Мемлекеттік қорық өңірі – мемлекеттік табиғи қорықтарға және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге арналып, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтіру үшін резервке алынған жер учаскелеріндегі мемлекеттік табиғи-қорық қоры нысандарын сақтауға арналған, сараланған қорңау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ұлттық саябақ -ерекше қорғалатын табиғи территориялардың толығымен қорық аймағын және шаруашылық іс-әрекеттердің жекелеген түрлеріне арналған үлкен территория. Мемлекеттік табиғи парк- экологиялық, рекреациялық, ғылыми және өзге де жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи –мәдени кешендер мен объектілерді көпсалалы пайдалануға арнаған табиғат қорғау мекемесінің мәртебесі бар және өңірлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалаиын аумақ. Ұлттық саябақтар табиғаты көп бұзылмаған, әсем объектілері бар, қорғауға алынған территория, қорықтан айырмашылығы, мұнда демалушылардың келуіне рұқсат етілген.
Қазақстандағы табиғи ұлттық саябақтар: Алтын-Эмел (1996 ж); Баянауыл (1985 ж); Іле-Алатау (1996ж); Көкшетау (1996ж); Қарқаралы (1998ж); Бурабай (2000ж); Қатон-Қарағай (2001 ж), Көкшетау, Көлсай, Қарқаралы,Сайрам-Угам, және Шарын каньоны (2004 ж).
Табиғат ескерткіштері -ерекше қорғалатын табиғи территориялардың экологиялық, рекреациялық және ғылыми мақсатта құрылған түр. Табиғат қорғау шараларының маңызды саласы- республикалық мәні бар табиғии ескерткіштер. Бүгінгі таңда республикамызда 24 табиғи ескерткіштер бар.
Мемлекеттік табиғи қорықша (заказник)-бір немесе бірнеше жануарлар немесе өсімдіктердің түрлерін, ерекше ландшафтарды немесе жерлерді сақтауға арналған табиғи кешен. Мемлекеттік табиғи заказниктер- табиғи –қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтау мен молықтыруға арналған, шаруашылық қызметі реттелетін режиміндегі ерекше аумақ. Олардың түрлері көп: зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты, палеонтологиялық және т.б. Мысалы, Жамбыл облысындағы «Андаса» зоологиялық қорықшасы, Алматы облысындағы «Қараой» зоологиялық қорықшасы; Шығыс-Қазақстан облысындпағы «Рахмен бұлағы» ботаникалық-геологиялық және Жамбыл облысындағы «Ақсай» қорықшасы.