Дәрістің мақсаты: Бұқаралық театрландыру шараларға арналған сценарий жазу Дәрістің мазмұны



Дата28.02.2022
өлшемі14,85 Kb.
#26636
түріСценарий

Дәріс №6.

Тақырыбы: Бұқаралық жұмыстың театрландырылған түрі драматургиясының өзіндік ерекшеліктері.



Дәрістің мақсаты: Бұқаралық театрландыру шараларға арналған сценарий жазу

Дәрістің мазмұны:

Драматургияның ерекше жанры ретінде бұқаралық жұмыстың театрландырылған түрі драматургиясын сипаттау үшін оның театр, телевидение, кино, радио драматургиясымен ортақ ұқсастықтарын көрсететін жалпы белгілерін көрсетіп қою аз. Сондай-ақ, мәдени-тынығу жұмысының бұқаралық түрінің драматургиясына ғана тән өзіндік ерекшеліктерді де анықтау қажет.Бұл қандай ерекшеліктер екен? Бұқаралық жұмыс түрлері драматургиясының ең басты ерекшелігі-оның деректілігі.Театрландырылған бұқаралық әрекет драматургиясы міндетті түрде шынайы, нақты өмірлік деректерге және оларға көркемдік мағына беруге негізделуі тиіс. Сондықтан мұнда екі тізбектің- деректі публицистикалық пен көркемдік бенліліктің-үйлесімділігі болуы тиіс. Мұндай үйлесу бұқаралық іс-шара сценарийне көлемділік, мәнерлілік және тереңділік береді, сол арқылы қатысушыларға театрландырылған қойылымға негіз болған оқиғаның жақсы түсінулеріне және сезінулеріне көмектеседі.



Қазіргі күні деректілікке көңіл бөлу бұқаралық жұмыс драматургиясының басты ерекшелігі болып табылмайды, себебі, оны ұстану бүгінгі күні театрға да телевидение мен радиоға да тән. Дегенмен, деректілік көшелерде, клубтарда өткізілетін бұқаралық іс-шараларға көбірек тән, себебі, олар нақты адамдар қауымына анағұрлым жақындастырылған.

Бірінші бағыт еңбек басталары өндірісінде пайда болған күнделікті еңбек тәсілінің көрініс табуы болып табылады. Екінші бағыт жеке адамның, сондай-ақ бригаданың, цехтың, өнеркәсіптің немесе еңбекшілердің жекелеген тобының еңбегін қоғамдық бағалау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет