Бағалау – объектінің құндылықтарын, кемшіліктерін, маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын белгілі бір критерийлер мен стандарттар негізінде анықтау үдерісі.
Жинақтау – алғашында бөлінген ұғымдарды біртұтас біріктіру үдерісі..
Талдау – біртұтас объектіні жақсылап зерттеу немесе оның мән-мағынасын түсініп-білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу үдерісі.
Қолдану – жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану.
Түсіну – негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету.
Білу – деректерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау.
ҚР МЖМББС қолданылатын таксономиялық тәсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша төменгі деңгейдегі дағдылар: білу және түсіну; қолдану; ал, жоғары деңгейдегі дағдылар: талдау, жинақтау және бағалау.
Критериалды бағалаудың теориялық бағытының бірі - сөйлеу әрекетінің теориясы И.А.Зимняя «Тілдік пәндерді оқыту сөйлеу әрекеттерінің толық сипаттарын меңгеріп, өз бетінше қалыптастыру тұрғысынан жүзеге асырылуы қажеттігін атап көрсетеді. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері мынадай дағдыларды қамтиды: ақпаратты еске түсіру дағдысы ретіндегі айтылым мен жазылым,сондай-ақ, ақпаратты қабылдауға бағытталған дағды ретіндегі тыңдалым мен оқылым.
Бағалау критерийлері аясында тілдік пәндер үшін ұсынылған сөйлеу әрекеттері дағдылары бойынша ҚР МЖМБС-нда күтілетін нәтижелерге сәйкес білім алушылардың не істей алатыны, коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері қандай мақсатта тексерілуі қажет екендігі анықталады.