Микроорганизмдерішінде ерекше орынды вирустар алады(латын тілінен аударғанда virus - у), жасушадан тыс өмір сүре алмайды. ДНҚ және РНҚ-лы түрлері бар.
Микроорганизмдер ішінде ерекше орынды вирустар алады(латын тілінен аударғанда virus - у), жасушадан тыс өмір сүре алмайды. ДНҚ және РНҚ-лы түрлері бар.
Приондарқұрылысы оған қарағанда қарапайым – генетикалық материалы яғни нуклеин қышқылы жоқ “инфекциялық” ақуызды бөлшектерден тұрады.
Вирустар мен приондар облигатты жасушаішілік паразиттер болып табылады.
Прокариоттар әдетте жасушадан тыс көбейеді, бірақ та факультативті жасушаішілік паразиттер де бола алады; тек кейбір бактериялар (риккетсиялар, хламидиялар) облигатты жасушаішілік паразиттер болады.
Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды.
Сапрофиттер (грек тілінен аударғанда sapros- шірік және phyton - өсімдік) яғни өлі организмнің органикалық заттарымен қоректенеді.
Сонымен қатар адамда әртүрлі ауруларды ж/е патологиялық процесстерді тудыратын микроорганизмдер де кездеседі. Бұл микроорганизмдерді патогенді (грекше phatos - ауру) деп атайды. Саны өте көп 3000-нан астам түрлері бар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар), соның ішінде 1000-нан астамы вирустар.
Организмнің қарсы тұру қабілеті төмендегенде н/се сәйкес қолайлы жағдай туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады. Мұндай микроорганизмдер шартты-патогенді деп аталады.