Дәрістің тақырыбы: Ою-өрнекті оқыту теориясы мен технологиясы. Дәріс мақсаты



бет2/2
Дата21.09.2022
өлшемі0,5 Mb.
#39725
1   2
Байланысты:
1805302783150 14-15 апта

- магиялық тұрғыдан (Попов Л.К).
- еңбек нәтижесі (Окладников О.П.).
- еңбек пен іс-тәжірибе нәтижесі (Недошивин Г.).
- бұйымға стильдік калыпта түскен алүан түрлі әшекей. (Мұқанов М.).
- халықтық және интернационалдық ою-өрнектер. (Касиманов С).
- ертеден наным сенімді білдіреді. (Марғұлан Ә. X.).
- геометриялық бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен кайталанып
отыратын, әрі үйлесімділікте құрылған өрнек, нақыштар. /қазақ совет энциклопедиясы/.

  • казақ ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі. (Ералин К.).

  • қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың киығын, сондай-ақ, барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал орнек дегеніміз - әр турлі ою, бедер, күйдіріп, жалатып, батырып, қалыптан істелген көркем түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» деп қосарланып айтыла береді. (Касиманов С.).

  • «адамның табиғатты талғам тазалығында қабылдап, өзін қоршаған ортамен тығыз қарым - қатынаста, еңбек іс-әрекетінің жемісі ретінде өзінің қажетін өнер арқылы ашқандығын айта келіп, ою-өрнек семантикасының пайда болуына діннің ешқандай да қатысы жоқ» деген (Мұқанов М.).

  • казіргі ғылыми әдебиеттерде "физикаморфтық" және "биоморфтық'' - деп екіге бөліп қарастырады. Барлық анықтамалар өз бетімен дербес идея бола отырып, ою-өрнекгің мән-мағынасын бірнеше жақты өздік ерекшеліктері бар, демек біздіңше, ойдың дамуына әсер ететін күш және әр халықтың әлеуметтік жағдайының көрінісін де, сонымен қатар, жеке тұлғаны адамгершілікке және шығармашылықта дамытатын ой кұрамы ою-өрнек арқылы жеткізе білуі деп қарауға да болады. Осыған орай, біздіңше «ою- ойғанның ойы дамиды» деген тұжырымға келеміз. Қолөнер шеберлігі мен ісмерлердің қажеттілігінен туындайтын (туындының үйлесімдіктегі сымбаттылығы, сұлулығы, тұтастығы т.б.) шығармашылығы.

Адамдар табиғатты эстетикалық қабылдап және рационалды түрғыдан жасап, көркем заттар мен бұйымдар өмірге әкелген. Ою-өрнектер осы көрке заттарда, бұйымдарда т. б. композициялық үйлесімдікте орнын тапқан. Олар нүкте, сызықтар, дақ, т. б. арқылы өзінің ойын алғашқыда символдық мәндегі белгілерді (шеңбер, ирек, т.б.) топтап белгілі жуйеге келтіріп, табиғи заңдылыққа бағындыра (симметрия, ырғақ, гармония т.б.) түрлендірген. Мысалы жоғарыда айтылған философтар белгілермен ойын тұжырымдаған ата-бабаларымыз белгілермен руларды таныған т.б. Ою-өрнек қиялды шығармашылықта ойлауды дамыта отырып, коғамда тұтастық мәнділікті түйсіну болып табылады. Демек, біздіңше «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ, қол өнер туындысының көркі - ою өрнек» дейміз .
Әлі де болса мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде ою-өрнектің өздік дәстүрі әсерлі күші ұмытылып пайдаланылмай келеді. Сондықтан да, сәндік-қолданбалы өнерін пайдалануда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда қол өнер туындылыры мен ою-өрнек туралы анықтамасынан бастап тарихынан толық мәліметтер береміз. Болашақ мұғалімдер іс-тәжірибесінде өздігінше кең ауқымда қолданулары үшін, ою-өрнек тарихына тоқталамыз.
Қазақтардың ою-өрнегі персиялықтар ою-өрнегі тәрізді тегіс етіп салынып, боялады. Қазақ ою-өрнегі мүлде ерте заманнан келе жатқан өнер. Қазіргі кезде оны былайша классификациялауға болады: жануарлар кескінді ою-өрнек, аспан әлемінің денелеріне қатысты ою-өрнек, өсімдіктерден құрастырылған ою-өрнек, геометриялық ою-өрнек, жәндіктер іспетті ою-өрнек, кұстар пішінді ою-өрнек, көркем өнер каллиграфиясы, техникалы- полиграфиялық каллиграфия, компьютерлік каллиграфиялар, кағаз пластика, тірі мозаика, қиял-ғажайып ою-өрнектері. Сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою өрнек өнерінің белгілі бір заңдылықта, тәртіпте т.б. көрнек жанрында кеңінен қолданылып келгені бізге ғылыми еңбектерден мәлім. Ою-өрнектерді классификациялауда жануарлар кескінді оюдың бірінші аталуы, қазақ халкының төрт түлік малдың ішінен койды ең төзімді, қай жағынан болсын; кисе киімі, жесе тағамы болғандықтан болуы керек.
Ертеден казақтар бар байлығын жануарлар кескінді ою-өрнекте көрсете білген. Ал бау-бакшамен айналысқан орыс халықтары өздерінің ою-өрнектерінің негізін еңбегінің нәтижесі ретінде, бақша өсімдіктерін стилизациялап, байлығын көрсеткен. Өзбек халқы мақта, гранат гүлдерін негізге ала отырып, өз байлығын, мәдениетін т.б, ою-өрнекте көрсете білген.
Барлық ою-өрнектердің өзара классификациялауда атаулары бір болғанымен, әр халыктың таңдауымен, оның ерекшелігімен салт-дәстүрімен санаспауға болмайды.
Жоғарыда аталып кеткен ою-өрнектер тұрмыстық заттар мен бүйымдарды әшекейлеп-сәндеуде; кілем-кілше, киіздер, текеметтер, түс киіздер, сырмақтар, кілемдер, алашалар, баулар, басқұрлар т.б., қолданылады. Мысалы, ағаш ою жанрында сандықтар, асадалдар, ер - тұрмандар, т.б. Киім-кешек жанрында сәукеле, тақиялар, қалпақтар, көйлектер, камзолдар, шапандар, кимешектер т.б.
Кестелеу жанрында бас киімдер, жең, жаға, камзол т.б. пайдаланылған. Бейнелеу өнерінің түрі сәулет ғимараттарын әсемдеуде; мазарларды; (Қозы-Көрпеш, Баян-сүлу; Бабаджа-қатын; Айша-бибі т.б.), мешіттерді; (Арыстан-баб, Қожахмет-Яссауи т.б.); үй құрылыстарын; (Баба-ата, Тараз, Сықанақ т.б.) құлпы тастарды; (Қарағаш, Қамысбай, Қойтас т.б.) моншаларды; (Отырар, Тараз т.б.)дәлел бола алады.
Демек ою-өрнекті тудырушы көшпелі өмір салты мен сол көшпелілердің дүниетанымының ұлттық сәндік-қолданбалы өнері түрлеріндегі тіршілік пен көрнек жанрларындағы; тұрмыстық заттар мен бұйымдар. Сәулет өнерінде адам ойын бейнелі түрде жеткізуде, наным- сенімді білдіруде төрт түлік малды-жанды қастерлеудегі көріністері. Кей жағдайда төрт дөңгелекке бөлінетін сегіз қырлы безекті бұйымдар болған. Оның әр бір дөңгелегінде қандай да болса бір хайуанаттың суреті болуы қажет. Мұндай сурет қолда болса, адам сол хайуанатқа қожа болады дегенге сенген. Геометриялық ою-өрнектер немесе төрт бұрышты болып келеді. Оның түсі үш түрлі, төрт түрлі және одан да көп болып отырады. "Өсімдікті өрнектер Иран өнерінің әсерімен туған орнектер" делінген. Ою-өрнек шығармашылығы еңбек іс-әрекеті процесінде, адамзаттың өзін қоршаған тығыз қарым-қатынаста пайда болған. Мысалы: қазақтарда күміс және қоладан жасаған бойтұмары, ондағы шеңбер бейнесі күн, ай, аспан белгісін білдіріп, оған табынған. Осылайша өрнектелген бойтұмарлар құдірет күші ретінде, бақыт пен нышандылық, діни көз-қарастың белгісін берген. Ертеден аспан әлемі болып келген шеңбер белгісіне, мал бағушы халықтар табынған. Сонымен қатар шеңбер белгісі бар затгар ертеден бойтұмар ретінде қолданылып, адамның қорғаушысы деп сенген. Бүл өрнектер қыштағы заттарда, сәулет өнерінде, сонымен қоса ағаштан, теріден т. б. заттарда кеңінен қолданылғанын көруге болады. Қазақ ауыз әдебиетінде: сақталып келген өлең-жырларда, археологиялық казыналарда, ескі кітаптардың мұқабаларында, тарауларында және бөлім аралықтарында, кездесетін өрнектер мен суреттер, жұлдызшалар мен айшықтар, батырлардың қару-жарақтарында кездесетін кейбір жеке белгілер, таңбалар, әшекей әріптер де халыктың тарихи этнографиялық мұраларының мұндай ою-өрнектердің ішінде, олардың экспозиция құрамында әр түрлі ендер мен таңбалардың, ру тайпалардың элементтері жиі ұшырайды. Аспан әлемін тұспалдау өрнегі: күн көзі, күн сәулесі, шыққан күн, ай-гүл, айшык-гүл, ағаш ою жанрларында кездеседі. Ай-гүл өрнегі ертеден үшбұрышты пирамидалармен жарасымын тауып, әйелдер алқымшасы болған. Жүлдыздарға байланысты ою-өрнектер: жұлдыз-гүл, жұлдыз өрнек, топ жұлдыз сырт киімдерде кестеленген. Жұлдыз өрнегі кілемдердің тура ортасында сегіз қырлы шеңбермен келістіріліп тоқылған. Ирек, көлбеу сызықтар - судың, өзеннін, ағыстың белгісі. Бұл белгілер өрнектерді қоршауда, арақашықтықтарды айырып көрсетуде қолданылған. Геометриялық ою-өрнектер сәулет өнерінде, кілемдерде, ағаш оюда, тас қашауда, теріні бедерлеуде көрінісін тапқан.
Қазақтарда ойдан шығарылған геометриялық өрнектері: аралық гүл пішінді, үшбұрыштардан құралған, кілем орталықтары мен жиектерінде - қос тұмарша, оның келесі түрі сызықты тұмарша, балдақ гүл басқұрларда қайталана отырып қолданылатын ою-өрнектер. Тақта өрнек-ағаш оюда, тері және кілемдерде кеңінен қолданылған. Тұрмыстық заттарда қолданылған ою- өрнектің өздік ерекшелігі; "қазақтарда текеметтің, сырмақтың көлемін ешқашан метрлеп өлшемеген. Оны ойылған оюдың санымен, яғни шаршысымен өлшеген. Ал бір шаршыда шамамен 100x100 сантиметр. Сондықтан текемет, сырмақтың ең кішісі бір шаршы болса, ең үлкені төрт-бес шаршыға дейін баратын болған. Кейде қос шаршы да пайдалынады." Тағы бір ерекшелігі тұрмыстық заттарда қолданылған ою-өрнектің схемалық тұрғыда бейнеленуі. Олар сандық гүл, квадраттағы композициялық ортаны әшекейлеуде, қобыз гүл-заттарды инкрустациялық ортаны әшекейлеуде қолданылған. Шәугім гүл шеңбер пішіндес өрнек түскиіздерде, кестелеуде, теріде кездеседі. Сондай-ақ, қазақ халқының "қажары", "қорасан", "балдақ" т.б. тәрізді атаулар пайда болды. Мысалы, қазақтың металл өңдеу өнері әр түрлі сәндік заттармен кеңінен танылды. Соның бірі қолға салу үшін алтыннан немесе күмістен соғып жасайтын көзі жоқ сақина. Сол сияқты шымылдықтың да балдағы болады. Міне осыларды бейнелейтін ою-өрнек те "балдақ" деп аталады. "Алтын балдақ - қол сәні, әшекей кесте тон сәні" деген мақалда кездесетін "балдақ" сәндік-қолданбалы өнерінде басқұрдың жиектерін, алашаны әшекейлеуде қолданылады.
"Қажары" оюы кейбір еңбектерде "кежім" теру немесе "бұқар" теру деп аталады. Мұндай өрнектер туысқан түркімен "қаджари", өзбек халқының "қажари" қол өнерінде кездеседі. Мысалы. Д.А.Фахретдинова өзбек халқының ою-өрнек өнері жөнінде "геометриялық өрнектерінің әсемділігі мен айқындылығы "қажари", "терме" төсеніштерінен айқын байқалады" дейді. Ертеден қазақтардың Самарканд, Бұқара, Хива, Ферғана т.б. далаларына керуенмен барып, өздерінің малдарын олардың жібектен, мактадан жасалған заттары мен бүйымдарына алмастырғанын еске түсірсек, онда бұл олардың сауда-саттық қарым-қатнастан келгені анық. Басқа халықтардың өрнектерімен байланысты ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, олар формасы, композициялык құрылымы жағынан, жасалу жолдары жағынан колданылуы, атауының да ұксас болып келуі.
Мысалы, "тұмар ою", ертеден киелі оюлардын бірі. Бұл ою қарақалпақ, өзбек, туркімен, тәжік ою-өрнектерінде де кездеседі. Қазақ тілінде "тұмар" қарақалпақ тіліңде "тұмар" тәжік, түркімен, өзбек тілдерінде "тумор" деп аталады.
Н.А.Белинская, А.С.Морозова, М.С.Муканов және т.б. зерттеушілер "тұмар" ою магиялық ұғымда әр түрлі бұйымдарға салынып, осы күнге дейін сақталып келгенін айтады. Көне түркі тілінде "тумар иер" деген сөз бар. Онысы "туған жер" дегені. "Тұмар" сол "тума иер" сөздерінің қосылуынан шыққан. Бұрын тұмар ішіне туған жер немесе батырлардың бейітінің топырағын, тас қиыршықтарын салған. Онысы «жер-ана» желеп жебейді немесе батырдың әруағы жебейді деген сенімнен шыққан. Ою-өрнектердің өзгешелігіне тоқталатын болсақ, көркем зат және бұйымдардағы, туындылардағы композицнялық ерекшелігінде. Қазақ ою-өрнегінің үздіксіз шексіздікке ұластырылып орналастырылуында. Тағы бір өзгешелігі кейбір құрылысы (түрі) бірдей ою-өрнектердің бүйымдарда қолданылуы мен атауының басқаша болып келуі. Мысалы, қазақ халқының басқұрларында кездесетін "алты жіп", "мүйіз" оюы тәжік халықтарының тілінде "балдақ" деп аталып, тақияда өрнектеледі. "Төрт мұйіз" түркімен, тәжік тілінде (скорпиончик) мағынасында қолданылады. "Аштрахан теру" оюның ортасындағы өрнекті тәжік тілінде "точдар сар" деп атайды. "Ақ отау" оюын қарақалпак өнерінде "қар үй" деп атайды Бұл жөнінде Ө.Жәнібеков былай дейді: кейбір қазақ оюлары көршілес халықтар ою-өрнектерімен өте ұксас келеді, тек олардың өзгеше, мысалы "қыңыр мүйіз" оюы ферғаналық қырғыздарда "туямойын", "ирек", "тайтұйяқ", "омыртқа", өзбектерде "юлдыз", "төрт құлақ", "мүйіз нұсқа" деп аталады.
Жалпы алғанда мұндай ұқсастықтар ертеден қазақ халқының көрші елдермен рухани алмастығының, достық қарым-қатынасының, мәдени сабақтастығының болғандығын дәлелдейді.
Сәндік-қолданбалы өнерінің көрнек жанрларын әшекейлеуде техникалық тәсілдерінің ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, киіз басуда, түр салуда, ойыстыру т.б., ағаш оюда – тәйпақ ою, терең ою, теспе ою; сырмақ сыруда - қию, бастырмалату, сыру; кілем тоқуда - шалу, ілу, тегістеу т.б., зергерлікте-сіркелеу, зерлеу, бедерлеу т.б.
Сәндік-қолданбалы оөері туындыларында қолданылған ою-өрнек классификациялары туралы ғалымдардың пікіріне тоқталатын болсақ, зооморфтық, өсімдіктер тектес, геометриялык, космогониялық ою-өрнектер, (Ә.Марғүлан, Ө.Жәнібеков, Қ.Мұқанов т.б.,) геометриялық, зооморфтық (фантастикалық және үй жануарларының бейнелері), өсімдіктер тектес (элементтердің саны көп, құрылымы күрделірек ою-өрнектер), магиялық (талисмандар, аспан белгілері т.б.), (ою -өрнектер.). (Т.К.Басенов.).
- зооморфтық, өсімдіктер тектес, геометриялық заттар және күңделікті өмірдегі заттардың, аспан әлемі мен табиғат құбылыстарының қабылдауына қарай Т.Левченко, Ә.Марғұланның топтау классификациясының негізіне суйене отырып, ондағы ою-ернек турлерінің төрт тобын мектепке дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып космогониялық, геометриялық, зооморфтық, өсімдік тектес ою-өрнектер деп топтаған. Бұл классификацияның мүмкіндігі мектепке дейінгі балаларды қазақ ою-өрнегімен жеңіл жолдарымен таныстыруды, соның негізінде олардың өзін қоршаған зат, табиғи құбылыстарға байланысты әсерін қамтамасыз етеді.
Аталу мағынасына қарай С.Касиманов қазақ халқының ою-өрнегін сегіз топқа бөліп қарастырса, М.Өмірбекова да сегіз топка бөліп қарастырады. Айырмашылығына тоқталатын болсақ, ол лексика-семантикалық түрғыда қарастырады. Егер "лексика - белгілі бір салаға қатысты тілдің сөздік құрамын білдірсе, ою-өрнек лексикасы, ою-өрнектің сөздік құрамы болып шығады. Ал, сөздік құрамының белгілі бір сөздерден, атаулардан құралатыны тіл білімінен "семантика" терминінен білеміз. Оған тоқталатын болсақ, семантика - мағына. Олай болса, ою-өрнектің лексика-семантикалық топтары, ою-өрнек атауларының мағынасына қарай топтастырылады. «Семантнка - семиотика тарауы.(гректерше - белгі мен хабарлардың ең қарапайым жүйесінен тіддерге және ғылымның формаландырылған тілдеріне дейінгі белгілік жүйелерді салыстырып зерттеумен айналысқан пән-мәнді білдіру). Белгілік жүйелерді мәнді білдіретін құрал есебінде зерттеу семантнкасы».
Оюдың мәндік белгісі өрнек семантикасы - ол қолданбалы ертедегі дәстүр куәсі, жартылай ұмытылып қалған аңыздардың жеке дара бейнелері мен халық сенімінің қызықты түрі болып табылады.
Ұ.Әбдіқапбарова қазақтың ұлттық ою-өрнегі өнерінің педагогикалық классификациясын жасады. Оны екі топқа бөлді. Бірінші топқа бейнесінің ұқсастығына байланысты яғни, өнердегі атаулары өмірдегі бейнелеріне сай келетін ою-өрнектерді жатқызады. Мысалы, қошқар мүйіз, тұмар, гүл т. б. [Бұл топтың өзін іштей, төмендегідей жіктелеуі:
Жан-жануар, аң, қүс тектес

  1. Аспан әлеміне байланысты.

  2. Өсімдік, жер, су бейнелі.

  3. Тұрмыстық заттарға қатысты.

  4. Аралас ою-өрнектер үнемі қозғалыста, даму үстінде болуы себепті кейбір өрнек элементтері бір-бірімен қосыльш кетіп, өзгеше бір өрнек жасайды.

Әрине мұндай өрнектерді бірінші топқа жатқызуы, оның қағидасына
бағынуды қажет етеді.
Екінші топқа өнерде бейнеленген зат, құбылыс түрі табиғи атына сәйкес емес, әр түрлі себептерге байланысты аталған ою-өрнектерді жатқызады. Мысалы, терме, шалма, бұқар теру, сыңар ою, бастырма т.б. Бұл топтың өзінде іштей, жасалу ерекшелігіне, іс-тәсіліне қатысты; территория, ұлт, ру, атымен байланысты; ру, ен, таңбаларына қатысты, затқа, бұйымға орналасуына байланысты; салыну жағдайына қатысты ою-өрнектер.
Ұ.Әбдіқапбарованың айтуынша ою-өрнектерді осылайша топтауы біріншіден ою-өрнектерді (1-топ) бала ес білгеннен бастап салыстырмалы тұрғыда тез қабылдайды. Олардың атауларының мәнін, мазмунын терең меңгереді, ертедегі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, дуииетанымымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғүрпымен, табиғатымен танысады. Халықтың тапқырлығына, даналылығына, білімдарлығына, эстетикалық талғамының тазалығының жоғары екендігіне көздерін жеткізеді. Нәтижесінде дуние; өмір, қоғам, төл мәдениеті жөніндегі түсініктер үлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық түсініктері, адамгершіліктік қасиеттері, енбекке деген қатынасы артады, түған жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады делінген.






Сурет 4 Ою-өрнектің түрлері


Компьютер арқылы әрбір оқушы дүниетанымы мен ой - өрісіне қарай жүзге тарта жаңа оюдың түрін ойлап табуға болады. Сол жаңадан пайда болған ою симметриялық және ырғақ заңдылықтарын сақтаса жасалған үлгі әдемі көрінеді. Оқушыларға ою - өрнекті қиюды, оюды, сызуды бірінші сыныптан сурет, еңбек сабақтарынан үйрету керек. Бастапқыда оқушыларға қайшыны ұстай білу, түрлі – түсті қағаздарды қию, қиылып алынғанды желімдеу, қағаздан жасалған бұйымдарды әсемдеп бояу секілді тапсырмаларды орындап жаттығу.
Оқушыларға түр мен түс арқылы көркемдік тәсілдер туралы жалпы түсінік берумен қатар табиғи формаларды өрнекке қолдану. Мысалы, алма, шие, алхор, помидор, қияр жапырақтарынан жолақ ішінде ою - өрнектер жасауға болады. өсімдік тектес өрнектер жөнінде әңгімелеуден кейін, олардың қию жолдары, жай ою - өрнектер үлгісін жасау үйретіледі. Оқушылар ою - өрнек жасауда шеберліктерін одан әрі дамытып, жетілдіру үшін олар өз бетінше ою үлгілерін құрастырады.
Оқушыларға түрлі жемістердің жапырақтары мен суретін қоса салдырып, ою - өрнектер қидырып, ұнамды бояулармен бояп көрсетіледі.
Жолақ ішінде шаршылардан ою - өрнек элементтері салынып, сол сияқты шаршы ішіне ою - өрнек салу үйретіледі. Оқушылар жаттығулардан соң қазақтың ою - өрнек элементтерімен танысып, оларды қиып, жаңа ою - өрнектерді құрастырулары тиіс.






Сурет 5 Ою-өрнектер


Қазақ халқының ою-өрнек түрлері өте көп. Атап айтар болсақ, жануарлар өрнегі, өсімдік өрнегі, геометриялық өрнек, ғарыштық өрнек болып негізгі төрт бөлімге бөлінеді. Міне осы ою-өрнектерді айшықтап, сызып,жаттығып отырса, қол икемге келіп, сурет салғанда кездесетін көптеген бейнелеу сызықтарын тез меңгеруге болады. Сурет өнеріне талпыныс жасаған оқушының қол икемі келмей, қиналатыны осыдан, сызықтарды көп сызып жаттықпағандықтан болады. Ою-өрнекті көп сызып, жаттыққан бала сурет салуды да жақсы меңгереді, кез келген жан-жануардың, адамның бейнелерін, олардың қозғалыстағы қалпын қағаз бетіне оңай түсіре алады.
Ою-өрнекті салудың сырларын түсіндіріп болғаннан кейін, өрнек элементтерінің кейбір түрлерін тақтаға сызып көрсету қажет. Сол сияқты тақтаға тағы басқа да өрнектерді, жеміс-жидектер өрнегін түрлендіріп, жаңа тәсілдермен орындап көрсетіп отыру қажет. Қайталанып отыратын өрнек элементтерінің ара қашықтықтарының бірдей болуына көңіл бөліп отырады. Оқушылар қылқаламмен бірден өрнек элементтерін орындауға кіріседі.
Бірінші жаттығу: Қылқаламды бояуға батырып алып, түрлі-түсті бояумен «ирек» өрнегін сызып шығу. Алғашқыда қарындашпен жіңішке сызық арқылы жолақша сызып алу қажет. Қылқаламды бояу жеткенше қағаз бетінен алмай, жеңіл асықпай сызып шығу.
Екінші жаттығу: «Ирек» өрнегін геометриялық өрнекке айналдырып сызу. Жіңішке сызықтар арқылы жолақшаны дайындап алып, «ирек» өрнегін түзу сызықтармен қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп отырып орындау қажет.
Бейнелеу өнері сабағында қылқаламмен дұрыс жұмыс істей алуға үйретудің маңызы зор. Сол сияқты қажетті құралдарды үнемі қадағалап, үнемі тексеріп, әр құралды жекелей пайдалана білуге үйрету мұғалімнің міндеті.
Ең алдымен оқушыға бейнелеу өнері сабағына қажетті құралды түгендеп, реттеп алу қажет;
1) сурет дәптері;
2) қарындаштары (түрлі-түсті, графиктік);
3) акварель, гуашь;
4) пастель;
5) борлар;
6) тушь;
7) пластилин;
8) табиғи материалдар;
9) суретке пайдаланылатын құралдар (тиін жүнінен қылқалам, қалам т.б.).
Міне осындай құрал-жабдықтарды балаға дер кезінде дұрыс пайдалана білуге, дер кезінде сабақ үстінде қолдануға жаттықтыру ретінде үнемі пайдаланып отырғызу қажет.
Ою – көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы – сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою-өрнек қолдыжаттықтыруда, суретшінің ойын, қиялын ұштауда таптырмайтын құрал. Ою-өрнек суретшінің қолын, икемін, буынның әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады. Кезінде суретшілер, тіпті әлі күнге дейін өрнек салуға мән бермеді. Олар бірінші орынға долбар салуды мақсат етіп қойды. Өйткені, әсіресе Еуропада ою-өрнек салу онша дамымаған және оған Орта Азия мен Қазақстандағыдай мән бермеген еді. Орта Азия мен Қазақстанда сәулет өнерінде де ең негізгі безендіру құралы осы ою-өрнек болды емес пе. Тіпті, Шығыс елдерінде де солай. Осыдан сурет өнерінде, қолөнерінде ою-өрнекті сонша жоғары қою адамды ойландырмауы мүмкін емес. Ал, ою-өрнек, әсіресе Қазақстанда өркендейді, екінің бірі оюшы, он саусағынан өнері тамған шебер болды. Бұл ою-өрнек адам қиялын,сезімін қозғайтын қасиеті бар екендігінің дәлелі.
Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардікі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жәйіттері алға тарта бастауда.
Қазақтың жеңіл тәсілдегі ою-өрнектерін дәптер бетіне түсіруден бұрын, тақтаға әр балаға салғызып, қолын жаттықтыра отырып үйрету қажет. Содан соң акварельмен не түсті бояу қарындашпен салуды бастау қажет. Әр оқушының суретке деген қызығушылығын, ою-өрнекке деген қызығушылығын арттыру үшін жеке тұлғаны дамыту үшін, үнемі салған, жасаған еңбегін мадақтап отыру міндет.
Халықтың қолөнері мен ою-өрнек шығармашылығын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталған 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. 19 ғасыр басынан бастап – ақ халықтың қолөнері туралы байыптапты зерттеулер мен кітап шығарылды . Мысалы: Австриялық ғалым В. Куррердің «Бояу және бояушылық өнері жайында», Ф.Т.Куглердің «Кеңестік ғалым». С.А. Давыдовтың, С.В:Ивановтың, Ә.Масановтың, Ә.Марғұлан және тағы басқаларцының зерттеу материялдарын айтса да жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулы, шығу тарихы туралы көптеген құралдар деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың мүйізге, жапыраққа, геометриялық түрлердің шыға бастауы, өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістегі түсуіне байланысты, олардың ойлап, қиалдануынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттің мазмұны мен зерттеуді талап етеді.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа бір шебердің ұсталық, іскерлік мәндерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы кейбір облыстардың «мүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен «ырғақ» , «сағат бау» «түйе табан», жүрекше», «қоз табан» деп аталатын әдемі өрнектерде кейбір облыс шеберлердің орындалуында олпы-солпы болып шығып жүр. Ертеде келе жатқан халықтың мұраны тазартуды ойласақ ең алдымен осындай бауырмашылықтан арылтып оны әдемілетіп жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бередамытуымыз керек.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрі негізінен іздестіру ісінде Т.К. Бәсеновтың «орнымент казахстан в архитектура» деген кітабы көптеген құнды материалдырға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қандай ұғымды тауып, қалай дамығандағы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. Автор ою-өрнек элементтрінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы айтатын болсақ: «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «сыңар мүйіз», «қармақ», «ырғақ», «қошқар мүйіз», «күлте», «жапырақ», «гүл», т.б.
Осыларды егжей-тегжей зерттей келіп қазақтың ұлттық ою-өрнек үш ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екендігіне көз жеткізуге әбден болады. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.біріншісі қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюларды интернационалдық ою-өрнектер. Біздіңше бұл топшылауда осыкүнгі жапырақты гүлдер мен геометриялық өрнектер, жазу-сызудың бейнеленген өрнектеу, крестеп тігу әдісі, бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері Октябрь революциясынан кейін халақтар достығының нәтижесінде ғана сіңсіп, қазақтың ою-өрнек өнерін байыта түскендігі белгілі. Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт санасы өсіп, мәдени тұрмыс дәрежесі, дүниеге көз қарасы, ойлау, ұғыну, қабілетті де бұрны - соңды болып көрмеген дәрежеде дамыды. Осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберінің шығамашылық ізденуі мен қабылеті де шыңдалып жетілді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан тіркесек негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар:біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты екінішден, жер-су, көшіп-қону көрністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнектеріндегі бір ерекшелік осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтеріде ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу шектерінің де белгілері орын алғандығы байқалады.
Мысалы: бұрынғы ру таңбалары малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау жәнетағыф басқалары. Оюшы, Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Оюшылықты өз дәуірінде суретшілер өнердей, күрделі өнер деп санады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына маңайындағы елдерге тартып отырады.
Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т.с.с. «Ағын үлгісі», «керей үлгісі», немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Мұндай ою-өрнектердің, үлгілердің негізінде туған әңгіме, ертек аңыздардың әр алуан қызықты ою-өрнектерін қазақ ауылдарының қарт шеберлерінен жиі естиміз. Соған қарағанда кейбір оюлардың шығуында да бір тарихи оқиғаға байланыстылық бар тәрізді. Мысалы: «Найман ер», «Арғын тымақ», «Адай бөрік», «Дулат тымақ», «Қыздай қамзол», «Семейлік бешпент» деген атаулар сол елдің үлгісімен істелегн заттарды, тігідген киімдерді білдіреді. Тіпті сол үлгілердің өздерін де, өрнек мәндерін де, кейде осылай аймаққа, руға бөліп атай береді. Мәселен, «Жетісу үлгілері», «Жетісу мәнері», «Алтай үлгісі», «Алтай мәнері» дәу осыдан шықса керек. Шеберлер халықтың ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, жарғақ теріге, не матға түсіріп ойып алтын.
Оюдың қиындысын «үлгі»дейді. Үлгі қию мен көп айналысқан және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілерінөз бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырады. Қай кезде болса да ер өнері ортақ еліне ортақ қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап ұнамы мен әдемілік жағынан көздің жаун алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп.
Қолда бар бұрын – соңды жазылған деректер мен ел арасындағы қол өнер шеберлерінің айтуынша қазақ ою-өрнектернің өте жиі қолданылатын 200-ден астам түрі бар. Қазақтың қолөнерінде өрімшіліктің неше түрлі әдемі өрнектері бар. Біздің бұл көрсетіп отырғанымыз тек әзірше ізі табылған, әдебиет беттерінде жұртшылыққа таныс болған, екі үйдің бірінен кездесетін өрнектер ғана. Оның әлде болса бізге кездеспеген, не көңілден қақас қалған түрлері және әр жерде әр түрлі айтылатын атаулары өте көп екендігі байқалады. Бұл пікірді зерттеуші этногрофтар да ертеден-ақ айтып келеді.
Белгілі бір сурет пен сызықтардың белгілі бір тәртіппен орналасуына ою-өрнек дейді. Ол латынның oramentum-әшекей деген сөзінен шыққан халық шеберлері ерте кезден-ақ құмыраларды, қобдишаларды, үйде тұратын бұйымдарды, сарайлардың төбесі мен қабырғаларын, орындықтар мен сәкілерді ою-өрнектер мен безендірген.
Ою-өрнек: сызықтардан, геометриялық пішіндерден, жапырақтардың, гүлдің, жеміс-жидектердің, тіпті құстар мен аңдардың да суреттерінің тізімді мүмкін.
Бізде ұлттық ою-өрнек көбіне-көп үй қабырғалары мен ыдыстарды, маталар мен киімдерді көркемдеуге пайдаланады. Ою-өрнек сәнді бұйымдар жасау өнеріне жатады.
Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
А) Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.
Б) Ай, күн, жұлдыздарға-көк әлеміне байланысты өрнектер.
В) Өсімдік тектес ою-өрнек.
Г) Жан-жануарларға байланысты ою-өрнек.
Сондықтан біз қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, жорықшылық заманындағы тұрмысты, айналасындағы табиғатты, аңшылықты, геометриялық түсініктердің сырт тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде дамыған деген болжамға толық қосыламыз.
Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт формасын дәлелдеп, суреттің не ғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағына көбірек назар аударады. Ал ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінң сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлі бол жағына баса назар аударады.
Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Ою-өрнектің түрлері.
2. Стильдеу, симметрия, ырғақ. Өрнектерді жолақта, шеңберде, шаршыда, ұшбұрышта және басқаларда салу ерекшеліктері.
3. Оюларды орындаудың реті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет