Дәрістің тақырыбы: “Философия мәдениет феномені ретінде”



бет5/8
Дата23.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#59255
1   2   3   4   5   6   7   8
Софистика
Герменевтика

Философияның әдістері: Диалектика-заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып қарастыратын зерттеу әдісі. Метафизика-диалектикаға қарама-қарсы әдіс. Обьектілерді жеке, статикалық сипатта, қайшылықтарды ескермей, біржақты қарастырады.

Философияның әдістері: Догматизм-қоршаған дүниені догматтар шеңберінде, абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын ойлау әдісі. Бұл әдіс ортағасырлы теологиялық философияға тән. Эклектика-шығармашылық бастауы жоқ әртүрлі пікірлерді бір арнаға тоғыстыру әдісі. Бұл әдіс бұқаралық санаға ықпал ету мақсатында пайдаланылады.

Философияның әдістері: Софистика-ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған , логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жағынан жалған ойқорытынды жасау әдісі. Софистика ежелгі Грекияда кең тарады. Герменевтика-мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Герменевтика Батыстық философияда кең таралған.


Философияның негізгі сұрағының онтологиялық
жағы:
“Материя алғашқы ма, сана алғашқы ма?”
Материализм
Идеализм
Дуализм
Тұрпайы
материализм
Объективті
идеализм
Субъективті
идеализм

Материализм (Демокрит бағыты)- материя мен сана қатынасында “материя алғашқы” деп санайтын философиялық бағыт. Ғылымға, нақты және жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді. Өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, француз ағартушылары, Герцен, Маркс, Энгельс Ленин.

“Тұрпайы материализм” материализмнің рөлін абсолюттендіріп, материализмді физика, математика, химия тұрғысынан зерттеп оның механикалық жағына баса назар аударып, сананың мән ретіндегі рөлін және материяға ықпал ету мүмкіндіктерін елеусіз қалдырады. өкілдері Фохт, Молешотт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет