2. 3 кезең – курстық жұмыстың безендірілуі Курстық жұмыстың безендірілуі жұмыстың жоспарына сәйкес тарауларды топтастырудан басталады (2 қосымшаны қараңыз). Әрбір тарауларды мұқият оқып шығып, оларға қорытынды жазу керек. Содан кейін жапы жұмыстың теориялық және практикалық зерттеулер бойынша қорытынды жазылады. Сонан соң жұмысқа кіріспе жазылады.
Кіріспе - ғылыми-зерттеу жұмысының алғышарт бөлімі. Автор оқырманды қызықтыратындай сөзі бастап, зерттеудің практикалық мәнділігін көрсетіп, эксперименттің базасын, зерттеудің әдістерін, қорғауға ұсынылатын қағидаларды, объектісін, пәнін, гипотезасын, зерттеудің мақсат-міндеттерін тартымды баяндайды.
Курстық жұмыстың құрылымдық бөлімі – библиография, немесе әдебиеттер тізімі. Бұл алфавиттік рет бойынша орналастырылған кітаптар мен мақалалар тізімі (3 қосымшаны қараңыз).
Курстық жұмыс иллюстрацияларға, қосымшаларға ие болуы мүмкін. Олардың әрбіреуі араб сандарымен нөмірленеді және тақырыбы болады. Қосымшалар араб сандарымен нөмірленеді, олар жұмыста келтірілу реті бой»ынша орналастырылады.
Мазмұныжұмысты топтастырғаннан кейін құрылады ( қосымшаны қараңыз). Содан кейін титулдық бет жазылады ( қосымшаны қараңыз). Талаптары:
авторлық мәтін компьютерде 14 кеглімен, Times New Roman шрифтімен, 1,5 интервалмен А4 форматты бетті терілуі тиіс;
терілген мәтіннің көлемі: жоғарғы – 20 мм, оң – 10 мм, сол – 20 мм кем емес, төменгі – 20 мм болуы тиіс;
мәтін беттері 3 –ші «Кіріспе» бетінен бастап араб сандарымен нөмірленеді. Титулдық бет және мазмұны жалпы беттер саны енеді, бірақ нөмірленбейді;
бас әріптермен жазылады: МАЗМҰНЫ-ЖОСПАРЫ, ТАРАУЛАР АТАУЫ;