Сүйектің химиялық құрамы. Үлкен адамның сүйегі: 50%-су, 28,15 % органикалық, 21,85 % -бейорганикалық заттар.
Сүйектің 1/3-бөлігі «оссеин» деп аталатын органикалық заттардан, 2/3-бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады
Сүйектің физикалық қасиеті (беріктілігі, майысқақтығы) органикалық және бейорганикалық заттардың қатынасына байланысты;
Сүйектің құрылысы
Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни қан тамырлар өзегінің айналасында орналасқан сүйек пластинкалар жүйесі (остеобласттар, остеокласттармен түзілетін).
Остеондардан сүйек перделері немесе трабекулалар түзіледі:
а) егерде трабекулалар нығыз жатса, онда тығыз заты – substantia compakta түзіледі (түтікті сүйектердің диафизін қоршап орналасады);
7– остеон қан тамырлары (остеондардың қоректендіргіш каналдарынан өтіп, сүйек кемігіне жетеді).
Кеуекті зат ұяшықтарында және сүйек қуысында сүйек кемігі (майы) орналасқан, ол қан түзуші және биологиялық қызмет атқаратын құрылым: сүйектің қоректенуіне, дамуына, өсуіне қатысады.
Кеуекті зат ұяшықтарында және сүйек қуысында сүйек кемігі (майы) орналасқан, ол қан түзуші және биологиялық қызмет атқаратын құрылым: сүйектің қоректенуіне, дамуына, өсуіне қатысады.
Сүйек кемігінің 2 түрі бар:
Сүйектің қызыл кемігі-medulla ossium rubra ретикулярлық тіннен тұрады, оның торында қан және сүйек түзетін клеткалық элементтері болады. Қан тамырлары және қан элементтері сүйек кемігіне қызыл түс береді. Жаңа туған нәрестеде көп болады.
Сүйектің сары кемігі- medulla ossium flava түтікті сүйектердің қуыстарын толтырып жатады, негізінен май тінінен тұрады..
Ортан жілік кесіндісінің құрылысының үлгісі
Адам денесінің жас шамасына байланысты ерекшелігі
Адамның дене бітімінің үш түрі болады (факторлар әсерінен)