Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып - танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып - танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыстану зерттеушісі Гексли енгізді.
Эмпиризм - таным процесі мен білімнің негізінде сезімдік тәжірибе жатады деп түсінетін танымдық әдіс және бағыт (“Сезім мен тәжірибеден өтпегеннің ойда болуы мүмкін емес”). Фр. Бэкон Рационализм – философиядағы бағыт және әдіс. Рационализм “нағыз шын білім сезім мен тәжірибенің әсерінсіз, қатынасынсыз, тек ақыл арқылы (яғни ақылдың өзінен) алынады” деп есептейді. (“Барлық нәрсеге күмән келтіруге болады, ал күмәндану ойдың, ақылдың жұмысы”).өкілдері Декарт, Спиноза, Лейбниц.
Сенсуализм – таным көзі және ақиқат өлшемі сезімдер деп мойындайтын философиялық ағым. Сенсуализм барлық білім сезім мүшелері арқылы алынатынын дәлелдеуге тырысады (“ақылда бар нәрсе сезімде бар”, “сезімде жоқ нәрсе ақылда жоқ”). Антикада Демокрит, Эпикур, жаңа заманда мат.сен Гоббс, Локк, Дидро, идеал .сен Беркли, Юм
Философияның тарихи типтері:
Ежелгі Шығыс философиясы, Антика философиясы (б.д.д.ҮІ-Үғ.ғ.–б.д. Үғ.)
Ортағасыр философиясы (Ү ғ.– ХҮ ғ.)
Қайта Өрлеу дәуірі философиясы (ХҮ ғ.– ХҮІ ғ.)
Жаңа Заман философиясы (ХҮІІ – ХІХ ғ.ғ.)
Қазіргі Заман философиясы (ХХ-ХХI ғ.ғ.
Сұрақ 1. Неге адамдар философиямен шұғылданады? Философияда бұл сұраққа екі жауап бар.
Сократтың жауабы (б.д.д. 5ғ. еж.грек философы) Өлімді түсіну адамды философияға алып келді, “Егер өлім бар болса өмірдің мәні неде?” осы сұраққа жауап табуға итермеледі. Философия адамның өзінің болмысының мәнін түсінуге, ақиқаттың бар екеніне сенімін тудырады.
Аристотель жауабы (б.д.д. 4ғ. еж. грек философы).“Метафизика” еңбегінде Аристотель былай деп жазады: “Барлық адамдар табиғатынан білімге ұмтылады” сондықтан да ол о бастан қоршаған әлемді тануға және осы әлемдегі өзінің орнын табуға ұмтылады.