Бұл қысқа мерзімде жүргізілетін жылдам бағалау. Акцент бөлшек құрамға емес, тұтас тұлғаға жасалатын кез келген тәсіл. Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
Алғашқы ұғымда қалыптастырушы бағалауды  аналитикалық бағалау деп аталса, жиынтық бағалауды  холистикалық бағалау деп аталып келді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет