Дәрістің мақсаты


Анатомиялық зерттеу әдістері



бет2/5
Дата15.10.2022
өлшемі4,58 Mb.
#43256
1   2   3   4   5

Анатомиялық зерттеу әдістері

  • Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері;
  • Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері;
  • Микроскопиялық зерттеу әдістері;
  • Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеу әдістері.

Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері

  • Антропометрия – дененің бөліктерін өлшеу, бойы, салмағы.
  • Рентгеноанатомия (рентгенография, томография, электроренгенография)– рентген сәулесімен пленкаға түсірілген ағзалар суреттері.
  • Эхолокация (УЗИ) – ультра дыбыстық зерттеу әдістері.-
  • Компьютерлік томография (КТ) – ағзаның пішіні, орналасуы және орналасуының өзгеруі анықталады.
  • Магнитно-резонанстық томография (МРТ) – ағзалардың ішкі құрылысын әртүрлі жазықтықта арнайы магниттік қондырғылармен терең зерттеу.
  • Эндоскопия – ішкі ағзалардың қуысын арнайы оптикалық құрал – эндоскоппен тексеру.
  • Соматоскопия – тірі адамдар денесіндегі анатомиялық құрылымдарды көзбен анықтау және басып сипап табу.
  • Функционалдық әдістер – тірі адамда пальпация (басып сипау, түрткілеу), перкуссия (саусақпен соғу), аускультация (тыңдау).

Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері

  • Препараттау –мүрдені кесу және жару арқылы ішкі ағзаларды, тамырлар мен нервтерді айналасындағы ұлпалардан бөліп алу.
  • Сипаттау – мүрдені препараттау кезінде ағзалардың түсін, пішінін, бөліктерін және топографиялық құрылысын сипаттау.
  • Мүрдені немесе жеке ағзаларды арнайы сұйықтықтармен қатыру (бальзамдау, фиксациялау) – формалинмен, спиртпен.
  • Төменгі температурада қатырылған дененің немесе ағзалардың кесіндісін Пирогов әдісімен дайындау.
  • Инъекция әдісі– тамырларға, өзектерге, қуысты мүшелерге әр түрлі сұйықтық заттарды енгізу.
  • Коррозия әдісі –ағзалардың тіндерін еріту үшін әр түрлі қышқыл және сілтілермен әсер ету.
  • Полимерлік бальзамдау немесе пластинация – медициналық полимерлік заттармен (Силикон) мүрдені және ағзаларды қанықтырып сіңдіру.
  • Кептірілген анатомиялық препараттар – мүрдені және ағзаларды желдетілген ыстық ауамен кептіру (Грубер және Шор әдісімен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет