Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет18/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Әдебиеттер:
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.

ДӘРІС – 5. Б.БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ
Жоспар

1. Блум таксономиясының ерекшелігі


2. Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарын зерделеу және сабақты жоспарлауға қолдануды негіздеу
3. Мұғалімдердің өз пәні бойынша Блум таксономиясының танымдық деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар дайындау машықтарын жетілдіру.

Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б. терминдермен аталуда. Ал бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқытусияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары.


В.П.Беспалько: «Технология «тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы», - деп тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. 
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясыдегеніміз – әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі. В.П.Беспалько деңгейлеп, саралап оқытудың жаңа жолдарын ұсынып, оны төмендегідей деңгейлерге жіктеді:
Бірінші - оқушылық деңгей. Аталған деңгейде ұсынылатын тапсырмалар бағдарлама талабына сәйкес беріледі.
Екінші - алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде тапсырмалардың мазмұны күрделендіріле ұсынылады.
Үшінші - ізденушілік деңгей. Аты айтып тұрғандай, бұл деңгейде ұсынылатын тапсырмалар оқушыны ізденушілікке жетелейтіндей болуы шарт. Олар өзара сабақтастыққа, жүйелілікке негізделіп, оқушылардың танымдық қабілетін мен танымдық құзіреттілігін жетілдіруге бағытталады.
Төртінші - шығармашылық деңгей. Бұл деңгей оқушының шығармашылық қабілетін, дарындылығын, талантын ұштауға, оның жеке қабілетін дамытуға көмектесетін тапсырмалардан тұрады. Аталған деңгей тапсырмалары оқушының бүкіл қабілетін дамытып, жетілдіруге ықпал етеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының ұтымдылығы бұл технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей болғандықтан мұны оқшылардың барлығы орындауға міндетті. Екінші және үшінші деңгей бірте-бірте күрделене түсетіндіктен оқушылар бұл тапсырмаларды құқылы, ал төртінші деңгей тапсырмаларын шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар ғана орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шыға алмауы мүмкін.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады.«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.
Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет