Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет17/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Кесте 1. Критериалды бағалаудың ұйымдық құрылымы



ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ





ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ







1. Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді анықтау және оқушыларға беру;
2. Нені және қандай деңгейде түсінгенін/қол жеткізгенін дәлелдеуге көмектесетін сыныпта нәтижелі талдау үшін арнайы ортамен және басқа іс-шарамен қамтамасыз ету;
3. Оқушылардың дамуына ықпалын тигізетін нақты кері байланыспен қамтамасыз ету;
4. Бірін-бірі бірлесе оқытудың көзіне айналдыру үшін оқушыларды бірігуге шақыру;
5. Оқушыларды өз оқуын «құрастырушыларға» айналдыру



Бөлім бойынша бағалау
1.Тоқсан ішіндегі бекітілген бағалау рәсімдері
2.Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3 Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу



Бір тоқсанның жиынтық бағалауы
1.Қорытынды рәсім әр тоқсанның аяғында өткізіледі
2.Тоқсанның оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3.Жылдық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу
(тоқсандық бағалардың орта арифметикалық мәні

Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау
1.Жоғары және орта кезеңді аяқтағанда өткізілетін қорытынды рәсім
2.Пән бойынша күтілген нәтижелерге сәйкес оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3.Сыртқы бағалау



Кері байланыс «мұғалімнен оқушыға», «оқушыдан мұғалімге»,
«әкімшіліктен мұғалімге»

Оқушының портфолиосы



Мұғалімнің портфолиосы (мектептің қалауы бойынша)

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшелігі нақты көрсетілген.


Қалыптастырушы бағалау 1) оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, 2) тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда 3) баға, балл қойылмайды, 4) мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде 5) білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау, өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
 оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты;
шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады;
ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады;
үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады;
дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады.
2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады.
3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы.
4. Оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады.
5. Оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады.
6. Өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру.
7. Нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының нақты көрінісі.
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет