Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет5/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Оқу бағдарламасы  әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайтын құжат

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралында ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар сипаттамасын айқындаған.


Ұзақ мерзімді жоспар:
 ортақ тақырып бойынша оқу мақсаттарын бөлімдер бойынша топтайды;
 алдыңғы жұмыспен, мақсатпен өзара байланыс орнатуға, және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;
 бөлімдер бойынша теңестірілген және басқарылатын байланысты орнатуды қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді жоспар:
 мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауда қажетті бөліктерді береді;
 сабақ беруде әр түрлі тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік жолдарын анықтайды;
оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдерін және негізгі ресурстарын ұсынады;
 бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;
 тіл қабілетін жақсарту бойынша талаптарды анықтайды.
Қысқа мерзімді жоспар:
 оқытуды ұйымдастыру үдерісін анықтайды: жаппай оқыту, топтық, жұптық жұмыс, жеке жұмыс;
 оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады;
 бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушымен оқу мақсатына жету туралы кері байланысты береді. Ұзақ мерзімді жоспар:
 ортақ тақырып бойынша оқу мақсаттарын бөлімдер бойынша топтайды;
 алдыңғы жұмыспен, мақсатпен өзара байланыс орнатуға, және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;
 бөлімдер бойынша теңестірілген және басқарылатын байланысты орнатуды қамтамасыз етеді.
2016 жылғы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындабастауыш мектеп 1-4 сыныптароқу бағдарламасында әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сəйкес əр оқу пəнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Құжатта оқыту үдерісін оқушылардың пəн салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін əр пəннің əдістемелік əлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-əрекеттері тəсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, əлеуметтік-мəдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дəстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тəсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тəсілдемелер пəн бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, ісəрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тəсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нəтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті əдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік жəне рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тəсілдемелері оқытуды білім, идеялар жəне іс-əрекет тəсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пəннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кəсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-əрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық жəне əлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пəннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тəрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
Əр пəннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы əр пəн қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тəсілдеме əрбір оқу пəнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім жəне білікпен алмасу, тілдік жəне сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты əдістəсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу əрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
Пəн мазмұнын меңгеру жəне оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру жəне көрсету, ақпараттар жəне идеялармен алмасу үшін бірлесіп əрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек екеніне аса мән берілген
Құжатта оқу пəнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нəтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі жəне тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тəрбиелеуде нақты оқу пəнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тəрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын жəне нақты пəнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нəтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларының тек пəндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық жəне шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тəсілдерін қолдану, топпен жəне жеке дара жұмыс істей алу, мəселелерді шешу жəне шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тəжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
Нақты пəн бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады жəне оқушылардың меңгерген білім, білік жəне дағдыларын кез келген оқу үдерісінде жəне өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады  делінген. Бұл құндылықтар оқушының тəртібі мен күнделікті іс-əрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет