Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет46/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімінің қорытындысы негізінде білім алушылар оқу жетістігі деңгейіне сәйкес максималды жинақталған балл саны түріндегі қорытынды нәтижеге қол жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін Оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес балдың пайыздық мазмұны 3-кестеде берілген.


Кесте - 3. Оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес балдың пайыздық мазмұны



Оқу жетістігі деңгейлері

Балдың пайыздық мазмұны

Болжам баға

Жоғары

81%100%

«5» деген бағаға сәйкес

Орта

21%80%

«3 – 4» деген бағаларға сәйкес

Төмен

020%

«1 – 2» деген бағаларға сәйкес

«Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері мысал түрінде 4-кестеде берілген.




Кесте  4. «Математика» пәні бойынша 1сынып білім алушыларының тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері





Бөлім бойынша жиынтық бағалау (ЖБ)

Білім алушылардың балы

Максималды балл

Оқу жетістігі деңгейі

Болжам баға

1

1-бөлім бойынша ЖБ

8

12

Орта (66%)

3-4

2

2-бөлім бойынша ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3-бөлім бойынша ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5



Тоқсандық баға қою
1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы есебінен жинақталады. 2-4-сыныптарда тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады.
Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:
– тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;
– тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша қалыптасады. Жиынтық бағалаудың үлес салмағы 5- кестеде көрсетілген.


Кесте  5. Жиынтық бағалаудың үлес салмағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет