Дәрістің тақырыбы



бет1/5
Дата03.12.2023
өлшемі40,22 Kb.
#133554
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№11 дәріс ИСО халықаралық стандарты


Дәрістің тақырыбы: Экологиялық менеджмент жүйесі - ISO 9001 және ISO 14000 сериялы халықаралық стандарты


Дәрістің жоспары:

  1. Халықаралық стандарттау жүйесі. ISO 9001 және ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттары.

  2. Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы




Халықаралық стандарттау жүйесі (ISO) деген акрониммен белгілі халықаралық стандарттарды бекіту мекемесі. 1947 жылы 23 ақпанда женевада (Швейцария) негізі қаланды. ISO бүкіл әлемде танылған стандарттарды жасайды және шығарады. Сондай-ақ, бұл ұйым сертификаттау мәселелерін шешеді. ISO электротехника мен электроникадан басқа барлық салаларды стандарттайды. Халықаралық Стандарттау Мекемесі үш тілде ресми түрде бекітілген: ағылшын, фрнацуз және орыс тілі.
ISO сертификаты дегеніміз - сапа менеджментін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелерді құру мен модернизациялаудан көрінетін стандарттардың белгілі бір жиынтығы. Мұндай жүйелер өндірістің немесе қызмет көрсетудің барлық сатыларының дұрыс басқарылуын қамтамасыз етеді. 
Халықаралық сапа жүйесі: ISO стандарттары ISO 9001 жүйесі
Қолына қорапты алып, тұтынушы өзіне әрдайым түсініксіз көптеген қысқартуларды көреді. Сонымен қатар, айналадағылардың бәрі тауарлар мен қызметтердің сапасы, сертификаттар мен кепілдіклер туралы айтады. Қазіргі адам, әсіресе кәсіп иесі немесе менеджер не болып жатқанынан хабардар болуы керек.

Сапа. «Сапа» сөзі әр адамның күнделікті өмірінде айтылатын сөздің біріне айналды. Барлық стандарттар әртүрлі, ауқымды анықтамалар береді. Қарапайым тұтынушының өміріндегі сапа дегеніміз – сатып алған тауардың жағдайы күткен сапаға сәйкестігі. Қызмет, тамақ, киім, тұрмыстық заттар немесе басқа нәрсе болсын, тұтынушы олардан пайда немесе рахат күтеді.


Бұл көзқарас тым субъективті болғандықтан, оған сәйкес келу сапа дәрежесін анықтайтын арнайы критерийлер әзірленеді. Әртүрлі тәуелсіз құрылымдар тауарлар мен қызметтердің сәйкестігін растай отырып, олардың қорытындыларын бере алады. Тұтынушыны ең алдымен тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы қызықтырады, бірақ егер бұл мәселе өндіруші үшін маңызды мәселелердің бірі болмаса, ол ешқашан байсалды және ұзақ мерзімді жетістікке жете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет