Дәрістің тақырыбы: микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз



бет1/11
Дата27.09.2023
өлшемі224,5 Kb.
#110915
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дисбактериоз қазақша

Дәрістің тақырыбы: МИКРООРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ. АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ МИКРОФЛОРАСЫ. ДИСБАКТЕРИОЗ.

  • м.ғ.к., доцент Ахметова С.Б.

Дәрістің жоспары:

  • Кіріспе
  • Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы.
  • Топырақтың микрофлорасы
  • Су микрофлорасы
  • Ауаның микрофлорасы
  • Адам ағзасының микрофлорасы.
  • Дисбактериоз.

Биосфера – Жер шарындағы тірі организмдердің тіршілік ететін кеңістігі.

  • Биотоп – биосферадағы микроорганизмдердің тіршілік ету аймағы.

Популяция – белгілі бір биотоптағы бір түрге жататын даралар жиынтығы. Микробиоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтін әр түрлі микроорганизм популяцияларының жиынтығы.

Микроорганизмдер мен макроорганизмдер арасындағы өзара байланысу түрлері:

  • Симбиоз (адам мен оның қалыпты микрофлорасы). Мұндай тіршілік түрі екі популяцияға да тиімді. Ең соңғы формасы – мутуализм;
  • Метабиоз. Бұл кезде бір популяция екінші популяцияның түрін қоректік заттармен қамтамасыз етеді (аммонификсациялаушы, нитрификациялаушы бактериялар).
  • Нейтрализм – бұл индифференттік қатынастар.

4. Комменсализм. Микроорганизмдер макроорганизмдерге кедергі келтірмей, өздерінің тіршілік етуін жалғастыра береді (мыс: тері микрофлорасы); 5. Антагонизм (бәсекелестік). Бір түрге жататын даралар екінші түр дараларына қысым көрсетеді (барлық патогенді бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар). 6. Паразитизм – микроб паразит макроорганизмді өзінің қоректену көзі, мекендеу орны ретінде қолданады, оған зиян келтіреді.

Микроорганизмдердің мекен ету орталары

І. Топырақ микроорганизмдері

  • Бұл бактериялар өсімдік және жануарлармен бірлесіп күрделі әрі алуантүрлі биогеоценоздарды құрайды.
  • Қызметі:
  • биомассаның синтезі;
  • энергия аккумуляциясы;
  • шіріту (аммонификация);
  • нитрификация, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет