Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет43/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Әдебиеттер
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.


ДӘРІС -12. КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ РЕФЛЕКСИЯ
Жоспар

  1. Кері байланыс қағидаты

  2. Рефлексияның маңызы

  3. Кері байланысты ұйымдастыру әдістемесі

Кері байланыс білім алушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Рефлексия мақсаты  өткенді еске түсіру, өзінің сабақ үдерісіндегі іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім білім алушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын ала біледі.




ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ



Кері байланыс  белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.





Кері байланыс:
 бағалаушы тұрғысында емес, сипаттамалық түрде болуы тиіс. Біз адамның әсерін жай сипаттағанда, ол осы ақпаратты оған керек болатындай етіп пайдалануға ерікті болуы тиіс. Бағалау санаттарынан аулақ болып, біз адамның ұмтылысын қолдаймыз;
 жалпыланған емес, нақты болуы тиіс. Яғни толық мінез-құлқына емес, оның қатысушының нақты жеке көрінісіне қатынасы болуы керек. Әлдекімнің «басымды» болғаны соншалықты пайдалы еместігін айту: «сол сәтте біз осы проблеманы талқылағанда, маған басқалардың не айтып отырғанын сенің тыңдамайтыныңды көрсетті және мен қысым көрсететініңді немесе шабуыл жасайтыныңды сездім»;
 кімнің кері байланысты алатынын және кімнің беретінін қажеттілікте ескеруітиіс. Кері байланыс егер ол оны беретін адамның ғана көзқарасын қорғайтын болса және оны алатын адамның қажеттіліктерін ескермесе, қауіпті болуы мүмкін;
 кері байланыс оны алатын адам өзгертуі мүмкінжағдайға бағытталуы тиіс. Егер кері байланыс қандай да бір жөнделмейтін ақауға қатысты болса, онда кері байланысты алушы оны бақылай және нақты өзгерте алмайды, бұл жағдайды сәтсіздік жаңдайы тек ұлғаюы мүмкін;
 тартымды болуы тиіс. Кері байланыс алушы байқауға жауап бере алатын сұрақтарға тұжырым жасағанда, барынша пайдалы;
 уақтылы болуы тиіс. Жалпы алғанда, кері байланыс орындалған әрекеттен кейін дереу берілгенде пайдалырақ болады (әрине, оны қабылдаушы адам тыңдауға дайын болса);
 хабарламаны дұрыс түсінгеніне күмәні болмауы үшін кері байланыс тексерілгенболуы тиіс. Мұны тексерудің бір жолы – кері байланысты алушы естігенін қайтадан түсіндіріп айтуы керек;
 топтың мәнмәтінінде іске асырылуы тиіс. Кері байланыс тренингілік топта берілгенде және кері байланысты беруші мен оны алушы топтың басқа мүшелері де осылай қабылдағанына көз жеткізу арқылы оның дұрыстыған тексере алады.
Кері байланысты қалай беріледі:
 өзіңіз туралы бірнеше сөз айтыңыз;
 «Мен» есімдігімен өз сөйлеміңізді бастаңыз;
 алдымен жақсы жақтарын атап шығыңыз;
 түсіністік білдіріңіз;
 сізге ұнамайтынын нәрсені нақтылап айтыңыз. Жалпылама айтудан аулақ болыңыз;
 сөкпеңіз;
 қолдануға пайдалы болатын нақты кеңес беруге ұмтылыңыз.
Кері байланысты қалай алуға болады?:
 кері байланысты соққы емес, ұсыныс ретінде қабылдаңыз;
 сіз қайсы іс/қимыл/әрекет бойынша кері байланыс алғыңыз келетінін айтыңыз;
 ұқыпты тыңдаңыз, сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлмеңіз;
 қорғанбаңыз;
 айтылғанға кері байланысқа талас тудырмаңыз;
 кері байланыс үшін алғыс айтыңыз.
Мұғалімдерге кері байланыс беру ережесі 1суретте берілген.


Сурет -1. Мұғалімдерге кері байланыс беру ережесі



Кері байланыс жүргізуге байланысты дәлелдер мен зерттеулерлен мысалдар келтіруге болады:



  1. Кері байланыс ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Нақтылай айтқанда, қай нысан жақсырақ екені туралы ешқандай да белгілі бір дәлел жоқ; бұл мәтінге байланысты.

  2. Аса табысты мұғалімдер аса табысты емес мұғалімдерге қарағанда мақтауды сирек қолданады.

  3. Мақтау жалпылама түрде емес анық болуы, мақтау,а тұратындығын нақты сипаттауы тиіс.

  4. Кері байланыс, егер адамға емес тапсырмаға негізделген болса, аса тиімді болады.

  5. Баға, белгі, қанат белгісі және т.б. келесі жұмысқа аз әсер етеді.

  6. Тәртіп пен таныстыру рәсіміне кері байланысты жиі беру кері байланыстың ойлау үдерісі сапасына тигізетін мәнін нашарлатады.

  7. Жүйелі түсіндірмелер оқушыларға қалай дамуы қажет екенін түсінуге көмектеседі.

  8. Даму үшін арналған ықтимал стратегияларды жақсарту және айту саласын анықтауі толық шешімге ұсынғанға қарағанда көп әсер етеді (мысалы, мұғалімдердің жұмысты түзетуі), себебі оқушылар өз бетімен ойлауны тиіс.

  9. Оқушыларға ең бастапқы сатысында жақсыға қарай өзгерту үшін мүмкіндіктер берілуі тиіс.

  10. Бүкіл сыныпты қамтитын жалпы кері байланысты ұсыну маңызды болған жағдайда сыныпта дербес кері байланысты айту қауіпсіз емес.

  11. Қателер бұдан әрі оқыту үшін маңызды мүмкіндіктер ретінде қарастырылуы мүмкін.

  12. Егер оқушылардың күші ескерілген болса, олар өз оқуларын жақсарту мүмкіндігіне сенуі мүмкін. Егер олар табыс туа біткен қабілеттілікке байланысты деп ойлайтын болса, онда олар құлдыраудан қашқақтау үшін жеңілуі мүмкін.

Жазбаша кері байланыс жүргізуде оқушылардыңорындалған жұмыстарынаберілетін мысалдар, транскрипциялардың үлгілері 1-кестеде берілген.


Кесте -1. Жазбаша кері байланыс беру үлгілері



Позитивті жазбаша кері байланыс



* Өте жақсы жұмыс!
* Жақсы ұйымдастырылған
* Өте керемет!
* Жақсы талпыныс!
* Өте жақсы идея!



* Уау!
* Ғажап!
* Өте жақсы тырысқансың!
* Жақсы тырысқансың, бірақ біршама шатасып кеткен тұстарың бар!

Ұсыныс ретінде берілетін жазбаша кері байланыс



*Жақсы талпыныс, егер түсініксіз болса, кеңес ал!
* Өте жақсы жұмыс – жазу ережесін дұрыс қолдан
* Жақсы сәттері бар, дегенмен түсініксіз тұстарын қайта қарап шық!
* Жақсы күш салғансың, дегенмен сөйлемді ..дан бастама, себебін дәлелде.
*Өте жақсы + түзетілген қателер!
* Осылайша жалғастырыңыз!

* Жұмыстың жасалуы жаман емес, бірақ тұрақтылық болуы керек. Жоғары балл жинақтауға шамаң бар деп ойлаймын. Мақсаты – тәжірибеге гипотеза мен пікірлерді енгізу қажет.
* Аталған тізімді тағы бір қарап шық, кейбір тармақтары фактор емес, пікір болып табылады.
* Өте жақсы, сіз осындай айқын ұғымның бар екенін білдірдіңіз!



Оқыту процесін жақсарту мақсатында кері байланыс нәтижесінде мұғалім қызметін реттеу
Кері байланыс (рефлексия) – өзіндік білімі мен жетіcтіктерін бағалаудағы ең жағымды құралы болып табылады.Рефлексияны қолдану əсіресе кіші жастағы балалардың білімін бағамен шектемей, білім алуға деген қызығушылығын жоғалтпауға өз ықпалын тигізеді. Оқушы өз білімін өзі нақты бағалай алғанда ғана ары қарай білім алуын өзі реттей алуды үйрене бастайды. Оқушы рефлексия арқылы өз оқу əрекетінің тəсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия– оқушыға алынған нəтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия –өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тəсілі жəне ойлаудың қажетті құралы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет