Дәрістің тақырыбы


Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - Биосфера тұрақтылығының кепілі



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі25,02 Kb.
#129404
1   2   3   4   5
2. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - Биосфера тұрақтылығының кепілі
Ерекше қорғалатын табиғи территоияларға - қолданыстағы заңнамаға сәйкес, табиғи, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызы бар табиғи объектілер орналасқан жерлер, су беті және ауа кеңістігі аймақтары жатады. Мұндай аумақтар мемлекеттік органдардың шешімімен экономикалық пайдаланудан толығымен немесе ішінара алынып тасталды және олар үшін арнайы қорғау режимі орнатылды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар келесі мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін:
- ғылыми;
- мәдени – ағартушылық;
- оқу;
- туристік және рекреациялық;
- шектеулі шаруашылық.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың негізгі сегіз категориялары бар: қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғи саябақтар, қорықшалар, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық парктер, ботаникалық бау-бақшалар, емдеу-сауықтыру аймақтары мен курорттары, сондай-ақ табиғатты пайдалану дәстүрлі аймақтары.


Қорық- табиғи кешеннің жағдайын сақтауға бағытталған, шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізуге мүлдем тиым салынған, ерекше қорғалатын территориялардың түрі. Мемлекеттік табиғи қорықтар, оларда құрылатын ғылыми орталықтардың, зертханалар мен бөлімдердің күшімен жыл бойы тұрақты бақылау ұйымдастыру арқылы ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Табиғи биосфералық қорықтар ауқымды мониторингті жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған немесе жаңадан ұйымдастырылып жатқан мемлекеттік табиғи қорықтардың базасында құрылуы мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік деңгейде қорғауға алынған 10 қорық бар:

  1. Ақсу-жабағылы қорығы -1926 жылы, ОҚО, Түлкібай және Сайрам аудандарында құрылған;

  2. Наурызым қорығы - 1931 жылы, Қостанай облысы Наурызым ауданы;

  3. Барсакелмес қорығы - 1939 жылы, Қызылорда облысы Барса-келмес аралы;

  4. Алма-Аты қорығы - 1964 жылы, Алматы облысы Талғар ауданы;

  5. Қорғалжын қорығы - 1968 жылы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы;

  6. Үстірт қорығы - 1984 жылы, Маңғыстау облысы, Қарақиян ауданы;

  7. Батыс Алтай қорығы - 1992 жылы, ШҚО Лениногорск ауданы;

  8. Марқакөл қорығы- 1976 жылы, ШҚО Марқакөл ауданы;

  9. Алакөл қорығы- 1998 жылы, Алматы облысы Алакөл ауданы;

  10. Қаратау қорығы- 2004 жылы құрылды, Алматы облысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет