Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы.
2012 жылы өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді.
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:
бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.
Қорыта айтатын болсақ, табиғат ресурстарын тиімді және қалдықсыз пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды жоғарғы деңгейге қөтеру үшін мындай шараларды жүзеге асыруымыз қажет:
өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмыс жүргізу тәсілдері мен құрал-жабдықтарды жаңалау, мейлінше жаппай инновация енгізіп жаңа технологияларды қолдану,
жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру және одан әрі дамыту,
қоршаған ортаны қорғауда заңды күшейту, егер инвестор жердің күтіміне дұрыс қарамаса,айыппұлмен шектелмей оны мемлекет кері қайтарып алатын механизм болу тиіс,
қоғам санасына экологиялық терең тәрбие мен білімді қалыптастыру,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.